uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

27. Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

 

 1Мақтанба ертеңгі күніңмен,

Сол күннің не әкелерін білмейсің сен.

 

 2Басқа сені мақтасын, өз аузың емес,

Басқаның сөзі, өз тілің емес.

 

 3Тас салмақты, құм да ауыр,

Ақымақтың жәбірі екеуінен де ауыр.

 

 4Ашу қатал, қаҺар тасқындай басар,

Ал қызғаныштың күшіне кім қарсы тұра алар?

 

 5Сүйіспеншілікті жасырғаннан гөрі

Ашық ескерту жасаған игі.

 

 6Досыңның сөгуі шынайы,

Дұшпаныңның сүюі алдамшы.

 

 7Тойынған балдан да бас тартар,

Ашыққанға ащы ас та балдай болар.

 

 8Ата жұрттан безіп кеткен

Құсқа ұқсас ұясын тастап кеткен.

 

 9Жұпар мен иісмай жүректі қуантар,

Адал кеңесімен дос ұнамды болар.

 

 10Қол үзбе өз досыңнан,

Әкеңнің де досынан.

Басыңа күн туғанда

Ағайынның үйіне барма.

Іргедегі көршің артық

Алыстағы ағайыннан.

 

 11Балам, парасатты бол — мені қуантасың,

Сонда өзімді қорлағандарға жауап бере аламын.

 

 12Зерделі жан қатер көріп бас сауғалар,

Аңғал адам жүре беріп жаза тартар.

 

 13Бөгдеге біреу кепіл болар,

Сонда оның шапанын шешіп алыңдар,

Бөгде әйелдің* қарызына кепілдік болар.

 

 14Азанда көршісіне айқайлап бата сұраған

Туралы ойлайды жұрт «көршісін қарғап жатқан».

 

 15Жаңбырлы күні тоқтаусыз тамшылайды,

Ұрысқақ әйел де тыным тапқызбайды.

 16Оны тыю ұқсайды желді тыйғанға

Я майлы қолмен бір затты ұстағанға.

 

 17Темір темірді қайрайды,

Адам адамды қайрайды.

 

 18Ағашты* күткен жемісін жер,

Қожасын күткен сыйын көрер.

 

 19Адам суға қарап өзінің бет-жүзін көрер,

Жүрегіне қарап өзінің кім екенін білер.

 

 20Ажал мен тозақ тойымсыз,

Адамның көзі де тойымсыз.

 

 21Күмісті қорытып, алтынды көрікте сынар,

Адам баласы мақталғанда сыналар.

 

 22Ақымақты бидайдай келіде түйсе де,

Ақымақтығынан арылта алмас ешкім де.

 

Малшылықтың артықшылығы

 

 23Отарларыңның күйін жақсы бақыла,

Табындарыңа да мұқият қара.

 24Себебі байлық мәңгілік емес,

Билік те* ұрпақтан ұрпаққа берілмес.

 25Шөп шабылып, орнына көк шөп шығар,

Жұрт тау шөбін де жинап алар,

 26Сонда киімің үшін қойыңнан жүн қырқарсың.

Серкелеріңнің бағасына жер сатып аларсың.

 27Өзіңе, отбасыңа ешкі сүті мол болар,

Қызметшілерің үшін де жеткілікті болар.


*13 Яки: Азғын әйелдің.

*18 Яки: Інжір ағашын.

*24 Яки: Інжір ағашын.

 

 

 
 

1 Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету

2 Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы

3 Тәлім алып, Тәңірге мойынсұнудың зор пайдасы

4 Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

5 Неке адалдығына шақыру

6 Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру

7 Даналықтың жүгенсіздіктен сақтауы

8 Даналықтың уәде еткен сый-тартулары

9 Даналықтың "тойға" шақыруы

10. Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

11. Адалдық пен ізгілікті Жаратқан Ие ұнатар

12. Жақсы тәрбие алған бақытты

13.  Данамен жолдас болған дана болар

14. Ақылдылық және аңғалдық

15. Ізгі сөз бен іс берекелі

16. Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

17. Ақылды жан даналықты назарында ұстар

 

18. Адал дос — құн жетпес қазына

19.  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар

20. Адалдық пен даналық

21. Патшаның жүрегі Жаратқан­ның қолында
22. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан

23. Балам, жүрегіңді Маған бағышта

 

24. ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

25.  СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ТАҒЫ БІР НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

26.  Ақымаққа қадір жараспас

27. Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

28. Ел заңнан безсе басшылары көп болар

29.

30. ЖӘКЕ ҰЛЫ АҒҰРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

31. ЛЕМУЕЛ ПАТШАНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ