uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

ИСА ШЫНЫМЕН ҚАЙТА ТІРІЛДІ МЕ?

Жарайды, кереметтердің болу мүмкіндігімен келісе­мін. Бірақ Исаның шынымен қайта тірілгенін қайдан біле­сің? Сондай оқиғаның мүмкін болуы оның шынымен болған­ды­ғын білдірмейді ғой!

Мұрат, біз кез келген болған оқиға туралы қайдан біле­міз? Тарихи дәлелдерге сүйене отырып емес пе? Сол сияқты, Исаның өлімнен тірілгенінің тарихи дәлелдері де бар. Алдымен осы дәлелдерге біраз шолу жасайық. Сонда оларды түсіну бізге оңайырақ болады.

Жер бетіндегі өмірінің соңғы үш жылында Иса Өзі­нің айқышқа шегеленіп, өліп, содан үш күн өткен соң қайта тірілетіні туралы бірнеше рет алдын ала айтқан бола­тын. (Иса Өзінің құрбан болуы адамзаттың күнә­ла­ры­ның құнын өтеу үшін қажет деп түсіндірді.) Мысалы, өлімге кесілеріне бір аптадай уақыт қалғанда, Иса өзінің ең жақын шәкірттеріне былай деген еді: «Енді Иеруса­лим­ге өрлеп бара жатырмыз. Сол жерде көктен келген Билеу­шіні (яғни Исаның Өзін) басты діни қызмет­керлер мен дін мұғалім­деріне сатып кетеді. Олар Оны өлім­ге кесіп, Құдайға мойынсұнбайтын басқа ұлт адам­дарына ұстап береді. Солар Оны мазақ етіп, қамшымен сабайды, ақырында айқышқа шегелеп өлтіреді. Алайда Ол үшінші күні қайта тіріледі!» (Матай 20:18-19; Иса­ның осы мағынадағы сөздерін төмендегі аяттардан табуға болады: Матай 12:40; 16:4; 17:22-23; 23:32; Лұқа 9:22,31; 24:6-7; Марқа 9:9; 10:34).

Осындағы көңіл аударарлық бір жайт — шәкірт­тер­дің Исаның бұл сөздерін мүлдем түсінбегені. Иса бір күні, керемет бір оқиғадан кейін шәкірттеріне сол туралы еш­теңе айтпауды бұйырған еді: «Таудан түсіп бара жат­қанда Иса оларға, көктен келген Билеуші өлімнен қайта тірілгенше, бұл көргендері туралы ешкімге тіс жар­мау­ға бұйырды. Үшеуі осы айтылғанды естеріне сақтап, «өлім­нен қайта тірілгенше» деген сөздің мәнін өзара сұрасты» (Марқа 9:9-10).

Иса тірі жүргенде шәкірттері Оған толығымен сенсе де, Ол өлгеннен кейін оларда ешбір қайрат-жігер қалмады. Шәкірттері Исаның өлімнен қайта тірілетіні жайлы мүл­дем ойлаған жоқ.

Сөйтіп, Оның өлімінен кейін, екі шәкірті бір күні жол жүріп кетіп бара жатқанда оларға басқа бір жолаушы ұшырасады. Жолаушы олардың көңілдерінде бір уайым бар екенін байқайды. Сұрастыра келе, олар Исаның өлі­міне қайғырып жүргендерін айтады. Екі шәкірттің бірі жолаушыға:

— Иерусалимге келген, бірақ осы күндері онда не бол­ғанынан еш хабары жоқ жалғыз Сіз шығарсыз? — деген сұрақ қойды. Жолаушы:

— Не болған еді? — деп сұрады. Олар былай жауап берді:

— Назареттік Исамен болған нәрсені айтамыз. Ол Құдай алдында да, бүкіл халық алдында да сөзімен де, ісімен де құдіретті Пайғамбар болды. Алайда біздің бас­ты діни қызметкерлер мен рубасыларымыз Оны өлім­ге кестіру үшін ұстап беріп, айқышқа шегелетіп өлтіртті. Ал біз, Исраил елін Құтқарушы — Сол деп үміттенген едік (Лұқа 24:17-21).

Шәкірттер «үміттенген едік» деді. Демек, олардың енді үміттері қалған жоқ деген сөз. Олар бұрын үміт­тенген еді, бірақ Иса өлген соң, олардың үміттері де үзілді.

Содан соң бір ғажап нәрсе болды. Жолаушы адам оларға: «Ей, түйсіксіз шабандарым-ай, пайғамбарлар­дың алдын ала айтқандарының бәріне шын жүректен сенбе­ген­сіңдер! Мәсіх Өзінің салтанатты ұлылығына енуі­нен бұрын осындай азаптарды көруге тиіс емес пе еді?!» — деп, бүкіл Таурат, Забур, Пайғамбарлар жазбаларында Мәсіхтің өлімі мен қайта тірілуі туралы алдын ала айтылған пайғамбарлык сөздерді түсіндіріп берді. Ең соңын­да жолаушы кісі оларға өзінің кім екенін де ашып көрсетті: олар танымай тұрса да, Бұл Исаның Өзі еді! (Лұқа 24:25-31)

Көп ұзамай, әлгі екі шәкірт Иерусалимдегі басқа шәкірт­термен кездескенде, Исаның тағы бір шәкірті — Шимон Петірге көрінгендігі туралы естіді (Лұқа 24:34). Олар осы оқиғалар туралы сөйлесіп тұрғанда, «Иса Мәсіх­тің Өзі жинал­ғандардың орта­ла­­рына келіп, тұра қалды да, оларға: «Сендерге амандық пен тыныштық бол­сын!» деп батасын берді. Олар қатты абыржып, қор­қып, елес көріп тұрмыз деп ойлады. Бірақ Иса:

— Неге абыржып тұрсыңдар? Көңілдеріңе неге он­дай шүбә­лы ой келеді? Қол-аяғыма қа­раң­дар: бұл — Менің Өзім. Маған қол тигізіп денемнің шынайы екеніне көз жеткізің­дер! Елес­­тің еті мен сүйе­гі болмайды ғой, — деді де, қол-ая­ғын көрсетті.

Олар қуаныштан әлі де сенбей таңыр­қап тұрғанда (Көріп тұрсың, шәкірттер де оп-оңай сене қоятын адам­дар болған емес! Өзің сияқты, олар да сенімді дәлелдер келтірілмей тұрып, Исаны өлімнен қайта тірілді деген­ге сенбей тұрды!) Иса:

— Жей­тін бір нәрселерің бар ма? — деп сұра­ды. Шәкірттері қуырылған балықтан бір үзіп берді. Иса оны алып, көз­дерін­ше жеді» (Лұқа 24:36-43).

Исаның шәкірттерінің бірі, Тома, айрықша күмән­шыл адам болатын. Қайта тірілген Исаны басқа шәкірттер өз көздерімен көріп, соны Томаға айтса да, ол бәрібір бұған сенуден бас тартты. Тіпті басқа шәкірттер: «Біз Иемізді көрдік!» дегенде де, ол: «Мен Оның қолдары­нан шегелердің орнын көр­ме­сем, саусағым­мен шеге­лер­дің орнын сипап, бүйі­рін­дегі тыр­ты­ғын қолым­мен ұстап көрмесем, Оның тіріл­геніне еш сен­беймін», — деп жауап берді (Жохан 20:25).

Содан сегіз күн өткен соң, шәкірттер­дің бірі жиналған­да, Иса кенеттен олардың арасында пайда болды. Ол Томаға жақындап келді де, оған: «Менің қолыма саусақ­тарыңды тигі­зіп қара, алақаныңды бүйі­рі­ме қой және сенім­сіз болмай, сене­тін бол!» — деді. Осылайша бұл күмәншыл да сеніп, Исаға: «Ием менің, Құдайым менің!» — деп мойынсұнды (Жохан 20:26-28).

Лұқа өзінің бірінші жазбасында Исаның өмірі мен тілі­мін тәптіштеп баяндаса, екіншісінде Исаның өліп, қайта тірілгенінен кейін шәкірттерінің істегендері туралы жазды. Осы екінші жазбасының басында ол өз оқыр­ма­ны Теофилге Исаға сенудің себептерінің қандай күшті екені туралы жазады: «Қымбатты Теофил! Бірінші кітабым­да мен Иса қызметіне кі­ріс­кен уа­қыт­тан бастап, Оның көкке көтерілген күніне дейінгі аралықта не істеп, не үйреткені туралы түгел баян­дадым. Ол көте­ріл­мес бұрын Киелі Рухтың жете­леуімен таңдап алған елші­­леріне нұсқау­ла­рын берді. Азап­та­лып өлгеннен кейін оларға адам сенетін көп дәлел­дер арқылы Өзінің тірі еке­нін көр­сетті: қырық күн бойы елшілеріне көрініп, Құдай Пат­ша­лығы туралы айтып жүрді» (Елшілер. істері 1:1-3).

Исаның шәкірттері айтқан сөзге оп-оңай сене сала­тын адамдар болған емес! Исаның өлімнен қайта тіріл­гені­не көз жеткізу үшін олар соның «адам сенетін көп дәлел­дерін» талап етті. Ал бұның ақиқат екендігіне көздерін жеткізген соң олар бар өмірлерін осыны бүкіл адам­зат­қа білдіруге бағыштады.

 

 

Құдай шынымен бар ма?

Адам негізінде білімге қалай ие болады?

Тағы да — Құдай шынымен бар ма?

Құдай қандай?        

Құдай бар болса, неліктен жамандық та бар?

Сонда атеизм, агностицизм және гуманизм туралы не деуге болады?

Исаға деген сенімнің дәлелдемелері қандай?

Иса шынымен Кім еді?

Керемет, ғажап істердің болуы мүмкін бе?

Иса шынымен қайта тірілді ме?

Ал егер бұны шәкірттердің өздері ойлап тапса ше?

Деректерді басқаша да түсіндіруге болмай ма?

Иса Құдайға апаратын жалғыз жол ма?

Мәсіхке тиісті барлық пайғамбарлық сөздерді Иса орындай алды ма?

Діндердің барлығы да бір нәрсені үйретпей ме?

"Үшбірлік" деген сөз нені білдіреді?

Құтқарушы Иса туралы естімегендермен не болады?

Тозақ шынымен бар деп сенесің бе?

Ендеше сенушілер неге дүниенің көпшілігі емес?

Киелі кітаптың шынайы екенін қайдан білесің?

Киелі кітап пен ғылым өзара сыйыса ма?

Киелі кітап тарихқа сәйкес келе ме?

Исаның атымен аталғандардың жаман қылықтары жоқ па?

Исаға сенім артасың ба?

Құдай мені шынымен кешіре ме

Ал егер сенімім жетпесе ше?

Мен қалай рухани өсе аламын?

Рухани өсуде Киелі кітаптың алатын орны

Рухани өсуде мінажат етудің алатын орны

Рухани өсуде Құдайға мойынсұнудың алатын орны

Рухани өсуде қауымның алатын орны

Рухани өсуде Иса туралы басқалармен бөлісудің алатын орны

Исамен байланыста рухани өсу