uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

"ҮШБІРЛІК" ДЕГЕН СӨЗ
НЕНІ БІЛДІРЕДІ?

Түсінікті. Ал сен жаңа ғана «Үшбірлік» деген сөзді айтып қалдың. Ол не тағы?

Сендер сонда үш құдайға сенесіңдер ме?

Жоқ. Киелі кітапта Құдайдың біреу-ақ екендігі көп рет айтылған (Заң. қайтал. 6:4; Ишая 43:10; Тімоте. 1-хат 2:5; Қорынт. 1-хат 8:6). Сонымен қатар Киелі кітапта Құдайдың бізге үш Тұлға, яки үш жақты болып көрін­гені де айтылған: Құдай Әке (Жохан 17:3; Қорынт. хат 8:6; Петір. 1-хаты 1:2), Оның рухани Ұлы (Жохан 1:1; 20:28; Жохан 5:18-бен салыстырғанда Філіп. хат 2:6-7; Тит. хат 2:13; Петір. 2-хаты 1:1) және Киелі Рухы (Елшілер. істері 5:3-4; Еврей. хат 9:14).

Бірақ бұл ақылға сыймайды ғой! Қалайша үш Тұлға бір Құдай бола алады?

Иә, мұның ғажап болып естілетіні рас. Күнделікті көріп жүрген тәжірибемізге сәйкес, әр адам тек бір ғана тұлға бола алады, одан көп бола алмайды. Бірақ өзіміз байқап көрмеген нәрсені еш болмайды деу де дұрыс емес. Оның үстіне, «болмыс» (существо) мен «тұлға» (лич­ность) деген екі ұғымның өзара бірдей емес екендігін де естен шығармау керек.

Бұ қалай?

Жан-жағыңа көз тастасаң, көп нәрсені: ана гүлді, мына ағашты, андағы шыбынды, сонау жатқан дала­дағы сиыр­ды көресің. Осы нәрселердің барлығының «бол­мы­сы» бар. Бірақ олардың ешқайсысы да «тұлға» (личность) емес. Себебі оларда тұлғаға тиісті қасиеттер: ақыл-сана, сезімдер және ерік (рухани бостандық) дегендер жоқ. Бірақ кейбір басқа нәрселердің болмысы да, тұлғалық қасиеттері де бар екенін көреміз — жер бетіндегі әрбір адам баласында болмыс пен тұлғалық қасиеттердің екеуі де бар.

Сонымен, көріп отырғанымыздай, кейбір нәрселер мүл­дем тұлға емес, ал кейбір басқаларында бір ғана тұл­ғалық қасиет бар. Осылай жалғастыра берсек, бір нәрсенің тек бір ғана емес, одан көп тұлғалық қасиеті болуы мүмкін деген тұжырымға келеміз, себебі солай болуы қисынға қайшы келмейді.

Болмыс пен тұлғаның арасындағы айырмашылықты естен шығармасақ (болды), бір болмыстың тек бір ғана емес, бірнеше тұлғасы болуы мүмкін екендігін ұғына­мыз. Бұл әдеттегіден тыс болып көрінгенмен, қисынға қарсы келмейді. Сондықтан оған сенуге болады.

Исаның Өзі «Құдай Әкенің, рухани Ұлының және Киелі Рухының аты­­мен шомыл­дыру рәсімі» туралы тәлім беріп, Құдайдың үш тұлғалы екенін атап көр­сет­ті (Матай 28:19).

Ербол, бұл жайт қисынға қайшы емес шығар, әйтсе де ұғынуға қиындау екен.

Ал Құдайдың болмысының кейбір жақтарының түсі­нуге қиын болуы заңды да емес пе? Құдайдың құдіреті мен даналығы бүкіл әлемнен кең де ауқымды! Ал біз Құдай жаратқан әлемнің өзіміз тұрып жатқан кішкен­тай ғана бөлігін танып-білуге талпынып жатырмыз.

Сенікі дұрыс та шығар, Ербол. Бірақ бұрынырақ сен Иса пәк қыз Мәриямнан туды деген едің. Бұған сену қиын. Бұл бір адам баласы нанғысыз жайт сияқты.

Пәк қыз құрсақ көтеріп, бала табады дегенге Исаның заманындағыларға да сену оңай болған жоқ. Құдай Мәриямға: «Енді құрсақ көтеріп, ұл табасың», — деп періште арқылы хабарлағанда, ол таңырқап: «Бұл қалай болады? Мен еркекпен жақындасқан емеспін ғой», — деп сұрады (Лұқа 1:34). Пәк қыз балалы болады дегенге Мәриямның өзі де сенен кем таң қалған жоқ.

Алайда Мәриям кереметтердің мүмкін болатынына сенді. Құдайдың бар екеніне сенетін адам керемет­тер­дің де болатынына сенеді ғой!

Иә, дұрыс.

Киелі кітаптың да көзқарасы дәл осындай. Онда «Адам қолынан келмеген нәрселер Құдайдың қолы­­нан келеді» (Лұқа 18:27) делінген. Осылайша Құдайдың хабар­шысы Мәриямға: «Сенің үстіңе Киелі Рух келіп, Құдай Тағаланың құді­ре­ті саған көлеңкесін түсіреді. Сондықтан да сен табатын Киелі Бала «Құдайдың рухани Ұлы» деп ата­лмақ. Себебі Құдай­дың ешбір сөзі де жүзеге аспай қалмас!» деп түсіндірді (Лұқа 1:35,37).

Түсінікті, пәк қыздың бала тууы — Құдай жасаған керемет. Бірақ бұл жайт маған бәрібір ғажайып болып көрінеді. Құдай неге бұлай етті екен?

Мұрат, Құдайдың неге бұлай істегенінің себебін де біл­меймін. Бірақ мен Құдайдың (Өзінің) басқа да көп­теген істерін нақты қай себептен істейтінін білмеймін. Дегенмен Құдай бұны неге бұлай етті деген сұраққа менде мынадай бір тұспал бар.

Таурат, Забур және Пайғамбарлар жазбаларында Құдай­ға арнап шалынатын құрбандықтар мінсіз, еш кеміс­тіксіз болулары тиіс деп айтылған болатын. Осы­лайша Құдай жіберемін деп уәде еткен құтқару­шы­ның мінсіз де күнәсыз болатыны алдын ала көр­се­тілген. Құдайдың тек мінсіз құрбандықтарды қабылдайтынын­дай, біздің күнәларымыз үшін өлімге қиылатын құтқа­ру­шы да ешбір күнәсыз болуға тиіс болды.

Киелі кітапта адамның күнәкарлығы оның табиғи туылуы арқылы мұра етіледі делінген. Бұл әйелден гөрі, әсіресе, ер адам арқылы беріледі деп айтылған (Рим. хат 5:12-17). Аталық клетка аналық клеткамен біріккенде, адамның күнәкарлығы пайда болған ұрыққа мұра етіле­ді. Киелі кітапта Иса Мәсіхтің ешбір күнәсы жоқ делін­ген (Еврей. хат 4:15). Ал Мәсіх ер адамның қатысуымен жаралған болса, онда Ол да болмысынан адамзаттың күнә­карлығын мұра етер еді. Сондықтан құтқарушы­ның адам табиғатына ие болуы үшін адам ретінде тууы, бірақ күллі өзге адамдардай табиғатынан күнәкар болмауы үшін басқаша жолмен тууы керек болды. Сол себептен де Ол пәк қыз арқылы дүниеге келді.

 

 

Құдай шынымен бар ма?

Адам негізінде білімге қалай ие болады?

Тағы да — Құдай шынымен бар ма?

Құдай қандай?        

Құдай бар болса, неліктен жамандық та бар?

Сонда атеизм, агностицизм және гуманизм туралы не деуге болады?

Исаға деген сенімнің дәлелдемелері қандай?

Иса шынымен Кім еді?

Керемет, ғажап істердің болуы мүмкін бе?

Иса шынымен қайта тірілді ме?

Ал егер бұны шәкірттердің өздері ойлап тапса ше?

Деректерді басқаша да түсіндіруге болмай ма?

Иса Құдайға апаратын жалғыз жол ма?

Мәсіхке тиісті барлық пайғамбарлық сөздерді Иса орындай алды ма?

Діндердің барлығы да бір нәрсені үйретпей ме?

"Үшбірлік" деген сөз нені білдіреді?

Құтқарушы Иса туралы естімегендермен не болады?

Тозақ шынымен бар деп сенесің бе?

Ендеше сенушілер неге дүниенің көпшілігі емес?

Киелі кітаптың шынайы екенін қайдан білесің?

Киелі кітап пен ғылым өзара сыйыса ма?

Киелі кітап тарихқа сәйкес келе ме?

Исаның атымен аталғандардың жаман қылықтары жоқ па?

Исаға сенім артасың ба?

Құдай мені шынымен кешіре ме

Ал егер сенімім жетпесе ше?

Мен қалай рухани өсе аламын?

Рухани өсуде Киелі кітаптың алатын орны

Рухани өсуде мінажат етудің алатын орны

Рухани өсуде Құдайға мойынсұнудың алатын орны

Рухани өсуде қауымның алатын орны

Рухани өсуде Иса туралы басқалармен бөлісудің алатын орны

Исамен байланыста рухани өсу