uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

ИСАНЫҢ АТЫМЕН АТАЛҒАНДАРДЫҢ ЖАМАН ҚЫЛЫҚТАРЫ ЖОҚ ПА?

Ал Иса Мәсіхтің атымен аталғандардың тарихта істеген барлық жамандықтарын қайда қоямыз? Крестжорықтары, отаршылдың әрі сол кездері болған әртүрлі жамандықтарше? Бұның бәрі үшін мәсіхшілікті айып­та­ған жөн емеспе?

Мұрат, өкінішке орай, Иса Мәсіхтің атымен аталған­дар­дың тарихы мүлтіксіз емес. Сенушілер көп қате жібе­ріп, кейде тіпті дұрыс емес нәрселерді біле тұра жасаған. Сен екеуіміз де кейде солай етпейміз бе? Бірақ Исаның тәлімін Оның атымен аталғандардың тарихта істеген немесе қазір істеп жүрген жаман істе­ріне қарап бағалауға болмайды. Исаның тәлімі және оны ұстана­мыз деп жүргендердің істеген жамандық­тары бірдей емес. Бір тәлімнің шындығын оны дәлел­дейтін қисын бар-жоқтығына қарап анықтаймыз. Ал Исаның атымен аталғандардың бірқатарының сол шынайы тәлімге сай жүріп-тұрмағандары біздің сенуімізге кедергі болмауы керек.

Басқаша айтқанда, біз шындықты оны айтып отыр­ған адамның мінез-құлқымен шатастырмауымыз керек. Саған аты шулы ұры «екі жерде екі төрт» десе, соны айтқанның ұры болғаны үшін ғана сонымен келіспей қоясың ба?

Әрине, жоқ.

Дәл сол сияқты, Исаның тәлімінің шындығы туралы сұрақ қойылғанда, басты назар Исаның Өзінде болады. Оның жолымен жүреміз дегендер қаншама көп қате жіберсе де, Исаның Өзі ешқашан не қате, не жамандық жасаған емес. Оның өмірі пәк таза, мүлтіксіз кемелді болды. Тіпті қас жаулары да Исаға тағатын кінә таба алмай, бір жалған куәгерлерді тауып барып қана айып­тады. Мен саған Исаның ізбасарларын емес, Оның Өзін қабылдауды ұсынып отырмын.

Түсінікті, бірақ бұрынырақ Иса адамдарға өз өмірле­рін­де күнәны жеңетін күш беру үшін келді деген едің ғой. Солай болса, онда неге соншама көп сенуші әлі де жамандықтар істейді?

Алдымен, біз баға бергенде абай болуымыз керек. Бүгін дұрыс еместігі бізге айқын кейбір істер тарих­тың басқа кезеңдерінде олай қарастырыла бермеген. Тарих­тағы ұзақ кезеңдер бойы адамдар кейбір істердің зиян­ды кесірін немесе сол істердің өздері ұстанатын қағида­лар­ға қайшы келетінін түсінбей жүрді. Әрине, бұл бүгін біз жаман деп санайтын істер сол замандарда жақсы болған дегенді білдірмейді. Менің айтайын дегенім — біз қазіргі заманда соларды істеген адамдарға түсініс­тік­пен қарауымыз керек. Себебі біз қазір олардың істе­рі­нің жаман-жақсысын оңай ажырата аламыз, бірақ сол тарихи жағдайларда істерінің дұрыс еместігіне көз жет­кізу оларға оңай болған жоқ. Болатын істен гөрі болған іске сын айту әлдеқайда оңай.

Ал енді, бұл мәселеге басқа жағынан да қарайық. Иса Өзі туралы әділдерді емес, күнәкарларды құтқа­руға кел­дім деген. Сондықтан Оған сенетіндердің қауымы Құдай­­дың кешіріміне ие болған күнәкарларға пана бол­ғаны жөн. Киелі кітапта: «Егер күнәсызбыз десек, онда өзі­міз­ді алдап, бізде шындықтың болмағаны» делінген (Жохан. 1-хаты 1:8). Ал Исаға үміт артқан әркім Оның кіршік­сіз таза болғанындай, өзі де күнәдан арылып, тазарғаны орынды (Жохан. 1-хаты 3:2-3). Қауымдарда күнәкарлар өздерінің Иса арқылы Құдайдың кешірі­мі­не ие болға­нына бірге қуануға, бір-бірін Оған толығырақ қызмет етуге жігерлендіруге жиналады. Құдай қауым­ды руха­ни ауру адамдарға арналған «аурухана» болсын десе, онда сондай адамдардың болғанына біз қалай таңғала­мыз?

Қайтадан айтайын, сен өміріңді сенушілерге емес, Құтқарушы Исаның Өзіне бағыштағаның жөн. Және Иса сені де Оның «ауруханасына» мұқтаж «рухани ауру» адам­дардың бірісің дейді.

Ал сенушілер бүкіл тарих бойында осыншама көп күнә жасаған соң Исаның тәлімі дүниеге қалайша үміт ұсы­на алады?

Исаның тәлімін ұстанушылар барлық адамдардың қазір түгелдей мінсіз емес екенін, әрі осы өмірде ешқашан мінсіз болмайтынын біледі. Сондықтан адамзат ақыр соңында барлық мәселелерін өздігінен шеше алады демейді. Бұл жағынан алып қарайтын болсақ, Исаның тәлімі басқа діни ілімдер мен саяси ағымдарға қарағанда әлдеқайда парасатты, өйткені олардың кейбі­реу­лері жерде жұмақ орнатамыз деп адамдарға уәде беріп алады да, ақыры мақсатына жетпей, күйреп тынады.

Ал Исаның ұсынатын үміті — Құдайдың барлык нәр­селерді өз жоспарына сай игілікпен тындыруы. Ол Исаны біздің күнәларымыздың құнын өтесін деп жібер­ді. Иса біздің ең үлкен жауымыз — өлімді жеңген соң біз Иса арқылы Құдаймен тығыз қарым-қатынасқа түсе ала­мыз.

Өлім — әр адам баласының ең үлкен жауы, соны Иса жеңіп шықты. Исаға сенбейтін ойшылдар өлімді жеңу­ге ешқандай үміт бермейді. Мысалы, грек ойшылы Есхил былай деп жазған: «Өлген адамға қайта тірілу жоқ», ал Теокрит деген тағы бір грек ақыны: «Тірілерде ғана үміт бар, ал өлгендерге ешқандай үміт жоқ» деген. Рим ақыны Катулл болса: «Біздің қысқа ғана күніміз батқанда, біз мәңгі ұйықтауға тиісті, ешқашан бітпейтін түн басталады» деп жазды.

Ал Исаның тәлімі барлық адамдарға зор үміт сый­лай­ды. Иса былай деген: «Қайта тірілу мен шынайы өмір — Менмін. Маған сене­тін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады. Осылай өмір сүріп, Маған сенген әрбір адам ешқашан да ру­ха­ни өлмейді» (Жохан 11:25-26). Өзіне Құтқарушым және Ием деп сенетіндердің бәріне Иса Құдайдың қасындағы мәңгілік өмірді сыйлайды. Өзіне мойынсұнғандарға Ол жер бетінде де игілікті өмір сыйлайды: «Мен адамдар шынайы өмірге ие бол­сын және өмірі рухани игі­лік­ке толы ағыл-те­гіл мол бол­сын деп келдім» (Жохан 10:10).

Пауыл елшінің өмірге деген жарқын көзқарасын біл­діретін мына бір сөздерді жоғарыда аталған грек ой­шыл­дарының көңілсіз көзқарасымен салыстырып көріңіз: «... бұ дүниеден аттанатын кезім таяу қалды. Мен «игі жарысқа» қатысып, мәреге жеттім, сенімімді сақтап қал­дым. Енді мені «жеңімпаздың жүлдесі» — «әділ­дік­тің тәжі» күтіп тұр, оны маған сол күні әділ Төреші — Иеміз бер­мек; тек маған емес, Оның қайта оралып, анық көрінуін сүйіс­пен­ші­лік­пен күткен­дер­дің бәріне де сыйлайды» (Тімоте. 2-хат 4:6-8).

Өлім мәселесі қиял емес. Алайда Құтқарушы Иса­ның қайта тірілуі арқылы бұл мәселе шешілді. Пауыл бұл туралы былай деген: «Сендерге мына құпияны ай­тайын: бәріміз бірдей өлмей­міз, бірақ бәріміз түгелдей өзгереміз. Бұл кенеттен, қас қағым сәтте, соңғы керней тартылған шақта іске асады. Сонда кер­ней үні естіліп, өлген­деріміз қайта тіріліп, біз де түгелдей өзге­реміз. Өйткені қазіргі құрып шіритін тән­дері­міз еш­қа­шан жойыл­май­тын денелермен алмасуға тиіс. Бұл жүзеге асып, құритын нәрселер мәңгілік нәр­се­­лермен алмас­қан шақта Киелі жазбалардағы осы уәделер орында­ла­ды: «Өлім жеңіліп, жоқ болды». «Өлім, қайда сенің жеңі­сің? Өлім, қайда сенің улы тісің»? Ал өлім тудыратын «улы тіс» — күнә, ал күнә өз күшін заңнан алады. Бізге Иеміз Иса Мәсіх арқы­лы жеңісті сыйлай­тын Құдайға мәңгі шүкірлік етілсін!» (Қорынт. 1-хат 15:51-57)

Осылайша, Мәсіхке деген сенім адамға бұ дүниеде де, о дүниеде де үміт бере алады. Сонымен қатар, мәңгі тірі Иса сенушіні тура жолмен жетелеп, оны барған сайын өзіне ұқсатып, сүйіспеншілікті, қуанышты, тыныш, шыдамды, қайырымды, кең пейілді, сенімді, ілтипатты, ұстамды етеді. Бұл қасиеттерді Пауыл елші «Киелі Рух­тың игілікті жемістері» деп атайды (Ғалат. хат 5:22-23).

Мақұл. Бірақ Исаның тәлімі кедейшілік, соғыс сияқты мәселелерге қандай шешім ұсына алады?

Құтқарушы Исаның тәлімі барлық адамдарды көзін тауып, ерінбей еңбек етіп, тамақ, киім-кешек, үй-жай және адамның өмірін жеңілдететін тағы басқа нәрсе­лер­ді жасап шығаруға жігерлендіреді. Сондай-ақ, ол мұқ­таждық көріп жатқандарға жақсылық істеп, жомарт­тық жасауға да үйретеді.

Исаға сенушілердің еңбексүйгіштік, үнемшілдік, жұмыс­ты көзін таба істеу, алдын ала жоспарлау, басқалармен бөлісу және экономикалық істерде ортақтасуға көп көңіл бөлу сияқты ұстанған құндылықтарының арқасында сан миллион адам кедейшіліктен құтылды. Бұның бәрі басқа көзқарастардың ықпалымен салыстырсақ, айқындала түседі. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ең кедей елдерде анимизм, спиритизм, буддизм және индуизм кең, ал Исаның тәлімі әлі де аз тараған. Ал ең бай әрі өркениетті елдерде көп адамдар Исаның тәлі­мін қабыл­дап, Киелі кітаптың қағидаларына сәйкес өмір сүре­ді.

Және Исаның тәлімі кең тараған осы ең дәулетті ел­дер кедейлерге басқаларға қарағанда көбірек көмек бере­ді. Олар көрсеткен көмектің нақты көлемі бойын­ша ғана емес, елдің жалпы кірісінің қаншама пайызын бөлгені бойынша да алдыңғы орында.

Ал соғыс туралы сұрағыңа тоқталсақ, осында да Иса­ның тәлімі қол жеткізбес қиялды қумайды. Адам бала­сы күнәкар күйі қала бергенше соғыстар немесе соғыс қаупі болмай қоймайды. Дегенмен Иса адамдарды бір-бірімен түсінісуге, өзгелердің жамандықтарын кешіру­ге, барлық адамдарға іс жүзінде жақсылық істеуге және біреудің шабуылына ұшыраған жазықсыз жандарды қорғауға шақырады. Біз, сенушілер, нақты қашан жүзе­ге асатынын білмесек те, ақыр соңында Құдай адам­дар­дың істеріне тікелей араласып, соғыс атаулыны тоқ­та­тады деп Киелі кітапта алдын ала айтылған.

Бұнда да іс жеке адамдарға келіп тіреледі. Бүкіл дүние­нің өзгеруі адамның өз жүрегіндегі өзгеріспен бас­талады. Иса осы өзгерісті жасаймын деп уәде берді. Бұл жерде де: «Исаның шақыруына қалай жауап бере­сің? Оған сенім артасың ба?» деген сұрақ пайда болады.

 

 

Құдай шынымен бар ма?

Адам негізінде білімге қалай ие болады?

Тағы да — Құдай шынымен бар ма?

Құдай қандай?        

Құдай бар болса, неліктен жамандық та бар?

Сонда атеизм, агностицизм және гуманизм туралы не деуге болады?

Исаға деген сенімнің дәлелдемелері қандай?

Иса шынымен Кім еді?

Керемет, ғажап істердің болуы мүмкін бе?

Иса шынымен қайта тірілді ме?

Ал егер бұны шәкірттердің өздері ойлап тапса ше?

Деректерді басқаша да түсіндіруге болмай ма?

Иса Құдайға апаратын жалғыз жол ма?

Мәсіхке тиісті барлық пайғамбарлық сөздерді Иса орындай алды ма?

Діндердің барлығы да бір нәрсені үйретпей ме?

"Үшбірлік" деген сөз нені білдіреді?

Құтқарушы Иса туралы естімегендермен не болады?

Тозақ шынымен бар деп сенесің бе?

Ендеше сенушілер неге дүниенің көпшілігі емес?

Киелі кітаптың шынайы екенін қайдан білесің?

Киелі кітап пен ғылым өзара сыйыса ма?

Киелі кітап тарихқа сәйкес келе ме?

Исаның атымен аталғандардың жаман қылықтары жоқ па?

Исаға сенім артасың ба?

Құдай мені шынымен кешіре ме

Ал егер сенімім жетпесе ше?

Мен қалай рухани өсе аламын?

Рухани өсуде Киелі кітаптың алатын орны

Рухани өсуде мінажат етудің алатын орны

Рухани өсуде Құдайға мойынсұнудың алатын орны

Рухани өсуде қауымның алатын орны

Рухани өсуде Иса туралы басқалармен бөлісудің алатын орны

Исамен байланыста рухани өсу