uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ ШЫНАЙЫ ЕКЕНІН ҚАЙДАН БІЛЕСІҢ?

Ербол, осы айқандарыңның қисынды екендігіне көзім жетіп отыр. Бірақ мені басқа бір нәрсе алаңдатады. Киелі кітаптың ақиқаттығына әбден көзің жеткендей, одан көп үзінді келтіресің. Өз басым соған сеніңкіре­мей­мін.

Иса соған сенгендіктен, Киелі кітаптың шындықты айтатынына мен де сенемін. Исаның қателесуі мүмкін емес, себебі Ол — Құдайдың рухани Ұлы.

Ал Исаның Киелі кітаптың шындығына сенгендігіне қан­дай дәлел келтіре аласың?

Себебі Иса көп рет Таурат, Забур және Пайғамбар­лар жазбаларынан үзінді келтіріп, әрдайым оның шынайы­лы­ғына толықтай сенетін болған. Ол бұған ешқашан шек келтірмеген (Лұқа 11:51; Матай 24:37; Жохан 8:56; Лұқа 10:12; 17:28; Матай 8:11; Марқа 2:25 және Інжіл шарифтің тағы басқа көптеген жерлерінде).

Иса Өзінің қызметінің басында жұртқа мынадай түсіндірме берді: «Мені Таурат заңы мен Пайғамбарлар жазбаларының күшін жою үшін келді деп ойламаңдар: Мен оларды жою үшін емес, толық мағынасында жүзеге асыру үшін келдім. Сендерге шындығын айтайын: аспан мен жер жойылып кетпейінше Таурат заңының бірде-бір әрпі, тіпті бір кішкентай сызығы да күшінен айы­рыл­майды, әуелі бәрі де жүзеге асады. Сондық­тан кімде-кім ондағы өсиеттердің тіпті ең кішкентайын да бұзып, басқа­ларды мұнысына үйретсе, соның Құдай Патшалы­ғын­да­ғы адамдардың арасында жолы ең кішкентай бола­ды. Ал өсиеттерді орындап, жұртты соған үйрет­кен­дердің Құдай Патшалығындағы жолы үлкен болады» (Матай 5:17-19).

Бірде Иса бірнеше яһуди дінбасыларымен пікір талас­тырып тұрғанда, Забурдан үзінді келтіріп, оны «Құдай­дың сөзі» деп атап, «...Ал Киелі жазбалардың күшін жоюға болмайды ғой» деп қосты. Осы айтқандарымен Иса Өзінің Таурат, Забур және Пайғамбарлар жазба­ларын Құдайдың сөзі деп терең қастерлейтінін білдірді (Жохан 10:35).

Ал Інжіл шариф ше? Ол Исаның айқыштағы өлімінен кейін ғана жазылған емес пе?

Иә, солай, оның қалай болғанын қазір айтып берейін.

Иса Өзінің шәкірттеріне Үшбірліктің үшінші Тұлғасы — Құдайдың Киелі Рухының оларға келіп, ой-санала­рын жетелейтінін уәде етті: «Ол Менің сендерге айтқан сөздерімнің бәрін естеріңе салып, рухани өмірлеріңе керек­тің бәрін үйретеді» (Жохан 14:26). Исаның осы айтқандарына сүйеніп, шәкірттері өздерінің Киелі Рух­тың жетелеуімен жазғандарын ежелгі Таурат, Забур және Пайғамбарлар жазбаларымен бір деңгейде бол­ға­нын түсін­ді. Мысалы, Петір елші әріптесі Пауылдың жазған хаттарын сол қасиетті жазбалармен бір дең­гей­де деп қарастырады (Петір. 2-хаты 3:16). Ал Пауылдың өзі бір­­неше рет өзінің таратып жүрген тәлімі мен жаз­ба­­ла­ры­ның Құдайдың сөздері (яғни Оның адамзатқа арна­ған хабары) екендігін айтқан. (Мысалы, Салониқа. 1-хат 2:13; Қорынт. 1-хат 7:40.)

Пауыл Таурат, Забур және Пайғамбарлар жазба­ла­рын «Құдай Рухының жетелеуімен жазылған» (Тімоте. 2-хат 3:16) деп сипаттайды. Ал Исаның өз шәкірттеріне берген жаңағы уәдесінен олардың жазбаларының сол ежелгілермен бір деңгейде болатынын түсіндіру қиын емес.

Міне, сен қайтадан қате жіберіп жатырсың. Киелі кітаптың Құдай сөзі екендігін дәлелдеу үшін Киелі кітап­тың өзінен дәлел келтіріп отырсың. Бірақ Киелі кітап өзін Құдай сөзі деп айтқаны үшін ғана ол Құдай сөзі болып кетпейді ғой!

Иә, Мұрат, мұның дұрыс. Бірақ менің істеп отыр­ға­ным солай емес.

Әрине, соны істеп отырсың! Сен Киелі кітаптан үзінді келтірдің ғой!

Иә, бірақ мен одан үзінділерді Құдай сөзі ретінде емес, жалпы сенуге тұрарлық құжат ретінде келтіріп отыр­мын.

Сонда екеуінің арасында айырмашылық бар ма?

Әрине, бар. Сен мені «Киелі кітап Құдайдың сөзі, өйт­кені Киелі кітапта солай жазылған» дейді деп кінә­лайсың. Сондай қатені «дәлелдеудегі шеңбер» дейді. Ал мен басқаша — «шеңбер» емес, «түзу сызық» дәлелін келтіріп отырмын.

Інжіл шарифті тек тарихи тұрғыдан ғана дұрыс дейік. Онда Исаның шынымен өлімнен қайта тірілгеніне бұл­тартпас нақты дәлелдер келтірілген, соған екеуіміз көз жеткіздік қой. Егер Иса шынымен өлімнен қайта тіріл­се, демек Ол Өзін кіммін десе, сол болғаны. Ол Өзін Құдайдан келдім, әрі Құдайдың рухани Ұлымын деген болатын. Өлімнен қайта тірілгені Оның бұл сөзіне дәлел. Демек, Оның айтқанының бәрі де рас, өйткені Құдай бәрін біледі және өтірік айтпайды. Інжіл шарифте Иса­ның Киелі кітап — Құдайдың сөзі әрі нағыз шындық деп үйреткені туралы сенімді тарихи мағлұмат беріл­ген. Егер Иса шынымен Құдайдың рухани Ұлы болса, онда Оның Киелі кітап туралы айтқандарының да рас бол­­ғаны. Сондықтан Исаның айтқанына сай Киелі кітап шынымен Құдайдың сөзі.

Исаның Құдайдың жіберген рухани Ұлы екендігіне сенуіме қандай берік негіздерім болса, Киелі кітаптың Құдай сөзі екеніне де сенетін негіздерім сондай. Ал Иса­ның Құдай жіберген рухани Ұлы екендігіне сенуіме Оның өлімнен қайта тірілгені мызғымас негіз болып тұр. Оның дәлелдерінің айқын екенін бұрынырақ көр­ген едік. Сондықтан сенде Киелі кітаптың Құдай сөзі еке­ні­не сенуге мендегідей негіз бар.

Маған түсінікті сияқты, бірақ бәрібір сеніңкіремей тұр­мын.

Осы ойды төрт қадамдық дәлелдеме және қорытын­ды­дан тұратын етіп былай бөлуге болады:

1. Інжіл шариф сенуге тұрарлық болған оқиғаларды баян­даған тарихи құжат.

2. Осы сенімді құжаттың негізінде біз Иса Мәсіхтің Өзі айтқандай, Құдайдың рухани Ұлы әрі Құдаймен бір-тұтас екендігіне сене аламыз.

3. Құдайдың рухани Ұлы болғандықтан, Исаның айт­қандарының бәрі нағыз шындық, Ол шындыққа қарсы нәрсеге Өзі де сенбейді, басқаларға да сондайды үйрет­пейді.

4. Иса Киелі кітапты тек сенімді тарихи құжат қана емес, Құдайдың сөзі, яғни тұтастай сенімді құжат деп үйре­теді.

Қорытынды: Иса Мәсіхтің бұлжымас билігінің негі­зінде сенушілердің Киелі кітаптың толығымен шын­шыл әрі оның Құдайдың сөзі екендігіне сенуге қисынды себеп­тері бар.

 

Мақұл, осы дәлел адамды сендіретін сияқты. Бірақ мен Киелі кітаптың Құдайдың сөзі екеніне әлі де түгелдей сене алмай тұрмын.

Мұрат, бұдан артық дәлел келтіре алмаспын, бірақ тағы бірнеше қосымша себептерді айтуға болады.

Біріншіден, Киелі кітап — ерекше кітап. Басқа кітап­тардың ешқайсысы оған ұқсамайды. Оны бір жарым мың жыл бойы қырықтан аса адам еш тілде, еш құрлықта, яки Азия, Африка, Еуропада жазған. Оны жазғандар маман­дықтары мен атқарған жұмыстары бойынша алуан түрлі адамдар еді. Ал олардың бәрін таңдап, тағайын­дап алған — Құдай Тағаланың Өзі. Олардың арасында патшалар мен шопандар, жоғары лауазымды қызмет­кер­лер мен жай диқандар, уәзірлер мен балықшылар, қол­бас­шылар мен діни қызметкерлер болды. Киелі кітап бізге дүниенің әуелде қалай басталғаны мен ақыр заман­­да қалай аяқталатыны туралы мәлімет береді. Ол өзін Құдай сөзімін дейді. Оның жаулары сансыз рет көзін құртуға тырысса да, бұл қолдарынан келмеді.

Киелі кітаптың Құдай сөзі екендігіне оның таңға­жайып біртұтастығы да көзімізді жеткізеді. Онда жүз­де­ген қиын мәселелер көтерілсе де, ондағы жазба­лар­дың мазмұны бір-біріне сай келеді. Бір адам жазған үлкен кітаптың қарама-қайшылықсыз болуы ілуде бір кезде­се­тін жайт. Он пікірлес дос бірге жазған кітаптың қарама-қайшылықсыз болуы одан да сирек. Замандас болмаған он адам жазған кітаптың мазмұнының бір-бірімен сәй­кес келуі таңғажайып керемет болар еді. Бірақ Киелі кітапты түрлі мәдени орталарда тәрбие көрген қырық шақты адам бір жарым мың жыл ішінде жазған. Енде­ше Киелі кітаптын мазмұнының керемет біртұтас­ты­ғын қалай түсіндіруге болады?

Алайда оның біртұтастығы мұнымен де бітпейді. Киелі кітапта басынан аяғына дейін Құдайдың адам­зат­ты құтқару жоспарын қалай жүзеге асырғаны туралы айтылады. Бұл құтқарылу — Иса Мәсіх арқылы болды, ал Ол — бүкіл Киелі кітаптың өзегі. Исаның Өзі де осыны айтқан: «Рас, сендер киелі жаз­баларды зерт­теп, солар арқылы мәң­гі­лік өмір­ге ие бо­ламыз деп ойлай­сың­дар. Ал олар Мен туралы куә­лік етеді! Егерде шыны­­мен Мұсаға сенсеңдер, онда Маған да сенер едіңдер, өйткені ол Мен тура­лы жазып кет­кен. Алай­да Мұсаның жазба­ларына шындап сенбей­сің­дер, ен­деше Менің сөздері­­­ме қалай сене аласыңдар?» (Жохан 5:39, 46-47)

Таурат, Забур және Пайғамбарлар жазбалары бізді Иса­ның келуіне дайындаса, Інжіл шарифтегі «Ізгі хабар» жазбалары Оның өмірі, құрбандық өлімі және қайта тірілуі туралы баяндайды. Елшілердің істері көкке қай­тып кеткен Исаның адамзатты құтқаруы жайлы Ізгі хабардың тарай бастағаны туралы мәлімет береді. Құдай­дың елшілері Петір, Жақып, Жохан, Пауылдың жаз­ған хаттары Ізгі хабардың мәнісін түсіндіріп, Исаның үй­рет­кен тәлімін айқындайды. Аян кітабы дүниенің ауыр заманға дейінгі тарихын қысқаша сипаттап, Исаның жаман­дық атаулыны соңында біржола жеңіп шығаты­нын суреттейді. Сонымен бүкіл Киелі кітаптың басты тақырыбы — Құтқарушы Иса.

Осындай біртұтастығы бар үлкен кітапты жазу адам баласының қолынан келмейді деп ойлаймын. Оны жазған пенде емес, Құдай деу ғана ақылға сыяды.

Мен тағы бір айғақты қысқаша айтып өткім келеді. (Одан да көп қосымша айғақ келтіруге болар еді, бірақ біздің оған уақытымыз шектеулі әрі кейбір айғақтарды ұғындыру үшін түрлі ғылыми кітаптан деректер кел­ті­ру қажет.) Қазір назарыңды аударғым келген айғақ — Киелі кітаптың адамдардың өмірін өзгерте алатын зор қуаты. Бүкіл тарих бойынша Құтқарушы Исаға толық сенім артып, Киелі кітапта айтылғанды шындық деп мойын­дап, оны жиі-жиі оқып, оғығанын көңілге түйетін адам­дар­дың өмірі ерекше өзгерістерге ұшырап отырған. Бұл Киелі кітаптың Құдайдан екенін көрсететін тағы бір күшті айғақ екені күмәнсыз.

Ербол, сен Киелі кітапты мазмұны бір-бірімен сәйкес келеді деп әспеттейсің. Бірақ менің естуімше, Таурат, Забур және Пайғамбарлар жазбалары Құдай Тағаланы кек сақтағыш, әділетшіл, қатаң етіп көрсетсе, Інжіл шариф Оны мейірімді, сүйіспеншілігі мол, кешірімді етіп бейнелейді.

Достым, Інжіл шариф Құдайды қандай кешірімді, рақымды етіп бейнелесе, Таурат, Забур және Пайғам­бар­лар жазбаларында да Ол дәл солай кешірімді, рақымды етіп бейнеленген. Таурат, Забур және Пайғамбарлар жаз­балары Құдайды қандай әділетшіл, Өзіне мойын­сұн­байтындарға тиісті жазаларын тартқызушы етіп көр­сет­се, Інжіл шарифте де Ол дәл солай көрсетілген. Ал Киелі кітаптың барлық бөлімдерінен Құдай Тағаланың шексіз әділ, ізгі және рақымға толы екенін көруге бола­ды.

Таураттан біз Құдайдың амор халқының ауыр күнә­ларына жүздеген жылдар бойы шыдап, оларға тиісті жазаны жібермей келгенін көреміз (Жаратылыс. баст. 15:16). «Мені күнәкардың өлгеніне риза дейсіңдер ме? Керісінше, оның теріс жолынан қайтып, дұрыс өмір сүр­геніне ризамын емес пе?» (Езекиел 18:23) деген сөз­дер Құдайдың тіпті бағынбас, қыңыр адамға да ізгі ниет­пен қарайтынын білдіреді. Өзі адамзатқа хабар­шы­сы болу­ға таңдап алған халқы — Исраил қыңырлық көрсеткенде, Құдай оларға Езекиел пайғамбар арқылы тағы мына хабарын жеткізді: «Жасап келген барлық әділетсіз іс­те­ріңе өкініп, олардан бас тартыңдар. Сонда күнәларың сендерді өмір жолдарыңда сүріндірмейтін болады. Ұста­нып келген жаман істеріңнің бәрін тастап, жаңа жүрек пен жаңа рухты қабылдаңдар. Әйтпесе, сендерге өліп не бар, уа, Исраил әулеті? Өйткені Мен күнәкардың өлі­міне риза емеспін, керісінше, теріс жолдан қайтып, дұрыс өмір сүріңдер! — дейді Құдай Ие»

(Езекиел 18:30-32)

Дәуіт пайғамбар да Құдайдың сүйіспеншілікке толы рақымы туралы білді. Ол: «Мен сиынған едім Тәңір Ие­ге, Ол құлақ салып маған жауап берді де қорқыны­шым­нан күллі арылтты мені» (Забур жыр. 33:4) деп басы­нан өткізгенімен бөлісті. Басқа бір жерде пайғам­бар былай деді:

«Тәңір Ие болсын шын сүйенішің

Береді Ол ақ тілегін жүрегіңнің.

Тәңір Иеге тапсыр өмір жолыңды

Соған арт өз сеніміңді

Сонда Ол істейтін болады мынаны:

Атқан таңдай жайнатады Ол әділдігіңді

Әрі ісіңнің ақтығын күндей тал түскі».

          (Забур жыр. 36:4-5)

 Дәуіт пайғамбардың Құдай туралы көзқарасын мына

 сөздермен тұжырымдауға болады:

 

Бар дүние Оның мейіріміне кенеледі».

  (Забур жыр. 32:5)

Ал енді, Інжіл шарифтің Құдай Тағала туралы бер­ген мәліметін шолып өтейік. Ол, әрине, Құдайдың сүйіс­пен­шілікке толы рақымы жайлы айтады. «Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүй­ген­дік­тен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құр­бандыққа берді. Енді Оған сенуші әр­кім жаны тозақ­қа түспей, мәң­гілік өмірге ие бола­ды» деген керемет хабар туралы бұрынырақ айтқан едім (Жохан 3:16).

Ал Інжіл шариф дәл Таурат, Забур және Пайғам­бар­лар жазбалары сияқты, теріс жолдан қайтып, Құдай жолы­на түсуден бас тартатын күнәкарларға Құдайдың жасай­тын соты туралы да айтады. Исаның Өзі кейбір адамдардың «мәңгілік азап шегуге» кететінін алдын ала білдірсе (Матай 25:46), Пауыл елші қуғын-сүргін көріп жатқан сенушілерге өздерін ренжіткен адамдардан кек алмай, оны Құдайға қалдыруды ескерткенде, онысын былай деп түсіндірді: «Киелі жазбада Жаратқан Иенің: «Кек алу — Менің ісім, есесін Мен қайтарамын» дегені жазыл­ған ғой» (Рим. хат 12:19). Киелі кітаптың ең соңғы жаз­ба­сы «Аянның» аяқ жағында да Құдайға біржола қарсы көте­рілгендердің тартатын қорқынышты жазасы туралы айтыл­ған (Аян 20).

Осылайша, Киелі кітаптың негізгі бөлімдері Таурат, Забур, Пайғамбарлар жазбалары және Інжіл шариф Құдайды көрсеткенде де бір-біріне сәйкес келіп, Құдай сөзінің біртұтастығына дәлел болады.

 

 

Құдай шынымен бар ма?

Адам негізінде білімге қалай ие болады?

Тағы да — Құдай шынымен бар ма?

Құдай қандай?        

Құдай бар болса, неліктен жамандық та бар?

Сонда атеизм, агностицизм және гуманизм туралы не деуге болады?

Исаға деген сенімнің дәлелдемелері қандай?

Иса шынымен Кім еді?

Керемет, ғажап істердің болуы мүмкін бе?

Иса шынымен қайта тірілді ме?

Ал егер бұны шәкірттердің өздері ойлап тапса ше?

Деректерді басқаша да түсіндіруге болмай ма?

Иса Құдайға апаратын жалғыз жол ма?

Мәсіхке тиісті барлық пайғамбарлық сөздерді Иса орындай алды ма?

Діндердің барлығы да бір нәрсені үйретпей ме?

"Үшбірлік" деген сөз нені білдіреді?

Құтқарушы Иса туралы естімегендермен не болады?

Тозақ шынымен бар деп сенесің бе?

Ендеше сенушілер неге дүниенің көпшілігі емес?

Киелі кітаптың шынайы екенін қайдан білесің?

Киелі кітап пен ғылым өзара сыйыса ма?

Киелі кітап тарихқа сәйкес келе ме?

Исаның атымен аталғандардың жаман қылықтары жоқ па?

Исаға сенім артасың ба?

Құдай мені шынымен кешіре ме

Ал егер сенімім жетпесе ше?

Мен қалай рухани өсе аламын?

Рухани өсуде Киелі кітаптың алатын орны

Рухани өсуде мінажат етудің алатын орны

Рухани өсуде Құдайға мойынсұнудың алатын орны

Рухани өсуде қауымның алатын орны

Рухани өсуде Иса туралы басқалармен бөлісудің алатын орны

Исамен байланыста рухани өсу