uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

ҚҰДАЙ МЕНІ ШЫНЫМЕН КЕШІРЕ МЕ?

Жарайды, Ербол, бұл да түсінікті болды. Ал күнә­ла­рым Құдай кешіре алмайтындай тым ауыр болса ше? Мен Исаға сенсем, Құдай мені шынымен кешіретініне қалай сенімді бола алам?

Алдымен Саул болған, кейін Пауыл елшіге айналған кісі туралы бұрынырақ айтып едім ғой? Ол сену­ші­лер­ді Исаға сенгендері үшін қудалап, өлтіріп жүрген еді. Бірақ кейін ол өмірін Иеміз Исаға бағыштады. Сенің күнәларың онікінен ауыр бола қоймас. Оның мына айтқан сөзіне назар аударшы: «Жұмысымды атқаруға қуат беріп келе жатқан Иеміз Иса Мәсіхке мені сенімді болады деп бағалап, Өзіне қызмет етуге тағайындағаны үшін ризашылы­ғымды білдіремін. Бұдан бұрын Оған тіл тигізіп, қауымдарын қудалап, зорлық-зомбылық көр­сет­ке­німмен, Ол маған қайырымды болды. Себебі менде әлі де шынайы сенім болмағандықтан, не істеп жүр­ге­нім­ді біл­ме­дім. Осылай маған Иеміздің рақымы молы­нан төгіліп, Иса Мәсіхтен келетін сенім мен сүйіспен­шілікке кенелдім.

«Иса Мәсіх осы дүниеге күнәкарларды құтқару үшін келді». Бұл — дәл айтылған шынайы сөз, оны түгелдей қабылдау қажет. Күнәкарлардың ішіндегі нағыз күнә­кары мен едім. Ал Иса Мәсіх алдымен мен арқылы Өзі­нің төзімділігін толы­ғымен көрсету үшін маған қайы­рымдылық танытты. Сөйтіп мені бола­шақта Иса Мәсіх­ке сеніп, мәңгілік өмірге ие болатын­дар­дың бәріне үлгі етті» (Тімоте. 1-хат 1:12-16).

Құдай былай дейді: «Жаратқан Ие былай деп шақы­рады: «Келіңдер, мәселе­леріңді талқылап, шындығына жетейік! Күнәларың ал қызыл болса да, рақым етіп, сендерді қар сияқты аппақ қылмақпын. Қылмыстарың қан қызыл болса да, сендерді кешіріп, аппақ жүндей ағартпақпын. Егер Маған мойынсұнып, тілімді ал­саң­дар, жердің жақсы өнімдерін жейтін боласыңдар» (Ишая 1:18-19). Адам Құдай ешқашан кешіре алмайтындай күнә жасай алмайды. Құдайдың кешірімін қабылдамаудың жалғыз жолы — оны қабылдаудан бас тарту. Таңдау өзің­дікі. Құдай уәде берген және Ол сенімді: «Мен Өзіме келгендерді ешқашан қуып жібермеймін», — деген Иса (Жохан 6:37). Жохан елші былай деп жазған: «Егерде күнәлары­мызды мойындасақ, Құдай сенім­ді де әділетті болғандықтан оларды ке­ші­ріп, бізді барлық әділетсіз­ді­гімізден тазартады» (Жохан. 1-хаты 1:9).

 

 

Құдай шынымен бар ма?

Адам негізінде білімге қалай ие болады?

Тағы да — Құдай шынымен бар ма?

Құдай қандай?        

Құдай бар болса, неліктен жамандық та бар?

Сонда атеизм, агностицизм және гуманизм туралы не деуге болады?

Исаға деген сенімнің дәлелдемелері қандай?

Иса шынымен Кім еді?

Керемет, ғажап істердің болуы мүмкін бе?

Иса шынымен қайта тірілді ме?

Ал егер бұны шәкірттердің өздері ойлап тапса ше?

Деректерді басқаша да түсіндіруге болмай ма?

Иса Құдайға апаратын жалғыз жол ма?

Мәсіхке тиісті барлық пайғамбарлық сөздерді Иса орындай алды ма?

Діндердің барлығы да бір нәрсені үйретпей ме?

"Үшбірлік" деген сөз нені білдіреді?

Құтқарушы Иса туралы естімегендермен не болады?

Тозақ шынымен бар деп сенесің бе?

Ендеше сенушілер неге дүниенің көпшілігі емес?

Киелі кітаптың шынайы екенін қайдан білесің?

Киелі кітап пен ғылым өзара сыйыса ма?

Киелі кітап тарихқа сәйкес келе ме?

Исаның атымен аталғандардың жаман қылықтары жоқ па?

Исаға сенім артасың ба?

Құдай мені шынымен кешіре ме

Ал егер сенімім жетпесе ше?

Мен қалай рухани өсе аламын?

Рухани өсуде Киелі кітаптың алатын орны

Рухани өсуде мінажат етудің алатын орны

Рухани өсуде Құдайға мойынсұнудың алатын орны

Рухани өсуде қауымның алатын орны

Рухани өсуде Иса туралы басқалармен бөлісудің алатын орны

Исамен байланыста рухани өсу