uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

18. Адал дос — құн жетпес қазына

 

1Саяқ жан қара басын ойлар,

Даналық атаулыға қарсы шығар.

 

 2Ақымақ парасатты жек көрер,

Өз ойын білдіруді жақсыкөрер.

 

 3Зұлым өзімен асқақтық әкелер,

Ұятты қылыққа масқара ерер.

 

 4Адамның сөзі — тұңғиық судай,

Даналық көзі — тасқынды бұлақтай.

 

 5Соттау әділді, қолдау арамды —

Әділетсіз соттың қылығы.

 

 6Ақымақтың тілі жанжал туғызар,

Аузымен өзіне жаза тартқызар.

 

 7Өз аузы ақымақты ажалға бастар,

Өз тілі жанына т?зақ құрар.

 

 8Өсекшінің сөзі сондай дәмді,

Ішіңе кіріп, баурайды жан дүниеңді.

 

 9Жұмысына немқұрайды —

Ысырапшылдың* ағайыны.

 

 10Жаратқан Иенің есімі — мықты мұнара,

Бас сауғалар әділге қауіпсіз пана.

 

 11Байдың байлығы алынбас қамалдай,

Өз қиялында заңғар дуалдай.

 

 12Адам құлар алдында асқақ болар,

Абыройы асар алдында кішіпейіл болар.

 

 13Тыңдамай жатып жауап қайтарған —

Ақылсыз, масқара болатын жан.

 

 14Қиналған адамға рухы төзер,

Ал күйреген рухқа кім дем берер?

 

 15Зерделінің санасы білімді иемденер,

Дананың құлағы білімді іздей берер.

 

 16Сыйлық берушінің жолын ашар,

Әкімдер алдына дейін апарар.

 

 17Бірінші боп дауласқандікі жөн көрінер,

Ал қарсыласы келіп, сауал қойып тексерер.

 

 18Жеребе дау-жанжалды басар,

Мықты қарсыластарды ажыратар.

 

 19Ренжіген ағайын — бекітілген қаладай,

Дауласқаның — бекітілген қақпадай.

 

 20Тілінің жемісімен адам қарнын тойдырар,

Сөзінің өнімімен жанын тойындырар.

 

 21Тілде өмір мен өлімнің билігі болар,

Сөзге үйір соның жемісін татар.

 

(Адал дос — құн жетпес қазына)

 22Әйел алған — береке тапқан,

Жаратқан Иенің жарылқауын алған.

 

 23Мұқтаж адам жалына сөйлер,

Бай оған дөрекі жауап берер.

 

 24Бірін-бірі күйреткен доссымақтар бар,

Шынайы дос ағайыннан жақын болар.


*9 Яки: бүлдірушінің.

 

Өсиетті сақтаған өмірін сақтар>>>

 

 
 

1 Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету

2 Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы

3 Тәлім алып, Тәңірге мойынсұнудың зор пайдасы

4 Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

5 Неке адалдығына шақыру

6 Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру

7 Даналықтың жүгенсіздіктен сақтауы

8 Даналықтың уәде еткен сый-тартулары

9 Даналықтың "тойға" шақыруы

10. Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

11. Адалдық пен ізгілікті Жаратқан Ие ұнатар

12. Жақсы тәрбие алған бақытты

13.  Данамен жолдас болған дана болар

14. Ақылдылық және аңғалдық

15. Ізгі сөз бен іс берекелі

16. Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

17. Ақылды жан даналықты назарында ұстар

 

18. Адал дос — құн жетпес қазына

19.  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар

20. Адалдық пен даналық

21. Патшаның жүрегі Жаратқан­ның қолында
22. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан

23. Балам, жүрегіңді Маған бағышта

 

24. ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

25.  СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ТАҒЫ БІР НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

26.  Ақымаққа қадір жараспас

27. Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

28. Ел заңнан безсе басшылары көп болар

29.

30. ЖӘКЕ ҰЛЫ АҒҰРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

31. ЛЕМУЕЛ ПАТШАНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ