uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

19.  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар

 1Жалған тілді наданнан*

Адал жүрген жарлы артық.

 

 2Білімсіз құлшыныс жаман болар,

Тым асыққан жолдан таяр.

 

 3Өз ақымақтығы адамның жолын бұзар,

Содан ол Жаратқанға наразы болар.

 

 4Байлық достарды молайтар,

Кедей бар досынан да айырылар.

 

 5Жалған куә жазасыз қалмас,

Өтірік айтқыш құтыла алмас.

 

 6Мырзаға* жағынуға көп жұрт әуес,

Сыйлық бергенмен барлығы да «дос».

 

 7Кедей жанды бар туысы жек көрер,

Достары солардан бетер одан безер,

Сөйлессем деп талпынғаны болар бекер.

 

 8Парасатқа ие болған өз жанын ұнатар,

Естілікке мән берген игілік табар.

 

 9Жалған куә жазасыз қалмас,

Өтірік айтқыш тірі қалмас.

 

 10Салтанатты өмір наданға жараспас,

Бастықтарды билеу малайға жараспас.

 

 11Даналығы адамға сабыр сыйлар,

Қатені кешіру оған құрмет болар.

 

(Өсиетті сақтаған өмірін сақтар)

 

 12Патшаның ашуы — ақырған арыстандай,

Ал ризалығы — шөптің ғанибет шығындай.

 

 13Ақылсыз бала әкесінің күйреуі болар,

Ұрысқақ әйел аққан тамшыдай* жүйкені жұқартар.

 

 14Үй мен мал-мүлік — мұраң әке-шешеден,

Ақылды әйелің — сыйың Жаратқан Иеден.

 

 15Жалқауды ұйқы басар,

Енжардың қарны ашар.

 

 16Өсиетті сақтаған өмірін сақтар,

Жолына ден қоймаған ажалға ұшырар.

 

17Жарлыны қамқорлаған —

Жаратқанға қарыз бергені,

Игі істерінің есесін

Жаратқан қайтарып береді.

 

 18Балаңды жөнге сал үміт барда,

Өмірінің күйреуіне кінәлы болма.

 

 19Ашушаң жан лайықты жазасын тартсын,

Кешірсең болды, тағы жазалауға мәжбүрсің.

 

 20Ақылды тыңдап, нақылға* бағын,

Алдағы кезде дана боларсың.

 

 21Жүрегінде адам жоспар құрар,

Ал Жаратқанның ұйғарымы жүзеге асар.*

 

 22Адамның ұнамдылығы — берік мейірімі,

Өтірікшіден гөрі жарлы болғаны игі.

 

 23Жаратқанды қастерлеу шын өмірге бастар,

Жанына тыныштық сыйлап, пәледен қорғар.

 

 24Жалқау қолын табаққа салар,

Ал аузына апаруға жалығар.

 

 25Мазақшылды жазаласаң, аңғырт жан да ұғынар,

Естіге тек ескертсең, ол содан сабақ алар.

 

 26Әкесін тонап, шешесін қуған ұл —

Ар-ұждансыз, жексұрын бұл.

 

 27Балам, тәлімді тыңдауды* тоқтатқаның —

Білімді сөзден бас тартқаның.

 

 28Жалған куәгер әділ сотты мазақтар,

Зұлымдар аузымен жамандықты жалмар.

 

 29Мазақшыл адамға үкімі даяр,

Қыңыр ақымаққа жазасы даяр.


*1 Яки: Азғын тілді, бай наданнан (28:6).

*6 Яки: Жомарт билеушіге (17:7; 25:7).

*13 Яки: тамшылайтын құбырдай.

*20 Яки: тәрбиеге.

*21 16:1,9.

*27 Немесе: Тәрбиеге мойынсұнуды.

 

 

 
 

1 Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету

2 Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы

3 Тәлім алып, Тәңірге мойынсұнудың зор пайдасы

4 Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

5 Неке адалдығына шақыру

6 Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру

7 Даналықтың жүгенсіздіктен сақтауы

8 Даналықтың уәде еткен сый-тартулары

9 Даналықтың "тойға" шақыруы

10. Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

11. Адалдық пен ізгілікті Жаратқан Ие ұнатар

12. Жақсы тәрбие алған бақытты

13.  Данамен жолдас болған дана болар

14. Ақылдылық және аңғалдық

15. Ізгі сөз бен іс берекелі

16. Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

17. Ақылды жан даналықты назарында ұстар

 

18. Адал дос — құн жетпес қазына

19.  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар

20. Адалдық пен даналық

21. Патшаның жүрегі Жаратқан­ның қолында
22. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан

23. Балам, жүрегіңді Маған бағышта

 

24. ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

25.  СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ТАҒЫ БІР НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

26.  Ақымаққа қадір жараспас

27. Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

28. Ел заңнан безсе басшылары көп болар

29.

30. ЖӘКЕ ҰЛЫ АҒҰРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

31. ЛЕМУЕЛ ПАТШАНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ