uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

ИСА ҚҰДАЙҒА АПАРАТЫН ЖАЛҒЫЗ ЖОЛ МА?

Құдайға жағу үшін мен неліктен міндетті түрде Исаға сенуім керек? Бұған басқа бір жолмен қол жет­кізуге болмай ма?

Иса Өзін Құдаймын деген. Егер Оның осы айтқаны рас болса, онда Оның басқа айтқанының бәрі де рас. Ал Оның сөздерінің растығына мен жоғарыда дәлелдерді, соның ішінде ең күшті дәлел — оның өлімнен қайта тірілгенін келтірген едім. Демек, Исаның айтқан сөзі­не сенуге негіз бар. Ол былай деген: «Жол, шындық және шынайы өмір Менмін. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге бара ал­майды» (Жохан 14:6).

Біз күнәларымыз үшін Құдайдың жазасын тартуға тиіспіз. Ол Өзі кемелді, ешбір күнәсыз болғандықтан, біз­ден де сондай болуымызды талап етеді. Ал адам баласының бірде-бірі ондай емес, бола да алмайды. Біз Құдайдың талабын орындамаған болып шығамыз. Құдай шексіз әділ болғандықтан, Өзінің еркін орында­маған­дар­дың бәрін жазалауы керек. Иса Өзінің өмірін күнә­ларымыздың төлемі ретінде беріп, бізді осы жазадан құтқаруға келгенін айтқан (Матай 20:28).

Бұның бәрі неге керек? Құдай бізді кемшіліктерімізге қарамай-ақ қабылдай алмай ма?

Құдай әрбір адамды Өзімен тығыз қарым-қатынаста болсын деп жаратқан, бірақ біздің күнәларымыз Оның жиренішін туғызады. Яһудилердің ежелде өткен бір пай­ғамбары, Аббақұқ, бірде Құдайға былай деп міна­жат еткен: «Пәк таза көздерің жамандыққа разылықпен қара­­майды, Сен зұлымдыққа ризашылықпен қарай алмай­­сың» (Аббақұқ 1:13). Сонымен адамзаттың күнә­кар­лығы оны Құдайдан мүлдем ажыратқан. Алайда Құдайдың адам баласына деген сүйіспеншілігінің зор болғаны сон­ша, бізді құтқаратын: демек, біздің орнымызға бізге тиісті жазаны қабылдап, бізді күнә мен оның жаза­сы­нан азат ететін біреуді — тіпті, Өзінің рухани Ұлын жіберуді уәде етті. Құдай ежелден-ақ құтқарушы жібе­ремін деген уәдесін Иса Мәсіхті жіберіп орындады.

Құдайдың бізді күнәның жазасынан құтқару үшін төле­ген құны — Өзінің рухани Ұлы — шексіз қымбат болды. Егер бізді Құдайға жеткізе алатын басқа бір жол болса, онда Исаның жанын құрбан етуі қажет бол­мас еді. Бірақ Құдайдың Исаны жібергені — адам­затты құт­қарудың басқа жолы жоқ екенінің айғағы. Исаның өлімнен қайта тірілгені екі нәрсені дәлелдеді: Исаның шынымен Құдай жіберген Құтқарушы екенін және Оның күнәларымыздың құнын шынымен өтеге­нін.

 

 

Құдай шынымен бар ма?

Адам негізінде білімге қалай ие болады?

Тағы да — Құдай шынымен бар ма?

Құдай қандай?        

Құдай бар болса, неліктен жамандық та бар?

Сонда атеизм, агностицизм және гуманизм туралы не деуге болады?

Исаға деген сенімнің дәлелдемелері қандай?

Иса шынымен Кім еді?

Керемет, ғажап істердің болуы мүмкін бе?

Иса шынымен қайта тірілді ме?

Ал егер бұны шәкірттердің өздері ойлап тапса ше?

Деректерді басқаша да түсіндіруге болмай ма?

Иса Құдайға апаратын жалғыз жол ма?

Мәсіхке тиісті барлық пайғамбарлық сөздерді Иса орындай алды ма?

Діндердің барлығы да бір нәрсені үйретпей ме?

"Үшбірлік" деген сөз нені білдіреді?

Құтқарушы Иса туралы естімегендермен не болады?

Тозақ шынымен бар деп сенесің бе?

Ендеше сенушілер неге дүниенің көпшілігі емес?

Киелі кітаптың шынайы екенін қайдан білесің?

Киелі кітап пен ғылым өзара сыйыса ма?

Киелі кітап тарихқа сәйкес келе ме?

Исаның атымен аталғандардың жаман қылықтары жоқ па?

Исаға сенім артасың ба?

Құдай мені шынымен кешіре ме

Ал егер сенімім жетпесе ше?

Мен қалай рухани өсе аламын?

Рухани өсуде Киелі кітаптың алатын орны

Рухани өсуде мінажат етудің алатын орны

Рухани өсуде Құдайға мойынсұнудың алатын орны

Рухани өсуде қауымның алатын орны

Рухани өсуде Иса туралы басқалармен бөлісудің алатын орны

Исамен байланыста рухани өсу