uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

ҚҰДАЙ БАР БОЛСА,
НЕЛІКТЕН ЖАМАНДЫҚ ТА БАР?

Ербол, тоқтай тұр! Біз Исаға ауыспай тұрып, Құдай туралы ойдың өзін аяғына дейін түсініп алайық. Құдай аса құдіретті дейсің, Оның ізгілікті жарылқаушы еке­ні­не де сенетініңді мен білемін. Олай болса, жамандық қайдан шықты? Аса құдіретті және бәрін жарылқаушы Құдай жамандыққа жол бермес еді ғой?! Ал егер жаман­дық бір кезде пайда болған болса, Құдай оны баяғыда-ақ құртпас па еді?! Егер сен сенетін Құдай бар болса, онда неге жамандық бар?

Бұл — өте орынды сұрақ. Шынында менің осы сұрақ­қа беретін жауабыма Исаның тікелей қатысы бар. Бірақ әзірше әдеттегі логиканы пайдалана тұрайық.

Сонымен Құдайға сенуші біздер «Құдай бар, Ол шек­сіз құдіретті, шексіз білгір әрі тұтастай ізгі» және «Дүниеде жамандық бар» деген пікірлердің логикалық жағынан сыйымды екенін, яғни бір-біріне қайшы келмейтінін көр­сетуге тиіспіз. Сол үшін бірінші пікірге қайшы кел­мейтін әрі екіншісін де қамтитын үшінші бір қағиданы алсақ, бұны дәлелдей аламыз. Басқаша айтқанда, егер біз «Б» мен «А»-ның бір-бірін жоққа шығармайтынын және «Б»-ның «Ә»-ні қамтитынын көрсетсек, «А» мен «Ә»-нің өзара қаншалықты қайшы болып көрінсе де, бір-бірімен сыйысатынын дәлелдейміз. 

Енді мынадай бір үшінші қағиданы ұсынғым келіп тұр: «Құдайдың дүниені рухани жағынан ерікті тір­ші­лік ие­лері мекендейтін етіп жаратқаны оны соларсыз жарат­қанынан гөрі артық».

Ербол, кешірерсің, бұл үшінші пікірдің алғашқы екеуін қалай байланыстырып тұрғанын ұқпай тұрмын.

Мұрат, сені кінәлай алмаймын, бұл бір дегеннен бай­қала қоймайды. Осы пікірге бірігіп ой жүгіртіп көрейік­ші: «Құдайдың дүниені рухани жағынан ерікті тіршілік иелері мекендейтін етіп жаратқаны оны соларсыз жарат­қанынан гөрі артық». Бұның ішінде тағы қандай мағы­на бар?

Алдымен «рухани жағынан ерікті тіршілік иесі» деген­­нің не екенін анықтап берші.

Рухани жағынан ерікті, яғни ерік бостандығы бар тір­шілік иесі кез келген уақытта өз еркімен жақсы немесе жаман іс істей алады және шешім қабылдауға оны еш нәрсе мәжбүрлемейді. Ïғни, осы тіршілік иесі­нің жаман­дық істеу не істемеуге мүмкіншілігі бар.

Сонымен, Құдайдың дүниені рухани жағынан ерікті тіршілік иелері мекендейтін етіп жаратқаны шынымен артық болса, онда бұл жайт жамандық атымен жоқ дүние­ден гөрі жамандық мүмкіндігі бар дүниені жара­ту­дың артық болғандығын көрсетеді.

Рухани жағынан ерік бостандығының болуы оның бол­мауы­нан неліктен жақсы?

Бұны маған өзің айтшы! Сенде осы ерік бостандығы бар ғой. Бұл — адамдар сені игі істерің үшін мақтап, жасаған жамандығың үшін сөге алатындығын білді­ре­ді. Ал, мысалы, балғаның ондай бостандығы жоқ. Балға­мен қандай сұмдық іс істелінсе де, болған іске оны кінә­лай­ын деген ой ешкімнің басына да келмейді. Балғамен бір жақсы нәрсе істелінсе де, ешкім оны мақтамайды. Енді айтшы, мына екі жағдайдың қайсысын артық көрер едің: әлде өз болмысыңда қалып, жақсылық не жамандық істеу мүмкіндігің бар өзіңді мақтағанды не сөккенді ме? Жоқ, әлде жақсылық та, жамандық та қолыңнан кел­мей­тін, не алғыс, не сөгіс айтуға тұрмайтын, ешбір еркі жоқ балға болғанды ма?

Әрине, балға болғанша, өз қалпымда болғаным артық. Ерік бостандығының болмағанынан гөрі оның болғаны әлде­қайда жақсы, мұнымен келісемін.

Жарайды. Сонымен Құдайдың Өзі игілікті болса және дүниені ерік бостандығы бар тіршілік иелерімен жарат­қаны оны соларсыз жаратқанынан гөрі артық болса, онда бұл жайт Құдай кез келген бір әлемді жаратуға шешім қабылдаса, оны рухани жағынан ерікті тіршілік иелері мекендейтін дүние етіп жаратқаны дұрыс екен дегенді білдіреді. Ал мұндай дүниеде жамандықтың болуы да мүмкін. Осылайша біздің «Құдай бар және Ол шексіз құдіретті, шексіз білгір және тұтастай ізгі» деген ал­ғаш­қы пікіріміз «Құдайдың дүниені рухани жағы­нан ерікті тіршілік иелері мекендейтін етіп жаратқаны оны соларсыз жаратқанынан гөрі артық» деген үшінші қағи­дамызға ешбір қайшы келмейді. Ал үшінші қағида «Дүниеде жамандық бар» деген екіншісін де қамтиды. Сонымен Құдайдың болуы мен жамандықтың болуы бір-бірімен логикалық жағынан сыйысып тұр.

Ал неге Құдай жамандықты құртып, оның қайтадан пайда болуының алдын алмайды? 

Әрине, Құдай оны да істей алар еді, бірақ мұны­сы­мен Ол адамдардың ерік бостандығын алып қойған болар еді. Құдай жамандық болуы мүмкін емес дүниені де жарата алар еді, бірақ мұндай дүниеде рухани жағынан ерікті тір­шілік иелері бола алмас еді.

Сондықтан екі-ақ мүмкіндік бар: не жамандықтың болуы да мүмкін жақсы дүние, не жамандығы да жоқ, жақсылығы да жоқ, рухани жағынан бейтарап дүние. Ал мұндай дүниеде, әрине, сен екеуіміз бола алмаймыз. Сонымен, қай дүниені артық көресің: өзіңе де орын бар дүниені ме, әлде өзің жоқ дүниені ме?

Әрине, өзім болатын дүниені қалаймын. Енді көзім жет­ті: Ізгі Құдайдың болуы жамандықтың да бар болуын жоққа шығармайды. Бірақ Құдай жамандыққа да қандай мақсаттармен мүмкіндік берді?

Біріншіден, әрине, жақсы дүниені жаратудың бірден-бір жолы осы болатын. Алайда жамандыққа да мүмкін­дік бергендегі Құдайдың мақсаты қандай еді? Сенуші­лер Құдайдың бұл дүние, әсіресе, жеке адамдар жайын­дағы ниеттерінің орындалуына тіпті жамандық та үлес қосуға тиіс деп есептейді. Мысалы, дүниеде ешқандай жамандық бол­маса, кейбір игілікті қасиеттер мен істер де пайда бола алмас еді. Мәселен, адам ешқандай жамандық іс­темесе, оған кешірім жасаудың да қажеті жоқ. Солай емес пе? Ал кешірімділік адамгершіліктің өте ізгі қасиет­терінің бірі. Бірақ дүниеде жамандық болмаса, бұл ізгі қасиет те болмас еді. Сондай-ақ, біреу жазалауға тұра­тын жаман­дық істемесе, ешкім рақымдылық танытпас та еді. Соны­мен қатар азап шеккен адамның қайғы­сы­на ор­тақ­тасып, жана­шырлық білдіре алмас едік. Себебі дүниеде жаман­дық болғанда ғана адамдар азап шеге алады. Ал қайғыға ортақтасу да жоғары дәрежедегі ізгілік емес пе? Сөйтіп жамандықтың болуы осылардың және тағы басқа көп­те­ген ізгі қасиеттердің көрінуіне мүмкіндік береді. Сондықтан Құдай, бір жағынан, ұлы ізгі қасиет­тер көрін­сін деп жамандыққа мүмкіндік берді, ал жаман­дық­сыз олардың көзге түсуі мүмкін болмас еді.

Егер дүниеде жамандық болмаса, тағы бір ізгі қасиет, тіпті ең ұлысы, еш уақытта көріне алмас еді: Бұл — Құдай­дың біз жасаған күнәның жазасын өз мойнына алуы. Бізге тиісті жазаны Ол Өзі тартты! Ойлап қара­шы: адам істеген істердің қайсысы зор мақтауға лайық? Басқа­ларды құтқару үшін өз еркімен өмірін қиî емес пе? Өзін-өзі осылай құрбан ету — ең ұлы ізгілік. Адам­дар­дың өмірін құтқару үшін Мәсіхтің кейпінде Өзін құр­бан еткен Құдайдың құрбандығы құрбандықтардың ішін­дегі ең ұлысы.

Бұдан мен ешқандай мағына көріп тұрған жоқпын. Мұндай құрбандық неге қажет болды? Құдай адамдар­дың өмірін құтқарды дегенде нені айтқың келіп тұр? Оларды неден құтқару керек еді?

Оларды жамандықтың екі түрінен — күнә мен азап­тан құтқару керек болды. Адамдардың бәрі де күнәкар: біз бәріміз де жаман істер істеп жүрміз ғой. Жаман­дық жасау мүмкіндігінің себебі біздің ерік бостан­дығы­на ие болғандығымыздан. Мұны өзіміздің әрі басқалардың өмі­рінен де көреміз.

Әділдік жамандықты жазалауды талап етеді. Жаза­лау дегеннің астарында азап бар. Ал азап дегеннің өзі де бір жамандық қой: бір жамандық екінші бір жаман­дық­тан туындайды. Сондықтан Құдай екі нәрсені сыйысты­руға тиіс болды — біріншіден, Ол ешқашан да әділ­дік­ті бұз­байды, бұл Оның қасиеттеріне қарама-қайшы келген болар еді. Екіншіден, Құдай адамдарды жамандықтың жаза­сы­ның азабынан құтқармақ болды. Ол осы екі мақ­сатын Мәсіхтің адам болып дүниеге келіп, біздің орнымызда күнәларымыз үшін азап шегіп құрбан болуы­мен жүзеге асырды.

Бірақ, менің ойымша, адам болмысы негізінен жаман емес, жақсы ғой.

Мәселе адамның ешбір күнә жасамауында. Сен ылғи керектіні ғана істеп, істеуге болмайтын еш нәрсені істе­меймін деп айта аласың ба? Өмір бойы бір рет те жаман­дық жасамадым дей аласың ба? Еш уақытта өті­рік айт­пай, ешкімді алдамай, басқаның затын ұрламай, бірде-бір адамды жек көрмей келесің бе?

Жоқ, мен күнәкармын.

Осы жерде біз Исаның ісінің аса маңыздылығына және Құдайдың жамандыққа не істегеніне оралайық. Адамды жамандықтан құтқаруы арқылы Құдай жамандық мәсе­­ле­сін шешті. Сонымен қатар Ол ешбір жамандық бол­ма­ған жағдайда ешкім біле алмайтын ізгі қасиеттерді дамыту мүмкіндігін бере отырып адамның жетілуі үшін жамандыққа мүмкіндік берді. Адамдар Құтқарушы Иса арқылы жамандықты жеңе алады. Исаның өлімі мен қайта тірілуі арқылы Құдай жамандықты жеңді! Бірақ әзірше Ол оны мүлдем жойған жоқ. БұлПауыл елші­нің сөзінен көрініп тұр: «Құдай әділетті, Ол Исаға сену­ші әр­кімді ақтап алады» (Рим. хат 3:26). Жамандықты жаза­лауында Құдай әділ болды. Сонымен қатар Ол Исаға сенгендерді ақтап алды. Қалайша? Құдай өз еркімен біз­дің орнымызды басқан Исаға бізге тиесілі жазаны артып, Исаның шексіз әділдігін бізге сыйлады. Бұны­мен келіскендерді Құдай ақтап алады.

 

 

Құдай шынымен бар ма?

Адам негізінде білімге қалай ие болады?

Тағы да — Құдай шынымен бар ма?

Құдай қандай?        

Құдай бар болса, неліктен жамандық та бар?

Сонда атеизм, агностицизм және гуманизм туралы не деуге болады?

Исаға деген сенімнің дәлелдемелері қандай?

Иса шынымен Кім еді?

Керемет, ғажап істердің болуы мүмкін бе?

Иса шынымен қайта тірілді ме?

Ал егер бұны шәкірттердің өздері ойлап тапса ше?

Деректерді басқаша да түсіндіруге болмай ма?

Иса Құдайға апаратын жалғыз жол ма?

Мәсіхке тиісті барлық пайғамбарлық сөздерді Иса орындай алды ма?

Діндердің барлығы да бір нәрсені үйретпей ме?

"Үшбірлік" деген сөз нені білдіреді?

Құтқарушы Иса туралы естімегендермен не болады?

Тозақ шынымен бар деп сенесің бе?

Ендеше сенушілер неге дүниенің көпшілігі емес?

Киелі кітаптың шынайы екенін қайдан білесің?

Киелі кітап пен ғылым өзара сыйыса ма?

Киелі кітап тарихқа сәйкес келе ме?

Исаның атымен аталғандардың жаман қылықтары жоқ па?

Исаға сенім артасың ба?

Құдай мені шынымен кешіре ме

Ал егер сенімім жетпесе ше?

Мен қалай рухани өсе аламын?

Рухани өсуде Киелі кітаптың алатын орны

Рухани өсуде мінажат етудің алатын орны

Рухани өсуде Құдайға мойынсұнудың алатын орны

Рухани өсуде қауымның алатын орны

Рухани өсуде Иса туралы басқалармен бөлісудің алатын орны

Исамен байланыста рухани өсу