uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

ТОЗАҚ ШЫНЫМЕН БАР ДЕП
СЕНЕСІҢ БЕ?

Ербол, сен жаңа ғана тозақ туралы айтып қалдың. Сен шынымен соған сенесің бе?

Мұрат, ал сен тозақты не деп ойлайсың?

Түсінгенімше, тозақ — ешқашан бітпейтін жазаның орны. Шынымды айтсам, сенің бұған неге сенетініңді түсін­беймін.

Сенетін себебім, Иса оны бар деп айтқан (Матай 5:22, 29-30; 10:28; 11:23; 16:18; 18:9; 23:15,33; Лұқа 10:15; 12:5; 16:23). Иса Өзінің жер бетіндегі қызметінің соңғы кезе­ңінде шәкірттеріне Құдайдың барлық адамдарды сот­тай­тын қиямет күнінің болатыны туралы тәлім берді. Сол күні Исаның жолына шын жүректен түскендер Құдай­мен бірге өтетін мәңгілік және қуанышқа толы өмірге ие болады да, ал Оған мойынсұнудан бас тартқандар «мәңгілік азап шегуге кетеді» (Матай 25:46).

Құдайдың сүйіспеншілігі мол дейсің, онда қалайша Ол адамды тозаққа жібере алады? Бұлай етсе, Оны енді қалай «ізгі», «жақсы» дей аласың?

Құдайдың ізгі, сүйіспеншілігі мол екендігін түсін­ге­нің жақсы. Құдай шынымен ізгі болса, Ол ешбір жаман­дыққа төзе алмайды. Сондықтан Иса арқылы ақталып, ізгі болғандар ғана Онымен мәңгі-бақи тығыз байла­ныс­та бола алады. Ал Исаның ұсынған әділдігін қабыл­дағылары келмегендер Құдайдан мәңгі-бақи ажырауды өздері қалап алып отыр. Сондықтан олардың тозаққа түсуі Құдайдың емес, өздерінің жасаған таңдауы. Соны­мен тозақ — таңдау еркіндігінің салдарларының бірі. Құдайдан түбегейлі ажырап, тозаққа түскен адам сөз­бен айтып жеткізуге болмайтын азапқа душар болады, себебі шынында адам мәңгі-бақи Құдаймен тығыз бай­ланыста болу үшін жаратылған.

Олай болса, Құдай қалайша оларға осындай таңдау ер­кін бере алады?

Бұрынырақ мен Клайв С. Льюис деген ойшыл жазу­шы­ның айтқан бір пікірін келтірген едім. Оның өзі көп­теген жылдар бойы Құдайға сенбеуші, атеист, кейін агностик болып, ең соңында Исаға сені­мін артқан адам. Льюис те тозақ ұғымы туралы көп ой­ланып, дағ­дарған. Ол бір еңбегінде былай деп жазған:

«Адамдардың барлығы құтқарылады» деген тұжы­рым шындыққа сай деп айта алуым үшін мен бар иелігімді қияр едім. Бірақ ақыл-санам маған: «Олар қалай құт­қа­рыла алады: өз еріктерімен бе, әлде еріктерінен тыс па?» деген сауал қояды. Егер «өз еріктерінен тыс» десем, он­да «Адамның өзін біреуге бағыштауы қалайша оның өз еркінен тыс болады?» деген жаңа сұрақ туындайды. Ал егер «өз еріктерімен» деп жауап берсем, онда санам­да «Егер олар құтқарылғылары келмесе ше?» деген сауал пайда болады.

Сонымен біз адамның таңдау бостандығын мойын­дай­тын болсақ, тозақтың да бар екенін жоққа шығара ал­маймыз.

Мейлі, бұнымен де келісуге болар. Бірақ мұның бәрі маған тіптен ұнамайды.

Маған да. Алайда маған ұнамайтын нәрселер көп қой.

Ербол, мен бұны енді түсіне бастаған сияқтымын. Бірақ маған мына бір ой маза бермейді. Иса сондай ұлы бол­ған болса, онда неге Ол бүкіл дүниені билейтін патшалығын орнатпай, керісінше, Өзі айқышта өлді? Және Иса Құдай болған болса, неге Өзін өлтіруге жол берді? Өзін айқышқа бұйырған адамдарды неге тоқтатпады?

Мұрат, егер Иса қаласа, айқыштан Өзін құтқара алар еді. Бұл күмәнсыз (Жохан 18:4-6; 19:11; Матай 26:53). Бірақ Ол олай еткісі келген жоқ. Керісінше, Өзінің айқышқа шегеленіп, дүниенің күнәларын Өзіне жүктеуге тиіс екендігін Иса қызметінің ең басынан бастап айтқан болатын. Себебі Исаға бүкіл жер бетінің патшалық билі­гіне қол жеткізу мақсат емес еді. Оның мақсаты — адам­дар­ды Құдаймен татуластыру болды. Бұл жаугер­ші­­лік­пен емес, құрбандық арқылы жүзеге асатын іс еді.

 

 

Құдай шынымен бар ма?

Адам негізінде білімге қалай ие болады?

Тағы да — Құдай шынымен бар ма?

Құдай қандай?        

Құдай бар болса, неліктен жамандық та бар?

Сонда атеизм, агностицизм және гуманизм туралы не деуге болады?

Исаға деген сенімнің дәлелдемелері қандай?

Иса шынымен Кім еді?

Керемет, ғажап істердің болуы мүмкін бе?

Иса шынымен қайта тірілді ме?

Ал егер бұны шәкірттердің өздері ойлап тапса ше?

Деректерді басқаша да түсіндіруге болмай ма?

Иса Құдайға апаратын жалғыз жол ма?

Мәсіхке тиісті барлық пайғамбарлық сөздерді Иса орындай алды ма?

Діндердің барлығы да бір нәрсені үйретпей ме?

"Үшбірлік" деген сөз нені білдіреді?

Құтқарушы Иса туралы естімегендермен не болады?

Тозақ шынымен бар деп сенесің бе?

Ендеше сенушілер неге дүниенің көпшілігі емес?

Киелі кітаптың шынайы екенін қайдан білесің?

Киелі кітап пен ғылым өзара сыйыса ма?

Киелі кітап тарихқа сәйкес келе ме?

Исаның атымен аталғандардың жаман қылықтары жоқ па?

Исаға сенім артасың ба?

Құдай мені шынымен кешіре ме

Ал егер сенімім жетпесе ше?

Мен қалай рухани өсе аламын?

Рухани өсуде Киелі кітаптың алатын орны

Рухани өсуде мінажат етудің алатын орны

Рухани өсуде Құдайға мойынсұнудың алатын орны

Рухани өсуде қауымның алатын орны

Рухани өсуде Иса туралы басқалармен бөлісудің алатын орны

Исамен байланыста рухани өсу