uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

ҚҰТҚАРУШЫ ИСА ТУРАЛЫ ЕСТІМЕГЕНДЕРМЕН НЕ БОЛАДЫ?

Ербол, егер мен болашақта Исаға сенуге шешім қабыл­дайтын болсам, Оның бір пәк қыздан туғанына да сене алатын шығармын. Алайда басқа бір сұрақ мені қатты толғандырады: Киелі кітаптың тәлімі туралы ешқашан естімегендер ше? Сол естімегендері үшін ғана Құдай олар­дан бас тарта ма?

Мұрат, мұны неге сұрадың?

Сұраған себебім, егер Киелі кітапта Құдай Иса туралы естімегендерді қабылдамай, сол үшін ғана тозаққа жібе­реді делінген болса, онда мен бұндай тәлімді сенуге тұрарлық деп ойламаймын.

Неліктен сенуге тұрарлық емес деп ойлайсың? Сеніңше, бұл пікірің Киелі кітаптағы тәлімнің шынайылығына көзімізді жеткізген нақты дәлелдерді жоққа шығара ала ма? Әлде сенің болжамың рас болған күнде сол дәлел­дер өтірік болып шыға ма?

Жоқ, бұл қисынды болмас еді.

Онда неге сондай сұрақ қойдың?

Себебі адамды Иса туралы естімегені үшін ғана сот­тай салатын Құдайды қастерлей аламын деп ойламай­мын.

Жақсы. Бұл мәселе Киелі кітаптағы ілімнің дұрыс-бұрыстығына емес, тек өзіңнің осы ілімнің шындығын мойындап, Құдай Тағаланы қастерлеп, сүюге дайын болуың мен болмауыңа байланысты. Соны ұғыну маңызды.

Мына сұрағың бір өте жақсы жайтты аңғартады. Сені адамдардың тағдыры бейжай қалдырмайды екен. Бұл көз­қарас сүйіспеншілік деп аталады. Құдай оны құп­тай­ды.

Оның Өзі де адамдарды сүйеді. Киелі кітапта бұл туралы: «Ол бізге төзімділік танытуда: ешкімнің де тозақ­қа түсуін емес, барлық адам­дардың теріс жолдан қай­тып, күнә­ларына өкі­ніп, ары­луын қалайды!» деп жазыл­ған (Петір. 2-хаты 3:9). Өзін көріп отырғандай, Жаратқан Ие де барлық адамдардың Өзіне қайта ора­лып, татуласқанын қалайды.

Саған шындықты бүкпей айтып жатырмын: Киелі кітап­та бұл сұраққа анық жауап берілмеген. Ғасырлар бойы сенушілер осы сұраққа мынадай жауап беріп кел­ді. Өз басым оны жақсы жауап деп ойлаймын, бірақ Киелі кітаптың сенің сұрағыңа беретін жауабы нақты осы десем, дұрыс болмас еді. Менің түсінігімше, мұнда адам­ның түпкі ниеті өте маңызды. Егер біреу шын жүрек­тен Құдайдың еркін орындағысы келгенмен, Иса туралы естуге мүмкіндігі болмаса, Жаратқан Иенің Өзі бір шеші­мін табар деп ойлаймын. Тек бұның нақты қай жол арқылы болары маған анық емес.

Иса: «Соның (яғни Құдайдың) еркін орындағысы кел­ген әркім осы ілім Құдай­дан ба, әлде Мен өз бетіммен сөйлеп тұрмын ба, соны білетін болады» (Жохан 7:17) дегенде, осыған да меңзеген болуы керек. Басты мәселе біреудің шынымен Құдайдың еркін біліп, оған бағынғы­сы келу-келмеуінде.

Құдайдың қабылдайтын шешімдері әрқашан дұрыс, әділ де әділетті (Елшілер. істері 17:31). Ол ешкімді ешқашан себепсіз, бекерден-бекер жазаламайды. Сондық­тан егер Иса туралы естімегені үшін біреуді жазалау әділет­сіз болса, Құдай бұны істемес еді деп нық сенемін.

Киелі кітапта айтылғандай біз тіпті, Иса туралы есті­мей-ақ, Құдай туралы, өзіміз және күнә туралы біле аламыз. Себебі Құдайдың бар екені, Оның құдіреті мен әділдігі туралы адам өзін қоршаған табиғатқа қарап біле алады. (Рим. хат 1:19-20). Біз ұшы-қиыры жоқ әлемді еске алып, оны жаратқан Құдайдың Өзі шексіз құді­рет­ті де әділетті екендігіне көз жеткіземіз.

Киелі кітапта Құдайдың әділдігі қоятын негізгі талап­тарды әрбір адам өз ар-ұжданы арқылы біле алатыны туралы да айтылған (Рим. хат 2:14-15). Демек, күнә жасаған адамдардың бәрі соған кінәлы: бұның дұрыс емес екенін білмеп едім деп айта алмайды.

Киелі кітапта Исаның тек Оған сенетіндердің ғана емес, бүкіл дүниенің де күнәлары үшін өлгені туралы жазылған (Жохан 3:16; Жохан. 1-хаты 2:2). Исаның құр­бандық өлімі сол туралы естіген адамдардың күнә­лары­ның жазасын өтегені сияқты, естімегендердің де күнәларының өтемі. Киелі кітап, сондай-ақ, мынаны да білдіреді: кімде-кім теріс жолдан мүлдем қайтып, Құдай жолына түсіп, Исаға сенсе, сол адам Исаның әділдігіне бөленеді. Иса туралы естімеген кісі өзінің күнәкар еке­нін мойындап, Құдайға сенетін болса, Құдай Иса туралы естіп, Оған сенгенге Исаның әділдігін сыйлағанындай, сол кісіге де Исаның әділдігін сыйлайды деп ойлай­мын.

Егер біреу шын жүрегімен Құдайды біліп, Оның ер­кін орындағысы келсе, онда Құдай керемет жасап, оған Иса туралы естуге мүмкіндік бере алады деп те сене­мін. Лұқа елші осындай ниетті Корнел деген кісі туралы баян­дайды. Корнел ешқашан Иса туралы естімеген бола­тын. Бірақ ол Құдайға сиынып, Онымен татуласу үшін не керек болса, соны көрсетуді сұрап жүрген еді. Құдай оның мінажатына құлақ асып, Иса туралы Ізгі хабарды айтсын деп Петір елшіні жіберді. Елші оған осы хабар­ды жеткізгенде, Корнел Исаға құтқарушым және Ием деп сенді (Елшілер. істері 10). Кім біледі, мүмкін, қазір саған да солай болып отырған шығар?! Мүмкін, Құдай сенің Өзінің еркіне сай өмір сүруге деген жүрекжарды қалауыңды білгендіктен, Иса туралы Ізгі хабарды есту­ге осы мүмкіндікті беріп отырған да шығар?

Әйтеуір, кімде-кім Құдайды шын жүректен білгісі келіп, Оны іздесе, Құдай сол адамға осы мақсатына жетуіне қажетті білімнің бәрін береді деген пайымдау Киелі кітаптағы тәлімге сәйкес деп сенемін. Өз басым Құдай адам баласын бір жайттарды білмегені үшін ғана тозаққа жібереді деп ойламаймын.

Тозақ шынымен бар деп сенесің бе?>>>

 

 

Құдай шынымен бар ма?

Адам негізінде білімге қалай ие болады?

Тағы да — Құдай шынымен бар ма?

Құдай қандай?        

Құдай бар болса, неліктен жамандық та бар?

Сонда атеизм, агностицизм және гуманизм туралы не деуге болады?

Исаға деген сенімнің дәлелдемелері қандай?

Иса шынымен Кім еді?

Керемет, ғажап істердің болуы мүмкін бе?

Иса шынымен қайта тірілді ме?

Ал егер бұны шәкірттердің өздері ойлап тапса ше?

Деректерді басқаша да түсіндіруге болмай ма?

Иса Құдайға апаратын жалғыз жол ма?

Мәсіхке тиісті барлық пайғамбарлық сөздерді Иса орындай алды ма?

Діндердің барлығы да бір нәрсені үйретпей ме?

"Үшбірлік" деген сөз нені білдіреді?

Құтқарушы Иса туралы естімегендермен не болады?

Тозақ шынымен бар деп сенесің бе?

Ендеше сенушілер неге дүниенің көпшілігі емес?

Киелі кітаптың шынайы екенін қайдан білесің?

Киелі кітап пен ғылым өзара сыйыса ма?

Киелі кітап тарихқа сәйкес келе ме?

Исаның атымен аталғандардың жаман қылықтары жоқ па?

Исаға сенім артасың ба?

Құдай мені шынымен кешіре ме

Ал егер сенімім жетпесе ше?

Мен қалай рухани өсе аламын?

Рухани өсуде Киелі кітаптың алатын орны

Рухани өсуде мінажат етудің алатын орны

Рухани өсуде Құдайға мойынсұнудың алатын орны

Рухани өсуде қауымның алатын орны

Рухани өсуде Иса туралы басқалармен бөлісудің алатын орны

Исамен байланыста рухани өсу