uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

ДЕРЕКТЕРДІ БАСҚАША ДА ТҮСІНДІРУГЕ БОЛМАЙ МА?

Яһуди басшылары Исаның мүрдесін қабірден таппады деп жаңа айтып кеттің. Мүмкін, олар қабірлерді шатас­тырып, бос жатқан басқа бір қабірге тап болған шығар?

Онда басшылар ғана емес, қалғандар да адасып, басқа бір қабірге тап болды деген сөз. Ол тірілді деген хабар­ды ести салысымен, соның анық-қанығына жету үшін шәкірт­тердің кейбіреулері сол жерге жүгіріп бармап па еді? Демек, олар да Оның денесі қойылған қабірдің нақты қай жерде орналасқанын ұмытып қалды деген сөз. Иса­ның қабіріне алдымен барған бірнеше әйел болатын. Олар содан 36 сағат қана бұрын Исаның мәйітінің сол жерге қойылғанын өз көздерімен көрген еді. Менің ойым­ша, олар үш күн өтпей жатып қабірдің нақы орна­ласқан жерін ұмытып қалды деу ақылға қонбайды.

Оның үстіне, яһуди басшылары да Исаның өлімнен қайта тірілетіндігі туралы хабарды естіген болатын. Сондықтан олар ешкім Исаның денесін ұрлап әкетіп, кейін Оны қайта тірілді деген хабарды таратпасын деп, соның алдын алмақ та болған. Бұл үшін олар римдік әміршіден Исаның қабіріне күзет қоюды сұрады. Күзет­тің сарбаздары, римдік әкімшілік, яһуди басшылары, бәрі де қабірдің қайда екенін жақсы білді. Тіпті білме­ген жағдайда да, оларға сол маңдағы қабірлердің бәрін тексеріп, денені тауып, қайта тірілу туралы уағыздауды тоқтату қиынға соқпас еді.

Оның үстіне, бұлардың бәрі қабірді шатастырып алды деген болжам Исаның өліп, жерленгенінен кейін көп­те­ген адамдарға көрініп, олармен бірге тамақ ішіп, уақыт өткізгеніне қисынды түсінік бере алмайды.

Ы-м-м... Мүмкін, Иса айқышта өлмеген де шығар? Ол айқышта есінен танып, кейін қабірде есін жиып, одан шығып кеткен шығар?

Бұл да мүмкіндік, бірақ мардымсыз ғана. Исаны өлді дегенде, римдік жауынгер соған көз жеткізу үшін най­за­сын Оның бүйіріне, дәл жүрегінің тұсына сұғып алды. Адамдарға өлім жазасын жүзеге асыратын римдік жасақ­шылар шетінен бұл істі жетік меңгергендер еді. Есінен танып қалған адамды шын өлген адамнан олар оп-оңай ажыратып алар еді. Сондықтан олардың қателесу ықти­мал­дығы өте мардымсыз.

Тіпті олар шынымен қателесіп, Иса расында да айқыш­та есінен танып, кейінірек жаны кіріп, есін жинады десек те, бұл Оның қайта тірілгені туралы хабарды дәлелдей алмас еді. Себебі Иса толығымен шыншыл адам бол­ған­дықтан, Өзін өліп, қайта тірілді деп жүрген шәкірт­теріне міндетті түрде тоқтау айтар еді. Және Иса ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір өліп, бұл Оның шәкірттерінің үмітін біржолата өшірер еді.

Есін жинау жорамалы Исаның өлімнен қайта тіріл­ге­нінен кейін шәкірттеріне бірнеше рет көрінгенін түсін­діре алмайды. Он тоғызыншы ғасырда өмір сүр­ген, өзі Исаның қайта тірілгеніне сенбеген Давид Фридрих Штраус деген тарихшы және ойшыл Исаның уақыт­­ша есінен тануы­ның жорамалы жайында былай деген:

«Қабірден шалажансар күйінде жасырын шыққан, әл­сіз де науқас әрі дәрігерлік көмек, бағып-қағу, жара­ларын таңуға зар болып, ақыр соңында бәрібір қайтыс болған бір сормаңдай кісі өзін шәкірттеріне өлім мен о дүниенің Жеңімпазы, Тіршіліктің Патшасы етіп көр­се­те алмас еді. Алайда Оның Өзін осындай тұрғыда көрсеткені шәкірттерінің кейінгі қызметтерінің негізі болды. Ол іс жүзінде өліп, қайта тірілмей, жай есін жинаған болса, бұл жайт Оның өмірі мен өлімі арқы­лы шәкірттеріне жасаған терең әсерін тек әлсіретіп қана қояр еді. Әрі кеткенде, бұл шәкірттерді Ол туралы: «Қайран Иса!» дегізіп қана қояр еді. Бірақ бұл олар­дың қайғысын қуаныш пен қайрат-жігерге айнал­ды­рып, Иса­ны құрметтеулерін Оған Ием деп мойынсұну дәрежесіне көтере алмас еді».

Ербол, біреу келіп, мүрдені ұрлап әкеткен болса ше? Онда Исаның шәкірттері бұны білмей, Ол шынымен өлім­­нен қайта тірілген екен деп ойлап қалулары мүмкін ғой!

Бәрібір, осы рас болса, онда шәкірттері не себептен Оны көрдік деп айтады? Ұмытпа, кейбір шәкірттер қайта тірілген Исаны өз көздерімен көргендері туралы айтқан­дарынан қайтпағандары үшін тіпті өмірлерін қиды.

Оның үстіне, мүрдені ұрлау кімге керек? Немесе оны кім ұрлар еді? Римдіктерге мүрдені ұрлаудың еш қажеті болған жоқ. Тіпті ұрлаған болса да, шәкірттер Исаны өлімнен қайта тірілді деп жариялай бастағанда, римдік­тер қуана-қуана өлі денені жұртшылыққа көрсеткен болар еді. Демек, римдіктер мүрдені ұрлаған жоқ.

Яһуди басшыларының да мүрдені ұрлайтын еш себеп­тері болған жоқ. Керісінше, олар сүйектің қабірден шыға­рылмай, сонда жата беруіне мейлінше мүдделі еді. Олардың римдіктерден қабірге күзет қоюды сұрау­ла­ры­ның да себебі осы. Тіпті мүрдені ұрлап алған өздері болса да, олар оны кейін көрсетіп, қайта тірілу туралы ілімді тоқтатқан болар еді.

Сол кездегі яҺуди елінде Исаның мәйітіне не болғаны тек Исаға сенушілерді ғана қызықтыратын еді. Бірақ мәйітті ұрлауға олардың да еш себептері болған жоқ. Иса өлгеннен кейін олардың қайрат-жігерлері құм болып, не істерлерін білмей, қозғалысты жалғастыратын жолды іздеп табуға ешқандай ұмтылыстарының болмағанын өздері де жазбаларында мойындайды. Олар тіпті Иса­ның қайта тірілемін деген сөздерін де жете түсінген жоқ. Және, әрине, бұрынырақ айтқанымыздай, өтірік екенін біле тұра, елшілердің сол үшін жанын қиюға әзір болғанына да сену қиын. Басқа-басқа, дұрыс қару-жарақ­тары да жоқ, өмірінде соғыс көрмеген балық­шы­лардың тіс қаққан, дүниенің бар әскерімен соғысып шыңдалған римдік жауынгерлерге бас салып, олардан Исаның дене­сін тартып алды дегенге сену енді қиындау.

Көріп отырсың, Исаның қабірінің неге бос екенін түсін­діретін алуан түрлі болжамдар бар. Бірақ Иса өлім­нен қайта тірілді дегеннен басқасының бәрі дүдә­мал жора­малдар ғана. Саналы адам ретінде әркім ең ықти­мал деген мүмкіндікке сүйеніп шешім қабылдауы керек. Осындай мүмкіндіктердің ең ықтималы — Исаның шыны­мен өлімнен қайта тірілгені. Ал оған көз жеткізудің төте жолы — Исаға сиынып, Өзін саған көрсетуін, сенің Иең болып, күнәларыңды кешіруін және Құдаймен тығыз қарым-қатынас орнатуын өтіну.

Ербол, Исаның шынымен өлімнен қайта тірілгенінің тарихи ықтималдығы жоғары екенін және Ол Өзін кім­мін десе, Сол болғанына сенуге болатын шығар. Бірақ мен сонда да бұған жай сене салғым келмейді. Сенің айт­қа­ныңның бәрі бұлтартпас дәлел емес қой. Исаның өлім­нен қайта тірілгенін әрі Оның Құдай екендігін сен ғылыми тұрғыдан дәлелдей алмайтындығыңнан, Оған сену ақылға сыйымды дей алмаймын. Маған Құдайға бүкіл өміріңді көпе-көрнеу бағыштай сал деп отырсың, бұл үшін маған бұлтартпас дәлелдер қажет.

Сен бұндай дәлелдерді сұрамай-ақ, өміріңді күнде­лік­ті түрлі нәрселерге сеніп тапсырып жүрген жайың жоқ па? Сен онсыз да күн сайын тәуекелге бел байлап жүрсің. Мысалы, көлікке мінгенде, сол көлігіңнен жанармай тамшылап, оған ұшқын тиіп, жарылып кет­пей­тіні туралы сенде бұлтартпас дәлел, толық кепіл болмаса да, мінесің ғой! Немесе, көп қабатты үйдің лифтіне мін­ген­де, сенде оның тросы үзіліп, лифт жер­ге құлап, мерт болмайсың деген кепіл бар ма? Әрине, жоқ.

Біз бұрынырақ ең ықтимал мүмкіндікке негізделіп шешім қабылдау туралы сөйлесіп едік қой, есіңде ме? Кейде белгілі бір мәселенің шешіміне көп нәрсе тәуел­ді болғандықтан, біздің қолда бар дәлелдер онша сенді­рер­лік болмаса да, өзімізге сеніп шешім қабылдауымыз қажет болады. Мен бұл жерде мәсіхшіліктің дәлелдері онша сендірерлік емес деп отырғаным жоқ. Керісінше, оның дәлелдерін мен өз басым өте қисынды деп ойлай­мын. Әйтеуір, сол дәлелдер тіпті онша күшті болмаса да, әркімнің Иса Мәсіхке сенуі сенбегеннен гөрі ақыл­ды­рақ шешім болар еді, өйткені мұның құны өте жоғары. Кім Исаға сенбесе, сол күнәларының жазасын өзі тар­тып, мәңгілікке Құдайдан түбегейлі ажырап, азап шеге­тін болады.

 

 

 

Құдай шынымен бар ма?

Адам негізінде білімге қалай ие болады?

Тағы да — Құдай шынымен бар ма?

Құдай қандай?        

Құдай бар болса, неліктен жамандық та бар?

Сонда атеизм, агностицизм және гуманизм туралы не деуге болады?

Исаға деген сенімнің дәлелдемелері қандай?

Иса шынымен Кім еді?

Керемет, ғажап істердің болуы мүмкін бе?

Иса шынымен қайта тірілді ме?

Ал егер бұны шәкірттердің өздері ойлап тапса ше?

Деректерді басқаша да түсіндіруге болмай ма?

Иса Құдайға апаратын жалғыз жол ма?

Мәсіхке тиісті барлық пайғамбарлық сөздерді Иса орындай алды ма?

Діндердің барлығы да бір нәрсені үйретпей ме?

"Үшбірлік" деген сөз нені білдіреді?

Құтқарушы Иса туралы естімегендермен не болады?

Тозақ шынымен бар деп сенесің бе?

Ендеше сенушілер неге дүниенің көпшілігі емес?

Киелі кітаптың шынайы екенін қайдан білесің?

Киелі кітап пен ғылым өзара сыйыса ма?

Киелі кітап тарихқа сәйкес келе ме?

Исаның атымен аталғандардың жаман қылықтары жоқ па?

Исаға сенім артасың ба?

Құдай мені шынымен кешіре ме

Ал егер сенімім жетпесе ше?

Мен қалай рухани өсе аламын?

Рухани өсуде Киелі кітаптың алатын орны

Рухани өсуде мінажат етудің алатын орны

Рухани өсуде Құдайға мойынсұнудың алатын орны

Рухани өсуде қауымның алатын орны

Рухани өсуде Иса туралы басқалармен бөлісудің алатын орны

Исамен байланыста рухани өсу