uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

1. Жазбаның мақсаты
даналыққа үйрету


1 Бұл жазбада Исраил патшасы,
Дәуіт ұлы Сүлейменнің нақыл сөздері берілген.
2
Нақыл сөздердің мақсаты мынау:
Даналық пен тағылымды білдіріп,
Парасатты сөздерді ұғындыру,

3 Әділдік, дұрыс іс, ақ ниетке бағыттап,
Тәрбиелі, саналы өмірді иеленту,
4 Ақылы толмағанға ақыл беріп,
Жастарға білім, саналылық сыйлау.

5 Саналы тыңдап, ақыл-кеңес табады,
Данышпан біліміне білім қосады,
6 Осылай нақыл да астарлы сөздерді,
Данышпан жандар айтып кеткендерді
Және жұмбақтарын да түсінеді.

Білімнің бастауы

7 Білімнің бастауы — Тәңір Иені
Терең қастерлеп, Оған мойынсұну.
Ал Құдайдан безген надандар болса,
Даналық пен тәрбиені елемейді.

Арам табыстан сақтандыру

8 Балам, әкеңнің тәрбиесін тыңда,
Шешең берген тәлімнен де бас тартпа!
9 Олар басыңдағы тәждей тамаша,
Мойныңдағы моншақтай ұнамды да.
10 Балам, күнәкарлар еліктіргенде
Айтқандарына сен ешқашан көнбе,
11 Олар сені шақырып былай десе:
"Кәнеки, кеттік, біреуді аңдиық!
Сол бір айыпсыздың жолын ториық,
Аңдаусызда бас салып, қанын төгейік!
12 Сондайларды тып-типыл тонайық,
Көрге түсіргендей түгел бітірейік.
13 Алуан асыл заттарға ие боламыз,
Үйлерімізді олжаға толтырамыз.
14 Тәуекелге бізбен бірге бел байла,
Бар байлығымыз ортақ болады да!"
15 Балам, сондайлармен бірге жолға шықпа,
Олардың жолдарына лайым жолама!
16 Қылмыс жасауға олар құлшынады,
Қан төгуге асыға құмартады.
17 Тор құру құстардың көз алдында
Құр бекер, пайдасыз іс болмай ма?
18 Ал сол адамдар өз жандарын аңдиды,
Өздеріне тор құрып, соңында құриды!
19 Арам табысқа құмардың тағдыры сол:
Дүниеқор иесін жалмайды ол.


Даналықтың ұраны

20 Даналық көшелерде шақырады,
Алаңдарда дауыстап жар салады,
21 Жұрт жиналған жерлерде даусы шығады,
Қала қақпасы алдында уағыз айтады:
22 "Парықсыздар, қашанғы парықсыздықты сүйесіңдер,
Мазақшылдар, қашанғы мазақтай бересіңдер,
Аңғалдар, қашанғы білімді жек көресіңдер?
23 Кәне, менің тәрбиеме құлақ түріңдер!
Сонда сендерге рухымды молынан төгемін,
Һәм айтатын сөздерімді түгел білдіремін.
24 Мен шақырсам да, сендер тыңдаудан бас тарттыңдар,
Құшағымды жайсам да, назар аудармадыңдар,
25 Ақыл-кеңесімнің бәріне ден қоймадыңдар,
Ескертулерімді мүлдем қабылдамадыңдар!
26 Сол үшін де қиналған кездеріңде күлемін,
Үрейлерің ұшқанда келеке етемін
27 Қорқыныш сұрапыл дауылдай соққанда,
Зобалаң бастарыңа құйындай туғанда,
Қайғыға ұшырап сендер тарыққанда.
28 Сонда естімеймін олар шақырғанмен,
Мені таппайды шарқ ұрып іздегенмен.
29 Өйткені олар білімді жек көреді,
Жаратқанды қастерлегілері келмейді,
30 Ақыл-кеңесімнен менің безеді,
Бар ескертулерімді менсінбейді.
31 Сондықтан өз істерінің жемісін жейді,
Өз қулық-сұмдықтарына "кенеледі".
32 Аңғырттың қыңырлығы өзін күйретеді,
Аңғалдың бейқамдығы өз түбіне жетеді.
33 Ал мені тыңдаған қауіпсіз тұрады,
Еш пәледен қорықпай, алаңсыз болады".

 

 
 

1 Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету

2 Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы

3 Тәлім алып, Тәңірге мойынсұнудың зор пайдасы

4 Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

5 Неке адалдығына шақыру

6 Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру

7 Даналықтың жүгенсіздіктен сақтауы

8 Даналықтың уәде еткен сый-тартулары

9 Даналықтың "тойға" шақыруы

10. Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

11. Адалдық пен ізгілікті Жаратқан Ие ұнатар

12. Жақсы тәрбие алған бақытты

13.  Данамен жолдас болған дана болар

14. Ақылдылық және аңғалдық

15. Ізгі сөз бен іс берекелі

16. Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

17. Ақылды жан даналықты назарында ұстар

 

18. Адал дос — құн жетпес қазына

19.  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар

20. Адалдық пен даналық

21. Патшаның жүрегі Жаратқан­ның қолында
22. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан

23. Балам, жүрегіңді Маған бағышта

 

24. ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

25.  СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ТАҒЫ БІР НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

26.  Ақымаққа қадір жараспас

27. Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

28. Ел заңнан безсе басшылары көп болар

29.

30. ЖӘКЕ ҰЛЫ АҒҰРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

31. ЛЕМУЕЛ ПАТШАНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ