uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

КИЕЛІ КІТАП ТАРИХҚА СӘЙКЕС
КЕЛЕ МЕ?

Ал, енді достым, Киелі кітапта тарих пен архео­ло­гия­дан белгілі жайттарға қайшы айтылған сөздер жоқ па?

Киелі кітапта айтылған кейбір нәрселер басқа тарихи құжаттарда айтылмағандықтан, бір кезде тарихшылар Киелі кітаптың, өзің айтқандай, тарихи сенімділігіне күмән келтіріп жүрді. Алайда соңғы жүз елу жылдың ішінде жасалған археологиялық жаңалықтардың арқа­сында олар өздерінің қателескендіктеріне көз жеткізді. Мысалы, бұрынырақ кейбір тарихшылар Жараты­лыс­тың басталуында айтылған Содом мен Ғомора қалалары еш­қашан болмаған деп ойлайтын еді. Бірақ ХХ ғасыр­дың 70-ші жылдарында Сириядағы Телл-Мардих деген жерде Ебла деген ежелгі қала жер астынан аршылды. Онда Ебланың үкіметінің мұрағаты — 15000-нан астам саз тақташалар да табылды. Солардың кейбіреулерінде «Содом» мен «Ғомора» деп аталатын қалалармен қарым-қатынастары туралы да жазылған болып шықты.

Киелі кітапты құрметтемейтін бірқатар тарихшылар ғасырлар бойы соның ішінде аты бірнеше рет аталған хет (яки хетт) деген халық болмаған деп келді. Себебі осы тарихшылар ежелгі құжаттардан хет халқы тура­лы айтылған ештеңе таппаған болатын. Бірақ ХІХ ғасырда хет елі туралы алғашқы археологиялық жаңалықтар жасалып, содан бері бүкіл Таяу Шығыс бойынша олар туралы айтылған көптеген ежелгі құжаттар табылды.

Осы сияқты, Киелі кітаптың тарихи шындығын дәлел­деген көптеген археологиялық жаңалықтарды тізіп айта беруге болар еді, бірақ мына сөзбен тоқ етерін айтай­ын: осыған дейін жасалған мыңдаған археологиялық жаңа­лықтар Киелі кітапты растап қана жүрген. Олардың еш­қайсысы Құдай сөзінің бірде-бір жерін дұрыс емес деп көрсеткен де емес.

Киелі кітаптың жазбалары жазылған уақыттан бері өзгерістерге ұшыраған жоқ па? Егер өзгерістерге ұшы­ра­са, онда бұл Киелі кітапқа сенуге болмайды дегенді білдірмей ме?

Мұрат, осы салада да ежелгі заман әдебиетінің үлгі­лерінің арасында Киелі кітап ерекше орын алады. Өзге ежелгі әдебиет үлгілері бізге бірнеше ғана нұсқаларарқылы жетіп, ол нұсқалардың өзі ежелгі шығарма жазылғаннан бірнеше ғасырдан кейін ғана жазылған болса, Киелі кітап бізге мыңдаған қолжазба нұсқаларарқылы жеткен, олардың кейбіреулері түпнұсқа жазылғаннан кейін қырық-елу жыл өтпей жатып жасалған.

Осы мыңдаған қолжазбалардың арасында кейде болар-болмас айырмашылықтар бар. Бірақ бұл айыр­машы­лық­тардың басым көпшілігі тек сөздердің емлесіне немесе сөз тәртібіне байланысты, сондықтан мағынаға әсерет­пей­ді. Тек бірен-саран айырмашылықтар ғана сөй­лем­нің мағынасына біраз өзгеріс енгізеді. Бірақ бұл өзгерістер мәтіннің жалпы мазмұнына және сенімнің ешбір басты қағидасына әсеретпейді.

Бұның өзі өте ерекше жайтекенін көрсету үшін, оны басқа ежелгі шығармалармен салыстырайық. Алдымен назарды Інжіл шарифке аударайық.

Бүгін Інжіл шарифті толықтай немесе бөліктерін қам­тып, оның түпнұсқа тілі ежелгі грек тілінде жазыл­ған шамамен 5500 қолжазба ғалымдарға белгілі. Солардың арасындағы ең ежелгі қолжазба Жохан жазған Ізгі хабардың бір кішкентай бөлігі, ол шамамен біздің заманымыздың 120 жылына жатқызылады. Демек, ол Ізгі хабардың жазылғанына 30-50 жыл болмай тұрып көшіріліп жазылған. Қазір Ватиканда сақталған таны­мал кодекс (мұнда кодекс кітап қалпында түптелген қол­жазбаны білдіреді) шамамен б.з. 325 жылы, ал Синай түбегінен табылған кодекс б.з. 350 жылы көші­рілген. Осы екеуі Інжіл шарифтегі жазбалардың түпнұсқа­ла­ры­ның пайда болуынан тек 250 жыл ғана өткеннен кейін жасалған. Ал жоғарыда аталып өткен Жохан жазған Ізгі хабардың қолжазбасының бөлігі мен осы екі кодекс­тің арасында жасалған көптеген басқа да көшірмелер қолы­мызға жеткен.

Сол жағдаймен мынаны салыстырайық: Юлий Цезарь­дың «Ғаллдықтармен соғыс туралы» деген еңбегінің  қазір тек он-ақ қолжазба көшірмесі белгілі. Солардың ішін­дегі ең көнесі Юлий Цезарьдың өзінен 1000 жыл кейін жасалған. Ал атақты жыршы Гомердің «Илиадасының» бізге жеткен ең көне толық көшірмесі оның өзінен 2200 жыл кейін жасалған. Бірақ әдебиет тарихшылары осы екі шығарманың көшірмелерінің түпнұсқаларына сәйкес келетіндеріне әжептеуір сенімді.

Інжіл шарифтен кейін ең көп көшірме арқылы жет­кен ежелгі шығарма осы «Илиада». Оның 643 қол­жаз­басы бар (Інжіл шарифтің қолжазбаларымен салыс­тырғанда 4900-ге аз). Інжілдің қолжазбаларының ара­сын­дағы айырмашылықтар мәтіннің 40 жолының мағы­насын екі ұшты қылса (бұл толық Інжілдің 0,2 пайызы ғана), «Илиаданың» көшірмелерінің өзара айырма­шы­лық­тарының салдарынан оның 764 жолының (толық «Илиаданың» 5 пайызы) мағынасы екі ұшты болып тұр. Ал үнділердің қасиетті жазбасы «Махабхарата» болса, оның көлемінің 10 пайызы өзгеріске ұшырап, мағына­сы­на күмән келтіреді. Ежелгі заманнан жеткен басқа әдебиеттерде «Илиада» немесе «Махабхаратамен» салыс­ты­рар­лық­тай не одан да көп өзгерістерге ұшырап қолы­мызға жеткен. Олардың ешқайсысы да өзгеріссіз сақталуы жағынан Інжіл шарифке тең келмейді.

Ал Таурат, Забур және Пайғамбарлар жазбаларының (яғни Көне келісімнің) бізге дұрысжеткенін мына жайт­тарға қарап аңғаруға болады. Адамдар сол қасиетті жаз­баларды Құдайдың сөзі деп білгендіктен, оларды көшірген кезде өте мұқия тістейтін. Сонымен айна­лыс­қан мамандарға тұтас сөйлем не сөздерді көшіруге рұқ­сат берілмей, олар әріпперіп көшіруге тиіс болған: түпнұсқадан бір-бір әріптен оқып, көшіретін. Егер қате жіберсе, сол параққа арнайы белгі қойылып, арнайы жерге апарып қоятын. Көшірмелерді тексеретіндербүкіл Көне келісімнің жазбаларындағы сөздерді санап шыққан еді. Оның жаңа біркөшірмесі дайын болғанда, олар өздеріне белгілі жерлері бойынша бастан-аяқ тексеріп шығатын. Мысалы, пәленінші бет пәлен деген сөзбен аяқ­талуы керек және беттегі сөздердің саны бұрын есеп­теліп, белгіленіп қойылған шамаға дәл келуге тиіс­ті еді. Ежелгі заманда жазылған ешбір шығарма осындай мұқияттылықпен көшірілмейтін. Сонымен Таурат, Забур және Пайғамбарлар жазбаларының қолжазбаларында ұшы­расып отыратын ұсақ-түйек айырмашылықтарда олар­дың мазмұнына әрі сенімнің ешбір қағидасына әсе­рін тигізбейді.

Қысқаша айтқанда, басқа ежелгі шығармалардың бәрі­не қарағанда, Киелі кітаптың сенімділігінің айғақ­тары әлдеқайда көбірек.

 

 

Құдай шынымен бар ма?

Адам негізінде білімге қалай ие болады?

Тағы да — Құдай шынымен бар ма?

Құдай қандай?        

Құдай бар болса, неліктен жамандық та бар?

Сонда атеизм, агностицизм және гуманизм туралы не деуге болады?

Исаға деген сенімнің дәлелдемелері қандай?

Иса шынымен Кім еді?

Керемет, ғажап істердің болуы мүмкін бе?

Иса шынымен қайта тірілді ме?

Ал егер бұны шәкірттердің өздері ойлап тапса ше?

Деректерді басқаша да түсіндіруге болмай ма?

Иса Құдайға апаратын жалғыз жол ма?

Мәсіхке тиісті барлық пайғамбарлық сөздерді Иса орындай алды ма?

Діндердің барлығы да бір нәрсені үйретпей ме?

"Үшбірлік" деген сөз нені білдіреді?

Құтқарушы Иса туралы естімегендермен не болады?

Тозақ шынымен бар деп сенесің бе?

Ендеше сенушілер неге дүниенің көпшілігі емес?

Киелі кітаптың шынайы екенін қайдан білесің?

Киелі кітап пен ғылым өзара сыйыса ма?

Киелі кітап тарихқа сәйкес келе ме?

Исаның атымен аталғандардың жаман қылықтары жоқ па?

Исаға сенім артасың ба?

Құдай мені шынымен кешіре ме

Ал егер сенімім жетпесе ше?

Мен қалай рухани өсе аламын?

Рухани өсуде Киелі кітаптың алатын орны

Рухани өсуде мінажат етудің алатын орны

Рухани өсуде Құдайға мойынсұнудың алатын орны

Рухани өсуде қауымның алатын орны

Рухани өсуде Иса туралы басқалармен бөлісудің алатын орны

Исамен байланыста рухани өсу