uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

МӘСІХКЕ ТИІСТІ БАРЛЫҚ ПАЙҒАМБАРЛЫҚ СӨЗДЕРДІ ИСА ОРЫНДАЙ АЛДЫ МА?

Ербол, сен Құдай құтқарушыны жіберемін деп уәде еткен, Исаның келуімен сол уәде орындалды дейсің. Ал Құдайдың осындай уәде бергенін сен қалай дәлелдей ала­сың? Сол уәделерді орындаған басқа емес, Иса екенін де қайдан білдің?

Құдай осындай уәделерді көп берген, олардың бірі қалмай бәрі Иса арқылы орындалды. Мысалы, Исаның тууынан 1000 жыл бұрын Исраил патшасы Дәуіт пай­ғам­бар Құтқарушының айқышқа шегеленетінін айтты. Забурдағы 21 жырда пайғамбар айқышта жазаланудың қандай болатынын бүге-шігесіне дейін тәптіштеп сурет­теді. Ал өлім жазасының бұл түрін римдіктер тек Дәуіт пайғамбардан 800 жылдан кейін ғана ойлап тапты!

Исаның тууынан 500 жыл бұрын Зәкәрия пайғамбар Құдайдың адам болып дүниеге келетіні және Өзі таң­даған халқы Оны өлтіретіндігі туралы жазды.

Ишая пайғамбар Мәсіхтің пәк қыздан туатынын біл­дірген болатын (Ишая 7:14). Бұндай кереметті ешбір адам қолдан жасай алмайды, ал Иса шынымен пәк қыз­дан туды (Матай 1:18-25).

Исаның тууынан 700 жыл бұрын Миха пайғамбар Құтқарушы Бетлехем қаласында дүниеге келеді деп айтқан еді (Миха 5:2), ал Иса сол Бетлехемнің нақ өзін­де туды (Матай 2:1).

Исадан 600 жыл бұрын Еремия пайғамбар, Құтқару­шы Иса туған кезде Нәрестенің көзін құртқысы кел­ген­дер сол атырапта тұрып жатқан нәрестелердің бәрін өлті­ре­ді деп жазып кетті (Еремия 31:15). Яһуда патшасы Ирод Иса дүниеге келгенде, Оны өлтірмек болып, кездейсоқ тірі қалдырмас үшін сол аймақтағы жасы екіден төмен ер балалардың бәрін өлтіруге бұйрық берді де (Матай 2:16). Алайда бұл туралы Құдайдың ескертуімен білген Исаның ата-анасы Жүсіп пен Мәриям Нәрестені алып, Мысырға қашып құтылды. Олардың осылай Мысырға бас сауғалайтыны туралы да Алла Тағала Ошия пайғам­бар арқылы содан 700 жыл бұрын білдірген болатын (Ошия 11:1)!

Дәуіт пайғамбар Құтқарушыға жақын досы сатқын­дық жасайды деген (Забур жыр. 40:10; 55:13-15), ол солай болып шықты да (Матай 10:4; 26:49-50; Жохан 13:21).

Зәкәрия пайғамбар Құтқарушыны сатқан адам соны­сы үшін отыз күміс теңге сыйақы алады деген еді (Зәкә­рия 11:12), ал Исаға сатқындық жасаған Яһуда Исқариот дәл осы мөлшерде ақша алды (Матай 26:14). Сатқындық жасаған кісі кейін сол ісіне өкініп, ақшаны ғибадат­ханаға қайта әкеліп, сонда тастайды делінсе (Зәкәрия 11:13), Яһуда Исқариот дәл осы нәрсені істеді (Матай 27:5). Осы ақша кейін бір құмырашының егіндік жерін сатып алуға жұмсалады деп жазылса, солай болды да (Зәкәрия 11:13; Матай 27:7). Дәуіт пайғамбар жалған куәгер­лер Құтқа­ру­шыға жала жабады деген еді (Забур жыр. 34:11), шынын­да да солай болды (Матай 26:59-61).

Ишая пайғамбар Құдайдың әділ Қызметшісі Өзін айып­таушылардың алдында үнсіз болады деп жазған еді, Иса дәл осылай істеді (Матай 27:12-19). Пайғамбар Құтқарушы адамдардың күнәсы үшін жараланып, жапа шегеді деген еді (Ишая 53), ол солай болды (Матай 27:26, 67; 20:28), әрі басқалар Оны ұрып, Оған түкіреді деген еді (Ишая 50:6), солай болды да (Матай 26:67).

Дәуіт пайғамбар Құтқарушының қорланатынын айтқан еді (Забур жыр. 21:7-9), ол да солай болды (Матай 27:31). Оның аяқ-қолдарын бір нәрсе түйреп жаралайды деп айтылған еді (Забур жыр. 21:17). Иса айқышқа ілін­генде Оның аяқ-қолдарын шеге тесті. Ишая пайғамбар Мәсіхті қылмыскерлермен бірге өлімге кесіледі деген еді (Ишая 53:12), ол солай болды (Матай 27:38; Марқа 15:27-28). Ишая тіпті Құтқарушы Өзін өлтіріп жатқан өз халқы үшін де Құдайға мінажат ететін болады деген еді (Ишая 53:12), ал Иса айқыш ағашта жан тәсілім етейін деп тұрғанда «Әке, оларды кешіре гөр! Олар не істеп жатқан­да­рын түсінбейді» (Лұқа 23:34) деп, осы сөзді де орындады.

Иса Таурат, Забур және Пайғамбарлар жазбаларында осы және тағы басқа көптеген пайғамбарлық сөздерді жүзеге асырды. Олардың барлығы да жалғыз Исаның жеке басында орындалатынының ықтималдығы мей­лін­­ше аз. Айталық, Иса туралы осындай тек қана он пайғам­бар­лық сөз болса әрі Исаның оларды орындауының мүмкіндігі 50% болса (ал шын мәнінде ол одан әлдеқай­да төмен), сонда осы он сөздің барлығын орындау­дың ықтималдығы 2-10, немесе 2048-ден бір болар еді. Бірақ Иса туралы пайғамбарлық сөздердің саны 10 емес, 300 шамасында. Онда ықтималды 2-300 дәрежесінен бір шама­сында, яғни екі көбейтілген онның тоқсан дәре­жесінің бір шамасынан да аз болады!

Осының бәрінен ақылға сыйымды тек мына бір қоры­тындыға келуге болады: Құтқарушы туралы ежел­де ал­дын ала айтылған пайғамбарлық сөздерді Құдайдың Өзі білдірген және Иса Құдайдың уәде еткен Құтқару­шысы болғандықтан осы сөздер Оның өмірінде жүзеге асты.

Мұрат, көріп отырғаныңдай, Иса Өзін кіммін десе, шынымен Сол, яғни адам кейпіне енген Құдай болға­ны. Және Оның біздің күнәларымыз үшін өлгенінің де шындық болғаны. Сондықтан әрбір адамда Оған сеніп, мойынсұнудан басқа еш шара қалмайды.

Ал дін әлсіз адамдарға арналған «балдақ» қана емес пе? Маған да оның керегі шамалы.

Әлбетте, Мәсіхке деген сенім — өмірінде басқа сүйе­нер ешкімі жоқ адамдарға арналған «балдақ». Бірақ ол «балдақ» болғаны үшін ғана өтірік болмайды. Аяғы зақымдалған адамдардың балдақты қолдануы орынды, оларды ешкім сол үшін жазғырмайды. Дәл сол сияқты, рухани дағдарысқа ұшыраған адамдарға да оларға өмір сүруге көмектесетін осындай «рухани балдақ» керек. Олардың бұндайды қолданғандары ақымақтық емес, нағыз ақылдың белгісі!

Мейлі. Басқаларға керек болса керек шығар. Бірақ маған емес!

Онда сен бір ерекше адам болғаның ғой. Бірақ мен сен өзіңді елден ерекше адаммын деп ойлайды дегенге сен­беймін. Бұрынырақ сен өзің кейде күнә жасай­тының­ды, істеуге керектіні істемей, істемеуге тиістіні істейтініңді мойындаған едің. Әрине, кейде сен игі іс те жасайсың. Бірақ әрқашан емес.

Құдай Мұса арқылы Таурат заңын бергенде, Құдайға толығымен ұнамды болу үшін осы заңның бір жерін де бұзбай мүлтіксіз орындау керек деген болатын. «Осы Тау­рат заңының ережелерін бұлжытпай орындамайтын әркім­ді қарғыс атады!» делінген (Заң. қайтал. 27:26). Пауыл елші: «Тауратта жазылған барлық ереже­лер­ді бұлжыт­пай орын­да­май­тын әркімді қарғыс атады!» деген­де де осыны айтты. (Ғалат. хат 3:10). Құдай мінсіз кемел­­ді­лікке ғана риза болады. Тіпті сен, достым, қанша жақ­сы адам бол­саң да, өзіңді мінсізбін деп айтпайсың ғой. Демек, басқа­ларға керек болғандай, осы «балдақ» саған да керек.

Ал, Ербол, өзіңнің айтуыңша, осы Таурат заңы тек яһудилерге ғана арналмап па еді? Демек, Құдай оны маған арнап берген жоқ. Ендеше мен қалайша сол заңға бағы­нуым керек?

Біріншіден, сен Құдай бұйырған осы заң туралы енді білесің. Мысалы, оның «Он өсиет» деп аталған ең бас­ты ережелері мыналар:

«Мен ... Құдайың — Жаратқан Иемін. Сенің Менен басқа ешқандай тәңірлерің болмасын!

Аспанда, жерде не суда бар нәрселердің ешқай­сысы­нан өзіңе тәңір бейнелерін жасама!

Құдай Иеңнің атын орынсыз аузыңа алма!

Демалыс күнін Тәңірге бағыштауды ұмытпа!

Ата-анаңды сыйла!

 Кісі өлтірме!

Неке адалдығын бұзба!

Ұрлық жасама!

    Ешкімді бекерге айыптама!

Басқаның үйіне ие болуға сұқтанба!

(Мысыр. шығу 20:1-17)

Сонымен сен Құдай бұйырған бұл заңға мойын­сұнуға тиіссің. Екіншіден, Құдай адамдардың барлығына Өзі­нің заңын жазба түрде берген болмаса да, әрбір адамға ар-ұждан берілген. Ал ар-ұждан дегеніміз — бүкіл әлем­дегі адамдарға Құдайдың заңындағы талаптарды білді­ріп тұратын өз ақыл-саналарындағы түйсік. Құдай­дың елшісі Пауыл Інжіл шарифте дәл осыны былай деп айтып кетті: «Таурат заңы жоқ басқа ұлттар өз ерік­те­рімен оның талаптарын орындаса, онда олар өздерінің сол заң­сыз-ақ не істеп, не қою керек екенін білетін­дік­терін көрсе­те­ді. Осы арқылы олар Тау­рат заңы­ның талаптарының өз жүрек­те­рін­де жазулы екенін дә­лел­дейді. Бұған олар­дың ар-ұждан­дары куә, яғни олар­ды іштей қаралайтын неме­се ақ­тай­тын осы ұж­дан­дарынан туған ойлары куә» (Рим. хат 2:14,15). Адам Құдайдың заңында жазылған талаптармен таныс болмаса да, өзінің ар-ұжданы арқы­лы Құдайдың талаптарын: жалған тәңірлерге бағынбау, ата-ананы сыйлау, ұрлық жасамау, өтірік айтпау, басқа­ларды алдамау қажет екендігін біледі. Осы себепті, Құдайдың заңында жазылғанды білсе де, білмесе де, әр­бір адам осы заңдарды бұзғаны үшін Құдайға жауап беруге тиіс.

Мұрат, бұрынырақ сен кейбір істерді істеуге болмай­ты­нын біле тұра істеп, ал өзің істеуге тиісті істерді істемейтініңді айтып мойындаған едің. Демек, сен біл­ген әділ ережелерді орындап келген жоқсың, сол үшін сен Құдайға жауап беруге тиіс боласың.

Сонда қалай, менің жақсы істерімнің пайдасыз болғаны ма? Жақсы адам болып өмір сүрсем, бұған Құдай риза болмай ма?

Сенің өмір бойы істеген істеріңнің барлығы, біреуі қалмай, жақсы да дұрыс болған жағдайда ғана олар Құдай­дың алдында пайдалы болар еді. Кімде-кім күнә­сыз өмір сүрсе, Құдай оны соның негізінде-ақ қабыл­дайды деп Киелі кітапта жазылған. Басқаша айтқанда, егер іс-әрекетіңнің барлығы Құдайдың заңына толық сәй­кес болса, онда Құдай сені сол үшін жұмаққа қабыл­дайды.

Сонымен Құдай пенденің істеген жаманы мен жақсы­сын таразылап, қайсысы басымырақ екен деп қарап отыр­майды. Құдайдың пендеге қоятын талабы — мін­сіз кемелділік. Егер сен осы мінсіз кемелділіктен иненің жасуындай ғана мөлшерге ауытқысаң, болды, Құдай­дың талабын орындамаған болып шығасың. «Бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлы­лы­ғынан құр алақан қалды» деп Киелі кітапта жазылған (Рим. хат 3:23). Мұндағы мәселе адам баласы күнәны көп жасады ма, аз жасады ма дегенде емес. Адамның күнә жасаған­дығының өзі оны Құдайдың талап еткен мінсіз кемел­ділігінен жұрдай қылады.

Ал Құдайдың бізден мінсіз кемелді бол деп талап етуі дұрыс па?

Енді, Ол біздің Жаратушымыз ғой... Біздің Жарату­шы­мыз болғандықтан, Ол бізден барлық нәрсені де талап ете алады. Және біздің бұған шағымдануға хұқығымыз жоқ. Алайда Киелі кітапта Құдайдың шексіз әділ екендігі туралы айтылған. Барлық жағынан болғандай, әділ­дік жағынан да Құдай Тағалаға ешкім тең келе ал­майды. «Жаратқан Ие әділ, Ол ешқандай әділет­сіз­дік істемейді. Әрбір таң атқан сайын Өзінің әділ сотын жүр­гізеді, Ол ешқандай қате жібермейді» (Софони 3:5).

Ал шындығында Құдай бізге Өзінің алдында кемелді болу үшін қоятын талаптарына сәйкес келуге бір мүм­кін­дік берді. Ол мүмкіндік — Құтқарушы Исаға сену.

Бұл да дұрыс емес. Құдайдың талаптарын орындау үшін мен неге Исаға сенуім керек?

Ал бір күрделі аспапты құрастырғанда, жақсы жұмыс істесін десең, оны неге нұсқауларға сүйеніп құрастыру керек? Компьютерді жұмыс істету үшін неге дұрыс түймелерді басу керек? Бұлар да дұрыс емес пе? Әрине, жоқ! Сол күрделі аспапты немесе компьютерді ойлап шығарғандар оларды белгілі бір шарттар орындалғанда ғана жұмыс істейтін етіп шығарған.

Құдай да бізді осылай жаратқан. «Жақсы жұмыс іс­теп», яғни Өзі белгілеген талаптарға сәйкес болуымыз үшін не істеу керектігін Құдай Тағала бізге білдірген. Оның бізге қойған талаптарын орындау өз мүмкін­ді­гі­міз­ден артық болмағандықтан, Оның бұндай талап қоюы орын­ды. Негізінде сенде мына екі мүмкіндік бар: не өз күшің­мен, не Исаға сену арқылы кемелділікке қол жет­кізу. Егер өз күшіммен жете алмаймын деп санасаң, онда екін­ші жолды таңдап ала аласың. Ал егер, керісінше, екінші жолды жақтырмай, алқашқысын таңдап алсаң, ол үшін өзің жауап бересің. Бұл жерде ешқандай әді­лет­сіздік жоқ.

Киелі кітапта ешбір адам баласының өз күшімен Құдай­дың қоятын талаптарына сәйкес келе алмайтыны нақты айтылған. Ол еш адам баласы жұмаққа өз күші­мен бара алмайды, ізгі істердің де бұл мақсатқа жеткі­зе­тін күші жоқ дейді. Ізгі істер арқылы Құдаймен тығыз байланыс орнату мүмкін емес. Оған қол жету үшін құн төлеудің қажеті жоқ. Ал шынында Иса Өзі­нің пәк өмі­рін біз үшін құрбан еткені арқылы соның құнын төледі.

Рас, мен бұрынырақ күнә жасайтынымды мойындаған едім. Бірақ та мен сондай бір шектен шыққан жаман күнәкар да емеспін ғой. Құдай Гитлер сияқтыларды тозаққа жіберсе, бұл әбден дұрыс. Бірақ Гитлер кім, мен кім? Азын-аулақ күнәларым болса да, олар сондай зор емес ғой.

Өз күнәларыңды өзің азын-аулақ деп кішірейт­кенің­мен, Құдайға олай көрінбейді. Түсінесің бе, Құдай біз­дің күнәларымыздың басқаларға қаншама зиян келтір­гені­не онша назар аудармайды, Оның назар аударатыны — сенің күнә жасау арқылы Оны лайықты түрде қастер­леме­ге­нің. Құдай Жаратушымыз болғандықтан, біздің Өзін толық қастерлеуімізге лайық. Ал егер күнә жасасақ, демек, Оны тиісінше қастерлемейсің деген сөз. Ал бұл енді өтірік айту, ұрлау, алдаудан әлдеқайда ауыр іс. Осы себеппен Исаның туған інісі Жақып Інжіл шариф­тегі хатында былай деп жазған: «Тіпті бүкіл Таурат заңын орын­дай тұра, бір жерінде сүрінген адам оны түгел бұз­ғандай айып­ты» (Жақып. хаты 2:10).

Мүмкін, сен өзіңнің күнәларыңды аса ауыр емес, майда-шүйде бірдеңе деп ойлайтын шығарсың. Бірақ Құдай олай ойламайды. Егер Құдай олай ойласа, күнә­ла­рыңның құнын өтеу үшін Өзінің рухани Ұлын өмірін құрбан етсін деп жібермес еді.

Алайда мен Құдайды қастерлемейтін біреу емеспін!

Күнә жасау дегеніміздің өзі — Құдайды қастер­ле­меу. Ал егер сен шынымен Құдайды қастерлейтін болсаң, онда Құдайға келудің жалғыз жолын қабылдауың қажет. Бұл жол — Исаға Құтқарушы Ием деп мойынсұну.

Құдай бұны шынымен айта ма?

Бұдан бұрынырақ біз Исаның Өзін Құдай жіберген Құтқарушымын деп атап, бұл сөзін өлімнен қайта тірі­луі арқылы дәлелдегенін көрген едік. Оның не айтқаны есіңде ме? «Жол, шындық және шынайы өмір Менмін. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге бара ал­майды» (Жохан 14:6). Петір елші де халыққа: «Исадан басқа ешкім де бізді (Құдайдың қаҺарынан) құт­қара ал­май­ды! Ас­пан астын­да бізді құтқаратын басқа ешкім­нің есімі адам­дарға бұйыр­ма­ған!» — деген (Елшілер. істері 4:12).

Құдай әрбір адам баласына Иса арқылы құтқары­лу­ды ұсынады. Құтқарылудың бұдан басқа жалғыз жолы Құдайдың заңын мүлтіксіз орындау болар еді. Бірақ еш­бір адам баласының мұны істеуге қауқары жоқ. Ал осы екеуінен өзге құтқарылудың ешбір жолы жоқ. Исаға сеніп мойынсұну арқылы құтқарылуға мүмкіндік беруі Құдайдың бізге деген сүйіспеншілігінің қаншама зор екендігін көрсетеді. «Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүй­ген­дік­тен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құр­­бандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозақ­қа түспей, мәң­гілік өмірге ие бола­ды. Құдай Өзінің рухани Ұлын адамзатты соттауға емес, құт­қаруға жібер­ді. Оған се­нушілер қияметте сотталмайды, ал Құдайдың жал­ғыз рухани Ұлына сен­бей­тіндер әлдеқашан сот­тал­­ған» (Жохан 3:16-18).

 

 

Құдай шынымен бар ма?

Адам негізінде білімге қалай ие болады?

Тағы да — Құдай шынымен бар ма?

Құдай қандай?        

Құдай бар болса, неліктен жамандық та бар?

Сонда атеизм, агностицизм және гуманизм туралы не деуге болады?

Исаға деген сенімнің дәлелдемелері қандай?

Иса шынымен Кім еді?

Керемет, ғажап істердің болуы мүмкін бе?

Иса шынымен қайта тірілді ме?

Ал егер бұны шәкірттердің өздері ойлап тапса ше?

Деректерді басқаша да түсіндіруге болмай ма?

Иса Құдайға апаратын жалғыз жол ма?

Мәсіхке тиісті барлық пайғамбарлық сөздерді Иса орындай алды ма?

Діндердің барлығы да бір нәрсені үйретпей ме?

"Үшбірлік" деген сөз нені білдіреді?

Құтқарушы Иса туралы естімегендермен не болады?

Тозақ шынымен бар деп сенесің бе?

Ендеше сенушілер неге дүниенің көпшілігі емес?

Киелі кітаптың шынайы екенін қайдан білесің?

Киелі кітап пен ғылым өзара сыйыса ма?

Киелі кітап тарихқа сәйкес келе ме?

Исаның атымен аталғандардың жаман қылықтары жоқ па?

Исаға сенім артасың ба?

Құдай мені шынымен кешіре ме

Ал егер сенімім жетпесе ше?

Мен қалай рухани өсе аламын?

Рухани өсуде Киелі кітаптың алатын орны

Рухани өсуде мінажат етудің алатын орны

Рухани өсуде Құдайға мойынсұнудың алатын орны

Рухани өсуде қауымның алатын орны

Рухани өсуде Иса туралы басқалармен бөлісудің алатын орны

Исамен байланыста рухани өсу