uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

МЕН ҚАЛАЙ РУХАНИ ӨСЕ АЛАМЫН?

Мұрат, сен осымен Құдайға, шын жүректен мойын­сұ­нып сиындың ба? Онда сен Исаның айтуы бойынша рухани қайтадан туылдың, демек, Құдайдың рухани бала­сы болып, жаңа рухани өмірге ие болдың. Жохан елші бұл туралы былай деп жазған: «Оны (яғни Құт­қа­ру­шы Исаны) қабыл­­дап, Оған сенім артқандардың бәрін Ол Құдай­дың рухани бала­лары болуға құқықты етті. Бұлар таби­ғи жол­мен, пенде­нің қалауы бойынша бұл дүниеге келгендіктен емес, Құдай оларға шынайы өмір берген­дік­тен ғана Оның рухани бала­лары болды» (Жохан 1:12-13).

Сен қайтадан туылғанда күллі күнәларыңнан ары­лып, пәк тазардың. Есіңде болсын, бұл өзің жасаған игі істе­рің­нің қарымтасы емес, Құдайдың саған берген сыйы. Пауыл елші былай деп жазған: «Сонымен, Иеміз Иса Мәсіхке деген сеніміміз арқылы ақ­тал­ғандықтан, Оның арқасында Құдай­мен татумыз. Құдайдың осы рақымы­на бізге Иса Мә­сіхтің арқа­сында, сенім арқылы жол ашыл­ды. Енді Құдайдың рақымына бөленіп, салтанат­ты ұлы­лы­ғын көреміз деген үмітімізге қатты шаттана­мыз! ... әлі де күнәкар болып жүрген ке­зімізде біз үшін Мәсіх өмірін құрбан етті! Осы ар­қылы Құдай бізге Өзінің зор сүйіспен­ші­лігін дәлел­деді. Енді біз Мәсіхтің қаны төгі­ліп құрбан болған­дығы арқылы ақталған соң, Оның арқасында Құдай­дың қаҺарынан мәңгілік құтқарыла­ты­ны­мыз да сөз­сіз! Себебі бұрын біз Тәңірге әлі де қас бол­ған кезде Оның рухани Ұлының өлімі арқылы Құдай­мен татулассақ, енді татуласқандар ретінде Мәсіх­тің өмі­рі арқылы толықтай құт­қары­ла­ты­нымыз сөзсіз!» (Рим. хат 5:1-2,8-10)

Былайша айтқанда, сен қазір рухани нәрестесің, Мәсіх­тің алдындағы жас баласың. Бірақ сен сол қалпыңда қалғың келмейді ғой? Әрине, рухани өскің келеді.

Әлбетте. Бірақ оны қалай істеуге болады? Сенушінің күнделікті өмірде не істеуі керектігі туралы ештеңе де білмеймін.

Онда, өз басым саған Мәсіх арқылы рухани өсуге қолымнан келетін көмегімді аямауға уәде беремін. Мен өзім де әлі рухани өсіп болдым-толдым деп айта алмай­мын, бірақ қолымнан келгенше көмегімді аямаймын.

Мына бірнеше кітапшаны оқысаң, көп көмегін тигі­зе­тіні даусыз. Бұл — «Құдай жолы — құтты жол», «Ақсақал­дың ақыл сөзі», «Оны Әке деп айтуға батыл­ым жетті», «Оның есімі — Сүйіспеншілік» және т.б. кітап­тар.

Сенің рухани өсуіңе көмек беретін мына алты нәрсе­ні істегенің жөн. Біріншіден, Киелі кітапты үзбей оқу. Оны Құдай Тағала адамдарға Өзін білсін, танысын, мойын­сұнсын деп берген. Екіншіден, Құдайға сиынып міна­жат ету. Сол арқылы сенушінің Құдаймен қарым-қаты­нас­тары жақындай түседі. Үшіншіден, Құдайдың үйрет­кен нәрселерінің бәрін қолдан келгенше орындауды ұйғару керек. Төртіншіден, саған рухани өсуге көмектесетін, өзің де оларға рухани өсуге көмектесетін басқа сенуші­лер­мен мүмкіндігінше тұрақты байланыс жасау. Бесін­ші, сен басқаларға да Құтқарушы Иса және Оның Ізгі хабары жайлы айта аласың. Алтыншыдан, өміріңнің басты назары Құдай Тағалада және Құтқарушың Иса Мәсіхте болады.

Бұның бәрі көп жұмыс болатын сияқты.

Солардың әрқайсысы туралы саған тағы да түсіндіріп кетейін, сонда олар ұғымдырақ болатын шығар. Осы нәр­селерді істей бастаған кезіңде, оларды істеу саған ұнай­тын, ал соған дағдыланған кезіңде одан бетер ұнай­тын болады деп ойлаймын. Басқа нәрселерді үйрен­ген­дей, бұларды да бар зердеңмен үйренсең, кейін соған төсе­ліп қаласың деп үміттенемін. Бұған жаттығумен ынта-жігер қажет, ал нәтижесі соған әбден лайық болады.

 

Рухани өсуде Киелі кітаптың алатын орны (жақында)

 

 

Құдай шынымен бар ма?

Адам негізінде білімге қалай ие болады?

Тағы да — Құдай шынымен бар ма?

Құдай қандай?        

Құдай бар болса, неліктен жамандық та бар?

Сонда атеизм, агностицизм және гуманизм туралы не деуге болады?

Исаға деген сенімнің дәлелдемелері қандай?

Иса шынымен Кім еді?

Керемет, ғажап істердің болуы мүмкін бе?

Иса шынымен қайта тірілді ме?

Ал егер бұны шәкірттердің өздері ойлап тапса ше?

Деректерді басқаша да түсіндіруге болмай ма?

Иса Құдайға апаратын жалғыз жол ма?

Мәсіхке тиісті барлық пайғамбарлық сөздерді Иса орындай алды ма?

Діндердің барлығы да бір нәрсені үйретпей ме?

"Үшбірлік" деген сөз нені білдіреді?

Құтқарушы Иса туралы естімегендермен не болады?

Тозақ шынымен бар деп сенесің бе?

Ендеше сенушілер неге дүниенің көпшілігі емес?

Киелі кітаптың шынайы екенін қайдан білесің?

Киелі кітап пен ғылым өзара сыйыса ма?

Киелі кітап тарихқа сәйкес келе ме?

Исаның атымен аталғандардың жаман қылықтары жоқ па?

Исаға сенім артасың ба?

Құдай мені шынымен кешіре ме

Ал егер сенімім жетпесе ше?

Мен қалай рухани өсе аламын?

Рухани өсуде Киелі кітаптың алатын орны

Рухани өсуде мінажат етудің алатын орны

Рухани өсуде Құдайға мойынсұнудың алатын орны

Рухани өсуде қауымның алатын орны

Рухани өсуде Иса туралы басқалармен бөлісудің алатын орны

Исамен байланыста рухани өсу