uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

СОНДА АТЕИЗМ, АГНОСТИЦИЗМ ЖӘНЕ ГУМАНИЗМ ТУРАЛЫ НЕ ДЕУГЕ БОЛАДЫ?

Енді сені түсініп келе жатқан сияқтымын. Деген­мен осының бәрі маған әлі аяғына дейін анық емес. Мысалы, атеистер, агностиктер және гуманистер туралы не ойлайсың?

Өзің де көз жеткізіп тұрсың, атеизм шындықтан алыс жатыр, өйткені әлемді жобалап Жаратқан Біреудің бар екенін жаңа ғана дәлелдедік. Ал атеистер «күллі ғалам­да Құдай тәрізді ешнәрсе жоқ» дейді. Шындығында бұны тек бәрін білетін біреу ғана біле алады, ал бәрін Білуші — жалғыз Құдай ғана. Сондық­тан егер атеист ұстанған ілімін ой елегінен өткізсе, өзін Құдайдың орнына қой­ғанын түсінер еді!

Агностицизммен де дәл осылай: оны ұстанушылар дүниені және оны Жаратушыны тану еш мүмкін емес деп айтуларымен өздерін толық білімге иеміз дейді.

Атеизм мен агностицизмнің қателігі осыдан-ақ көрі­ніп тұр. Екеуіміз сияқты мәселелерді тәптіштеп талқы­ла­ған әркімге де бұл айдан анық. Сен Құдай­дың бар екенін мойындадың, демек, енді өзіңді атеис­пін дей ал­майсың. Әйтпесе сен қазір ғана жасаған тұжы­рым­да­рың­нан бас тартар едің. Алайда бұл — ар-ұж­дан­ың­ның алдында адал болмас еді.

Сонда мәселені біз сияқты талқыламағандарды қай­те­міз? Олар агностик не атеист болса, несі жаман?

Ештеңесі де. Алайда Құдайдың бар екендігі туралы естігенде, олардың қалай әрекеттенгендері маңызды. Әңгіме солардың екі түрі барында: Құдайдың бар-жоқ­ты­ғын білмейміз деушілер және білмейтін біз ғана емес, бүкіл дүниеде ешкім де біле алмайды деушілер. Осы екінші тобы басқа адамдардың ойларын білеміз деумен қатар нені білуге болатыны не болмайтыны бізге айқын дегенді де басым айтады. Өзінің осындай пікірін дәлел­дей алатын адамды ешқашан кездес­тір­ген емеспін.

Ал агностиктердің алғашқы тобы өздерінің Құдай­дың бар-жоғын білмейміз дегендеріне сәйкес басқа адам­дар­дың Құдай бар деген дәлелдемелерін терең зерт­теп, белгілі бір қорытындыға келуге тиіс. Себебі өзінің бір нәрсені білмейтінін мойындаған әркімнің білетін басқа кісілердің көзқарастарымен санасуы — нағыз парасат­ты­лық.

Бұл ақылға сыйымды. Алайда гуманизмді қайтеміз?

Қайта өрлеу дәуірінде «гуманизм» деген ұғым адам­ның және оның шығармалары: әдебиет, ән-күй, сурет, сәулет өнері сияқты көркем өнерлер әрі барлық ғылым­дар — зерттеуге тұрарлық салалар дегенді ұстанатын. Қазіргі заманда бұған ешкімнің күмәны жоқ, бірақ бір кезде көпшілік тек Құдай және Оның шығар­ма­лары, яғни діни пәндер ғана зерттеуге тұрарлық деген пікірде болды. Әуел баста «гуманизм» жұртшылыққа діннен бас­қа салаларды да зерттеген дұрыс дегенді ескертті. Бұған өте ризамыз.

Алайда адамдардың өздерін гуманиспіз деп атаула­ры­­ның басқа да мәнісі бар. Олар: «Адам баласы өзіне қажет нәрселермен өзін толықтай қамтамасыз етіп, бар­лық мәселелерін де Құдайсыз-ақ шеше алады» деп сенеді. Әлбетте, адам баласы көптеген мәселелерін өз бетімен шеше алатыны даусыз. Бірақ өзінің күнә жа­сауына және онысын Құдайдың жазалауына бай­ла­ныс­ты мәселе­лерін оның өз жеке басы шеше ал­майды.

Сенушілер гуманизмнің алғашқы түрін құшақ жая қабылдайды, ал екіншісін жоққа шығарады. Себебі бұл көзқарас ең ұлы Тұлғаны — Жаратушының Өзін мойын­дамай, адам баласының орнын жарамсыз дәрежеде жоға­рылатады.

Ербол, бірақ бұл да әлі «Құдай шынымен бар» немесе «сенушілердің ілімі — ақиқат» дегенді білдірмейді ғой. Мүмкін, сен тек осыларыңның шындық екенін тілеп, солай деп есептеген шығарсың?

Жоқ, олай емес. Солай тілегенімнің өзі де оның не шынайы, не шынайы еместігін білдірмейді. Неге десең, сенің тілегенің кейде іске асады, солай емес пе? Пікі­ріміз шындық па, қате ме деген сұраққа тілектерімізді ескермей жауап беру керек.

 

 

Құдай шынымен бар ма?

Адам негізінде білімге қалай ие болады?

Тағы да — Құдай шынымен бар ма?

Құдай қандай?        

Құдай бар болса, неліктен жамандық та бар?

Сонда атеизм, агностицизм және гуманизм туралы не деуге болады?

Исаға деген сенімнің дәлелдемелері қандай?

Иса шынымен Кім еді?

Керемет, ғажап істердің болуы мүмкін бе?

Иса шынымен қайта тірілді ме?

Ал егер бұны шәкірттердің өздері ойлап тапса ше?

Деректерді басқаша да түсіндіруге болмай ма?

Иса Құдайға апаратын жалғыз жол ма?

Мәсіхке тиісті барлық пайғамбарлық сөздерді Иса орындай алды ма?

Діндердің барлығы да бір нәрсені үйретпей ме?

"Үшбірлік" деген сөз нені білдіреді?

Құтқарушы Иса туралы естімегендермен не болады?

Тозақ шынымен бар деп сенесің бе?

Ендеше сенушілер неге дүниенің көпшілігі емес?

Киелі кітаптың шынайы екенін қайдан білесің?

Киелі кітап пен ғылым өзара сыйыса ма?

Киелі кітап тарихқа сәйкес келе ме?

Исаның атымен аталғандардың жаман қылықтары жоқ па?

Исаға сенім артасың ба?

Құдай мені шынымен кешіре ме

Ал егер сенімім жетпесе ше?

Мен қалай рухани өсе аламын?

Рухани өсуде Киелі кітаптың алатын орны

Рухани өсуде мінажат етудің алатын орны

Рухани өсуде Құдайға мойынсұнудың алатын орны

Рухани өсуде қауымның алатын орны

Рухани өсуде Иса туралы басқалармен бөлісудің алатын орны

Исамен байланыста рухани өсу