uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

АЛ ЕГЕР СЕНІМІМ ЖЕТПЕСЕ ШЕ?

Мен осыған шынымен сенгім келеді, Ербол. Алайда бұған сенімім жетіңкіремей тұр.

Бұл шешім сеніміңнің аз-көптігіне байланысты емес, Мұрат. Сенім я бар, я жоқ. Қазір кірген осы үй сен кір­геннен кейін құлап қалмасына сенде толық сенімділік болған жоқ, бірақ сен бәрібір кірдің ғой? Сол сияқты, Исаға деген сенімің бір керемет зор болмаса да, өзіңді Оған бағыштап тапсыра аласың. Сенімің тіпті кіш­кен­тай болса да, соның өзі жеткілікті. Қазір ең маңыз­дысы — сол сенімге негізделе қадам жасау.

Саған Құдайдың кешірімін сыйлап, мәңгілік өмір беретін — өзіңнің сенімің емес. Сенім — жай көмекші құрал ғана, ол бар болғаны өміріңнің есігін Құдайға ашады. Сонда Ол өміріңді өзгерте бастайды. Сенімің қаншама кішкентай болса да, соны Құдайға артсаң, Ол қалағанының бәрін істей алады. Иса осы себепті былай деген: «Тарының түйіріндей ғана сенімдерің болса, ... қол­дарыңнан келмейтін ештеңе де болмайды» (Матай 17:20).

Айталық, мына орындық мені көтере алады дегенге сенімім өте аз болды, бірақ біреу мені соған отыруға көндірді дейік. Қалай ойлайсың, сол сенімімнің аз бол­ғандығынан ғана орындық мен отырғаннан кейін сынар ма еді? Әрине, жоқ. Егер орындықтың барлық жері дұрыс болса, мен оған сенсем де, сенбесем де, ол сын­бай­ды ғой.

Сенің Исаға деген сеніміңнің мөлшері маңызды емес. Сен Оған мойынсұнған соң Ол сеніміңді ақырындап, бірте-бірте өсіреді. Мәселе басқада — сен Оған сенім артуға барсың ба, жоқсың ба, сол ғана. Егер бар болсаң, онда Ол сені бетіңнен қақпай қабылдауға дайын. Ол күнә­ларыңды кешіріп, өміріңді рухани тазартып, мәң­гі­лік өмір сыйлайды. Осы жер бетіндегі өміріңнің өзін-ақ игілікке асып-тасып төгілген мол етеді.

Ал егер мен Исаға сенгенім үшін қудалауға ұшырасам немесе жұртқа таба болсам ше? Бұның кейде болып тұратынын естіп жүрміз ғой!

Иә, сонда не болды? Бұдан бір нәрсе өзгере ме?

Мүмкін, мен сенімнен таятын шығармын. Маған күн көрсетпей қойғаннан кейін, соған шыдамай сенімнен бас тартуға тура келсе ше?

Қудалау мен күлкіге ұшырауың әбден мүмкін. Бірақ бұл жағдай да өзгеріп кете алады. Исадан бері өткен ғасырлар ішінде мыңдаған сенушілер қатал қудалауға ұшырап, осы заманда да кейбіреулер сенімдері үшін тіпті өмірлерін қиған.

Бірақ есіңде болсын, басқалардан көретін қысым­шы­лық пен зорлық сенің қазіргі өміріңе ғана әсер етеді, көп болса денсаулығыңа немесе өміріңе қауіп төн­ді­ре­ді. Ал сенің Құдаймен мәңгілік өміріңе олар ешқандай зиян келтіре алмайды. Иса былай деген: «Тәнді өлтірсе де жанды өлтіре алмайтындардан қорық­паңдар! Одан гөрі жанды да, тәнді де тозақта құрта ала­тын Құдайдан қор­қып, Оны терең қастерлеңдер!» (Матай 10:28) Былай­ша айтқанда, бұл да мынадай қарапайым таңдау: Немесе сен Исаға сенесің, мүмкін сол үшін қудалауға ұшы­рай­сың, бірақ соның өзінде Иса саған уәде еткен игілікке толы ағыл-тегіл мол өмірін сыйлап, қудалаудың жара­сы онша ауыр болмайды. Немесе сен Исаға сенбейсің, Ол үшін осы өмірде қудалау көрмейсің, бірақ ақыр заман­да сені азапқа толы мәңгілік тозақ күтіп тұр.

Ғасырлар бойы бірқатар сенушілер Құтқарушы Исаны жақыннан танудың қуанышының қасында ең ауыр деген қудалаудың азабы, тіпті өлімнің өзі түк те болмай қала­тынына көз жеткізді. Исаның адамның өмірінде жасайтын керемет жұмысының арқасында, сенуші тіпті қатты қудалауға ұшырап жүргенде де қуаныш пен сүйіс­пеншілікке толып жүре алады. Иса айқыш ағашта жанын құрбан еткенде, Өзін өлтіргендерді кешіруін көктегі Әке­сінен мінажат етіп сұрағанындай, сенуші де өзін қудалап жүргендерге игілік тілей алады. Құтқару­шы­мыз қазір де сенушілермен бірге болып, Өзінің бар­шаға деген сүйіспеншілігін сыйлай алады. Иса шәкірт­те­ріне: «Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздерің­мен бірге болып, сендерге жар боламын!» — деген (Матай 28:20). Құдай Ешуаға: «Мен сені не жалғыз қалдырып, не тастап та кетпеймін», — деп уәде еткендей (Ешуа 1:5), Иса да Өзіне сенім артқандарға: «Мен сенен бас тарт­пай­мын, ешқашан жалғыз қалдырмаймын», — деген ғой. Сондықтан да сенушілер:

«Жаратқан Ие менің Қолдаушым!

Мен ештеңеден қорықпаймын,

адамдар маған не істей алады?» —

деп нық сеніммен айта алады.

  (Еврей. хат 13:5-6)

Степан деген кісі Исаның жолында шейіт болған бірінші сенуші болды. Тарихшы Лұқа «Елшілердің іс­тері» жазбасында Степан өз сенімінен бас тартпағаны үшін өлтірілгенде не болғанын суреттейді. «Олар қала­дан сүй­реп шыға­рып, тас лақты­­ра бастады. Куә­гер­лер шапан­дарын ше­шіп, Саул есімді жас жігітке бере салды. Олар тас лақ­тырып ұрып жат­қанда, Степан: «Ием Иса, рухым­ды Өзіңе ала гөр! — деп сиынды. Тізерлеп отыра қал­ған ол қатты дау­ыс­тап: — Ием, олардың бұл күнәсын мо­йын­да­рына арта көрме!» — деді. Осыларды айты­сы­мен жан тапсырды» (Елшілер. істері 7:58-60). Есіңде болса, Степанды таспен ұрып өлтіргендердің сырт киім­дерін Саул деген бір жігіт күзетіп тұрған еді. Ол кейін Пауыл деген есіммен Ізгі хабарды бүкіл Рим импе­рия­сы бойынша қажымай уағыздап, ақырында өзі де сол жолда жанын пида қылды.

Иса көкке қайта оралғаннан кейінгі алғашқы бір­неше ғасырда тағы мыңдаған сенушілер шейіт болды. Олардың Исамен тығыз қарым-қатынастарына қуаныш­тарының күшті болғаны сонша, өздерінің қуғын көріп, өлім құшып жүргендеріне қынжылған емес. Олар тірі­дей отқа жағылып, арыстандарға жем болуға тасталып, Иса сияқты айқышқа шегеленгенде қуанышқа бөленіп, тіпті кейде Исаның құрметіне мадақтау әндерін айта­тын еді. Олар Иса туралы куәліктерін осындай істе­рі­мен жүзеге асырып, соның арқасында тіпті сол қуда­лау­лар­ды ұйымдастырғандардың бірқатары сенуші болып жатты.

Иса жолында шейіт болғандардың ішіндегі айрықша белгілі адам — Кіші Азиядағы қауым жетекшісі Поли­карп қария еді. Оған бірнеше рет Исаға деген сенімнен бас тарту туралы талап қойылады. Қария талаптардың бәрін қабылдамай тастайды. Сонда жазалаушылар оны тірідей өртеу үшін биік тұғырға алып кетеді. Олар оны тұғырдың ағашына темір істіктермен қадап қоймақ болғанда, ол: «...мені қадамай-ақ қойыңыздар. Кім маған отқа жанғанда шыдауға төзім беретін болса, Сол оттың ішінде қимылдамай жата беруге де күш береді», — деді.

Астындағы отынға от қойылайын деп жатқанда, Поли­карп былай деп мінажат етті: «Уа, Өзіңді жақын­нан тануға жол ашқан сүйікті де жарылқаулы (рухани) Ұлың Исаның Әкесі! Періштелер мен құдіреттердің, күллі жаратылыс пен Өзіңнің алдыңда өмір кешіп жүр­ген барлық әділдердің Құдайы! Мені осы күн мен осы сағатқа лайық деп санап, шейіттердің санатына кіргі­зіп, Мәсіх ішкен азапты тостағанға ортақтасуға, осылайша жан мен дененің мәңгілік өмірге қайта тірілуіне жол ашып, Киелі Рухтың өшпес бағытына бөлегенің үшін тағзым етемін. Өзің, сенімді де шын Құдай, алдын ала дайындап, ашық білдіріп, орындағаныңдай, мені де бүгін бай да лайықты құрбандық ретінде солардың санатында қабылдай гөр! Сондықтан, осы үшін және басқа барлық нәрселер үшін мен Сені мәңгілік діни қызметкер әрі сүйікті (рухани) Ұлың Иса Мәсіх арқылы мадақтай­мын, дәріптеймін, ұлылығыңды қастерлеймін! Ол арқылы Сен қазір де, мәңгілікте де Онымен және Киелі Рухпен бірге мадаққа кенеле бер! Аумин».

Алғашқы үш ғасырдағы қауымның тарихын жазып қалдырған кесареялық Еусеби одан кейін не болғанын былай деп баяндап берді:

«Ол «аумин» деп қайтара айтып, мінажатын бітір­ген­де, жендеттер отынға от қойды. От жалындап жана бас­тағанда, біз бір керемет көрдік. Соны көру құрме­ті­не ие болып, болған оқиғаны басқаларға жеткізу үшін аман қалып отырмыз. Жалын бір пеш сияқты қалыпқа түс­ті. Ол кеменің желден керілген желкеніндей керіліп, шейіт­тің денесінің айналасын қабырға болып жауып тұрды. Ал оның өзі оттың ортасында тұрып, жанбай, кері­сінше, көрікте тазаланған алтын мен күмістей болып тұрды. Біздің мұрнымызға тағы бір жағымды иіс келді. Ол қым­бат бағалы жұпар иісіндей болды. Ақыры жен­дет­тер дененің отқа жанбай тұрғанын байқап, таяу тұрған біреуіне семсерін соған сұғып алуды бұйырды. Ол солай еткенде, денеден көп мөлшерде қан сау ете қалып, отты өшіріп тастады. Сонда жиналып тұрғандар сенбеушілер мен Құдайдың таңдаулылары арасында осындай айыр­ма­шылық жасалғанына таңырқасты. Ал солардың ішін­де біздің заманымыздағы ең ардақты елші, пайғамбар және ұстаз осы кісі — Смирна (Ізмір) қаласындағы қауым­ның басқарушысы болатын» (Еусеби, «Қауым тарихы», 15 тарау).

Сен осы әңгімеге шынымен сенесің бе?

Неге сенбеске?

Бұл шектен тыс кеткендік қой! Отқа өртенбепті дей ме, семсерін сұғып қалса, қаны тіпті отты өшіріп тас­тапты дей ме... Бұлай ешқашан болмайды!

Иә, осы оқиғаның едәуір ерекше екенімен келісемін. Ал, жалпы алғанда, кереметтер бола ма, болмай ма, соны қайтадан талқылағың келсе, мен дайынмын.

Иә, мейлі, кереметтердің болуы мүмкін ғой. Демек, осы оқиға шынымен орын алған да шығар. Бірақ маған оған сену бәрібір қиын.

Ал маған қазір қиын емес. Бірінші рет оқығанымда, сенуші болғанмен маған да сенуге қиын болды. Бірақ мен сол туралы ойлаған сайын, оның мәні маған ашыла түсті. Ол кісі өзінің бүкіл өмірін Мәсіхке бағыштап, Жаратқан Ие оны басқаларға тәлім беруде және адам­дарды Исаға жетелеп әкелуде көп қолданды. Ол кісінің өзі де Иса үшін қандай азап болмасын төзуге дайын болды. Әрине, сенуші қудаланған сайын Құдай осындай кереметтерді істейтін болады деп ойламаймын, бірақ Оның анда-санда болса да істейтініне таңданбаймын. Осы сияқты жайттардың ақыр соңында Рим империя­сын­дағы көптеген адамдарды Құтқарушы Исаға бет бұрғызған себептердің бірі болғанын тарихтан білеміз.

Мүмкін.

Қалай болса да, бұның басты мағынасы — Құдайдың өз халқын ешқашан дәрменсіз қалдырмайтынында. Ол тіпті өлім аузында да Өзіне сенген адамдарымен бірге. Егер Оның еркі сондай болса, Ол сенушілерді азаптан құтқарып, тіпті ешқандай мүмкіндік жоқ кезде өмір­ле­рін де аман алып қала алады. Құдайға мойынсұнбасақ, біздің өміріміз күнәға, әурешілікке және соғыс, кез­дей­соқ жазым, ауру-сырқау не біреудің жасаған әлім­жет­ті­гінен болсын, бәрібір азапқа толы болады. Ал Құдай­дың жағында болсақ, біз әрқашан Оның көмегіне, сүйіс­пен­шілігі мен құдіретіне сенім арта аламыз. Осы өміріміз біткенде, бізде одан да зор үміт — Жаратқан Иеміздің қасына барып, Оның жұбанышына ие болып, Онымен мәңгі бірге боламыз деген үміт бар.

Ербол, менің де сенуші болғым келеді. Бірақ егер Иса­ға сенсем, басыма түскен қиындықтардан мен сенуші болып жарытпай жүремін бе деп қорқам. Одан да, Исаға сену­ді өмірімнің соңына қалдырсам қалай болады?

Біріншіден, Құдай Құтқарушы Исаға сенім артқан­дарға Оған өмір бойы сенімді болып қалуға жетерлік күш-қуат беруге уәде етеді. Осы туралы Пауыл елші былай деп жазған: «Өмір­лерің­де игі ісін бастаған Құдай­дың оны жалғастыра беріп, Мәсіх қай­та оралар күнге дейін толықтай аяқ­тай­тынына кәміл сенемін» (Філіп. хат 1:6). Бізді Исаға сенуге жетелеп алып келе­тін — Құдай. Пауыл елші Інжіл шарифтің өзге бір жерінде жаз­ған­дай, бізді Құдай ерекше жаратты (Ефес. хат 2:10). Ол біздің өмірімізде нені істеуді бастаса, соны аяқтауға уә­де ет­кен.

Елші мынадай сұрақтар қойып, өзі жауабын да береді: «Мәсіхтің сүйіспеншілігінен бізді не айыра алады? Азап-бейнет пе, қудалану мен аштық-жала­ңаштық па, әлде қауіп пен семсер ме? Ал осының бәрінде біз өзі­мізді шексіз сүй­етін Ие­міз­дің арқасында ұлы жеңіске жетеміз. Мен мынаған нық сенемін: өлім де, өмір де, періштелер де, жын-перілер де, бүгінгі күн де, бола­шақ та, табиғаттан тыс күштер де, не үстіміздегі, не асты­мыз­дағы ешқандай күш те, тіпті жараты­лыс­тың басқа ешбір нәрсесі де бізді Құдайдың Иеміз Иса Мәсіх ар­қы­лы көрсетіп жүрген сүйіспен­шілі­гі­нен айыра алмай­ды!» (Рим. хат 8:35,37-39) Сондықтан саған Құтқарушым Иса­ға адал болып қаламын ба, жоқ па деп уайымдаудың қажеті жоқ. Бұны Құдайдың Өзі қарастырады.

Екіншіден, сен Исаға сенуді шынымен өміріңнің соңына дейін қалдыра аласың ба? Мүмкін. Бірақ есіңде болсын, өзінің ажалы қашан жететінін ешкім де алдын ала білмейді. Сол сияқты, сен Исаға сенуді кейінге қал­дырып, қолыңдағы мүмкіндіктен айырылып қалуың да ықтимал. Осылай кейінге қалдырудың қорқынышты қаупі бар: сен аяқ астынан қайтыс болсаң, Исаға мойын­сұнуға мұршаң болмайды. Оның үстіне, өмір бойы қайта-қайта кейінге қалдыра бергеннен бұл әдетке айналып, нағыз шешім қабылдайтын соңғы сәтің келгенде де оны баяғы әдетке сай кейінге қалдырып жүруің ықтимал.

Осы жерде тағы мынаған назар аудару керек. Исаға өзің­нің қол балаңдай қарауға болмайды. Ол сенің құлың емес, Иең болмақ. Бұндағы басты сұрақ — сенің мәңгі­лік азаптан құтылғың келетіні-келмейтіні емес, Исаны шынымен құрметтеп, сүйіп, Оған мойынсұнғың келе ме, жоқ па, сол. Оны шынымен Ием деп мойындайсың ба? Міне, басты сұрақ осы. Исаның Өзі былай деп ескерт­кен: «Маған: «Мырза, Ие!» дейтін әркім емес, көктегі Әкемнің еркін орындайтындар ғана Оның Патша­лығы­на кіре алады» (Матай 7:21). Егер шынымен Исаның күнә­ларыңды кешіріп, мәңгілік жазадан құтқаруын қала­саң, онда Оны өз өміріңнің Иесі етуге де дайын бол. Ал егер өлгенше күтіп жүре берсең, мұныңмен Оны ешқашан Ием деп танығың келмегендігіңді айқын біл­ді­ре­сің.

Ербол, айтқаның дұрыс, енді соны түсіндім.

Мұрат, егер сен Құдайды жақыннан танығың келсе, күнәларыңның кешіріліп, сенуші болуды қаласаң, дәл қазір Оған сиынып мінажат (дұға) ете аласың. Мысалы, мына мінажатты шын жүректен айтып, өзіңді толығы­мен Құдайдың рақымына тапсыра аласың. Сонда Ол сені мейіріммен қабылдайды, ал Иса шын мәнінде сенің Құтқарушың және Иең болады:

Уа, Жаратқан Ие, көктегі Құдай! Сенің өзімнің Жаратушым екендігіңді, бүкіл әлемді жаратқан­ды­ғың­ды мойындаймын. Сол себепті Сені жан-тәнім­мен сүюге, қастерлеуге және мойынсұнуға міндетті екенмін. Алайда Саған қарсы көп күнә жасап, істеуге тиісті нәрселерді емес, істемеуге тиістілерді істе­ге­німді мойындаймын. Өз күнәларымның кесірінен, мен Сен беретін ұлылықтан құр алақан қалып, Сенің сотыңа түсуге тиіспін. Уа, Тәңір Ием, осы күнәларыма өкінемін! Мені кешіре гөр! Мен өзгергім келеді, Ием, алайда өз күшіммен өзгере алмаймын. Мені Өзің өз­гер­те гөр! Сол үшін мен Саған бүкіл өмірімді тапсы­рамын. Күнәларымды кешіріп, маған Исаның әділдігін сыйлап, Өзіңмен татуластыра гөр.

Уа, Ием Иса, Сен айқыш ағашта менің күнәларым­ның жазасын тартып, өлімнен тірілуің арқылы күнә мен өлімді жеңгенің үшін Сені шексіз мадақтаймын. Сол жеңісіңді менімен бөліскенің үшін Саған мың да бір рақмет! Сен мені шақырып отырған жаңа өмір­дің қиын екенін, оны өз бетіммен меңгере алмайты­ным­ды білемін, бірақ Сен өмірімде өз еркіңді жүзеге асырып, мені өзіңе ұқсатып өзгерте түсетініңе сене­мін. Басқа сенушілер үшін де Саған ризашылығымды білдіремін. Сен олар арқылы да мені жігерлендіріп, өзгерте аласың. Сенің даңқың мәңгі арта берсін!

Аумин.

 

Құдай шынымен бар ма?

Адам негізінде білімге қалай ие болады?

Тағы да — Құдай шынымен бар ма?

Құдай қандай?        

Құдай бар болса, неліктен жамандық та бар?

Сонда атеизм, агностицизм және гуманизм туралы не деуге болады?

Исаға деген сенімнің дәлелдемелері қандай?

Иса шынымен Кім еді?

Керемет, ғажап істердің болуы мүмкін бе?

Иса шынымен қайта тірілді ме?

Ал егер бұны шәкірттердің өздері ойлап тапса ше?

Деректерді басқаша да түсіндіруге болмай ма?

Иса Құдайға апаратын жалғыз жол ма?

Мәсіхке тиісті барлық пайғамбарлық сөздерді Иса орындай алды ма?

Діндердің барлығы да бір нәрсені үйретпей ме?

"Үшбірлік" деген сөз нені білдіреді?

Құтқарушы Иса туралы естімегендермен не болады?

Тозақ шынымен бар деп сенесің бе?

Ендеше сенушілер неге дүниенің көпшілігі емес?

Киелі кітаптың шынайы екенін қайдан білесің?

Киелі кітап пен ғылым өзара сыйыса ма?

Киелі кітап тарихқа сәйкес келе ме?

Исаның атымен аталғандардың жаман қылықтары жоқ па?

Исаға сенім артасың ба?

Құдай мені шынымен кешіре ме

Ал егер сенімім жетпесе ше?

Мен қалай рухани өсе аламын?

Рухани өсуде Киелі кітаптың алатын орны

Рухани өсуде мінажат етудің алатын орны

Рухани өсуде Құдайға мойынсұнудың алатын орны

Рухани өсуде қауымның алатын орны

Рухани өсуде Иса туралы басқалармен бөлісудің алатын орны

Исамен байланыста рухани өсу