uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6

РУХАНИ ӨМІР

 

25.  СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ТАҒЫ БІР НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

Төзімділікпен билеушіні сендірер

 

 1Бұлар да Сүлейменнің нақыл сөздері. Оларды жинақтағандар — ЯҺуда елінің патшасы Езекияның қызметкерлері.*

 

 2Істі құпиялау — Құдайдың даңқы,

Оны зерттеп ашу — патшаның даңқы.

 

 3Аспанның заңғар, жердің терең екеніндей,

Патшаның ой-ниетін білмес ешкім түгелдей.

 

 4Күмісті қорытып қоспадан аластатар,

Саф күмістен зергер құнды ыдыс жасар,

 5Дәл солай патшадан сұмдарды аластатыңдар,

Патшаның тағы сонда әділдікпен нығаяр.

 

 6Патша алдында асқақтама,

Ұлықтар орнына тұрып алма,

7Мырзаңның көз алдында ұялғанша,

Саған игі, «жоғары шық» деп шақырса.

 

Көргеніңді сотқа айтуға асықпа,

 8Қарсыласың жеңіп шықса соңында,

Қайтесің өзіңді масқара қылғанда?

 

 9Көршіңмен мәселеңді жеке талқыла,

Басқа адамның бірақ сырын ашпа.

 10Әйтпесе естіп қалған сені балағаттар,

Масқараң өзіңде мәңгілік қалар.

 

 11Орнымен айтылған сөз күміс табаққа

Салынған алтын алмадай тамаша.

 

 12Тыңдар құлаққа дананың әшкересі

Алтын сырға, саф алтын әшекей іспетті.

 

 13Жазғы орақ кезіндегі

Сергіткен қар секілді,

Иесінің жанын сергітеді

Жіберген сенімді елшісі.

 

 14Бермес сый-тартуымен мақтанушы

Құрғақ жел Һәм жаумас бұлтқа ұқсайды.

 

 15Төзімділікпен билеушіні сендірер,

Майда тілмен қарсыласты көндірер.*

 

 16Бал таба қалсаң

Же оны шамаңа қарап,

Артық жеп қойсаң

Жиренерсің құсып тастап.

 17Көршіңе тым жиі барып

Кетірме қадіріңді,

Сенен мезі болып

Жек көріп кетер өзіңді.

 

 18Өзгеге қарсы жалған куә болған —

Сойыл, семсер, үшкір жебедей қауіпті жан.

 

 19Опасызға үміт арту апатты күні,

Бұл — сынған тіс, сал болған аяқ іспетті.

 

 20Салқын күні басқаның шапанын тартып алған,

Яки жарақатқа* сірке су құйған жан

Сияқты — қайғылыға көңілді өлең айтқан.

 

Жауың аш болса, тамақтандыр

 

 21Жауың аш болса тамақтандыр,

Егер шөлдесе шөлін қандыр!

 22Мұныңмен сен басына оның

Қызып тұрған шоқ жиғандай боласың,*

Һәм Тәңір қайтарар саған қарымтасын.

 

 23Солтүстік самал жаңбыр жаудырар,

Жала жапқыш тіл ашулы кейіп туғызар.

 

 24Ұрысқақ әйелмен бір үйде тұрғанша,

Үй төбесіндегі күркеде тұрған артық* оңаша.

 

 25Алыс елден жеткен жақсы хабар

Шөлдегенге берілген салқын кәусарға ұқсар.

 

 26Арамзадан қорқып, көнген әділ жан —

Бүлінген құдық, бұлақтай лайланған.

 

 27Балды тым көп жеу пайдалы емес,

Өз даңқы үшін ұмтылу абырой бермес.

 

 28Өзіне ие бола алмайтын жан

Қорғансыз қаладай, қамалы құлаған.


*1 ЯҺуда елінің (яғни оңтүстік Исраилдің) патшасы Езекияның заманында (б.з.д. 715-686 ж.) леуілік қызметкерлер Дәуіт пен Асаф пайғамбардың жазған рухани жырларын да жинақтап, көшіріп қалдырған болатын (Шежіре. 2-ж.29:30).

*15 Немесе: Майда тілмен сүйекті сындырар.

*20 Немесе: күйдіргіш содаға.

*22 Яғни, осылайша оның тәубеге келуіне жағдай туғыз. Ал егер жау қасарысып бас тартса, оның саған қарсы көрсеткен зұлымдығы одан бетер әшкереленеді.

*24 21:9.

 

 

 

 

1 Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету

2 Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы

3 Тәлім алып, Тәңірге мойынсұнудың зор пайдасы

4 Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

5 Неке адалдығына шақыру

6 Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру

7 Даналықтың жүгенсіздіктен сақтауы

8 Даналықтың уәде еткен сый-тартулары

9 Даналықтың "тойға" шақыруы

10. Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

11. Адалдық пен ізгілікті Жаратқан Ие ұнатар

12. Жақсы тәрбие алған бақытты

13.  Данамен жолдас болған дана болар

14. Ақылдылық және аңғалдық

15. Ізгі сөз бен іс берекелі

16. Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

17. Ақылды жан даналықты назарында ұстар

 

18. Адал дос — құн жетпес қазына

19.  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар

20. Адалдық пен даналық

21. Патшаның жүрегі Жаратқан­ның қолында
22. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан

23. Балам, жүрегіңді Маған бағышта

 

24. ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

25.  СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ТАҒЫ БІР НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

26.  Ақымаққа қадір жараспас

27. Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

28. Ел заңнан безсе басшылары көп болар

29.

30. ЖӘКЕ ҰЛЫ АҒҰРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

31. ЛЕМУЕЛ ПАТШАНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ