uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

ТАҒЫ ДА — ҚҰДАЙ ШЫНЫМЕН БАР МА?

Бар деп ойлаймын. Біріншіден, екеуіміз жаңа ғана тәжі­рибеміздің негізінде «әлем жаратылған» деген қоры­тындыға келдік қой. Осы Жаратушыны «Құдай» деп атай­мыз.

Екіншіден, біз тәжірибемізге сүйеніп ойлау арқылы «әлемді осы бір орасан ақылдың иесі ойлап тауып, жарат­қан» деген қорытындыға келдік. Осы ақыл иесі — «Құдай».

Үшіншіден, Құдайдың бар екеніне сенеміз, себебі Ол бізге Өзінің бар екенін білдірген. Мұндай білдіруді қабылдау «беделді тәлімді қабылдау» дегенмен бірдей ғой. Біз жоғарыда айтып кеткендей, ол білімге ие болу­дың бір әдісі.

Төртіншіден, Құдайдың бар екеніне сенеміз, өйткені Оның адам болып дүниеге келгенін білеміз.

Тұра тұр, Ербол, бұл мен үшін тым көп. Неге мен осы­ның бәріне сенуге тиіспін?

Сен алғашқы екеуімен жаңа келістің ғой. Саған тек қана, біз «Құдай» дегенде әлемді ойлап шығарған Жара­ту­шыны айтамыз дегім келеді. Түбінде осы Жарату­шы­ны, әйтеуір, бір ұғыммен белгілеп, айтып жүруге қақы­мыз бар, ал ғасырлар бойы ойшылдар мұндай жағдайда «Құдай» деген ұғымды пайдаланып келеді.

Ал әлемнің Жаратушысы бар десек, осы Жарату­шы­ның Өзі қайдан шыққан?

Ол ешқайдан шыққан жоқ. Ол әрдайым бар болатын.

Онда неге «әлем әрдайым бар болатын» деп, Жара­ту­шы­ны керексіз қылмасқа?

Өйткені бұған дейін көз жеткізгеніміздей, Термо­ди­на­миканың екінші заңы (ұнтропия қағидасы) бұған қарсы тұрады, яғни материялық дүние мәңгілік бола алмай­ды: ол толықтай ретсіздікке ұмтылуда. Егер ол мәңгі сол бағытқа ұмтылған болса, онда ол әлдеқашан ретсіз­дік­тің ең жоғарғы дәрежесіне жеткен болар еді. Бірақ та ол сол дәрежеге жеткен жоқ, демек әлем сондай бағыт­пен мәңгі ұмтылып келген емес, яғни оның бір кезде жара­тылғаны даусыз.

Мейлі, бірақ бұл менің сұрағыма қанағаттанар­лық­тай жауап бермейді. Жаратқанның Өзі де басқа бір нәр­се арқылы жаратылған болса ше?

Мұрат, кез келген себеп пен салдардың тізбегінде өзі басқа бір себептің салдары болмайтын алғашқы себеп болу керек. Себеп-салдар тізбегі тұйық шеңбер бола ал­майды. Кері жағдайда әрбір салдар өзінің себебіне дейін де, одан кейін де болар еді. Бірақ бұл мүмкін емес.

Әрине, әлемнің пайда болу себебінің өзі басқа бір себеп­тің салдарынан туды деген болжамды негізінен жоққа шығармайды. Бірақ сенушілер әлемнің пайда болу себебі бастапқы екеніне және мұны Құдай Өзінің хабар­лары­мен дәлелдегеніне сенеді.

Логика мен тәжірибе өзі ештеңенің салдары емес бас­қа «бір нәрсеЛ, әйтеуір бір абсолîттік себептің бар болуы керек деген ой тудырады. Немесе «бір нәрсе» мәңгі бар болған, немесе ешбір нәрсе де бар бола алмайды.

Мұнда пәлсапаның «Себептілік қағидасы» туралы ай­тып отырмыз. Салдарлар өздерін-өздері түсіндір­мей­ді, олар өз­де­рінің бар екенінің себептерін білдірмейді де. Алайда әлем­нің пайда болуының әйтеуір бір себебі болу керек екенін білеміз: әуел баста әлем жоқ болатын, ол белгілі бір кез­де пай­да болды. Ендеше оны пайда бол­дыр­ған себеп­сіз, тәуел­сіз «бір нәрсеЛ, яки алғашқы себеп болу қажет қой.

Себеп пен салдар тізбегін ойша ұзарта бергенмен, қалай­да оның бастамасы болуға тиіс. Немесе ешқандай тізбек жоқ. Егер себеп-салдар тізбегінің бар екеніне сен­сек, онда сол тізбектің бастамасы болғанына да сенуі­міз керек. Платон мен Аристотелì сияқты ұлы ойшылдар тізбектің басын «себепсіз себеп» деп атаған. Біз, сену­ші­лер, осы «себепсіз себепті» Құдай деп атаймыз.

Алайда бұл ұғымның астарында бұдан да зор мән бар екенін түсінеміз. «Себепсіз себеп» дегеніміздің өзіндік қасиеттерін — Оның шексіз ақылды, мейірімді, әділ, игі­лікті және сүйіспеншілікке толы екендігін мойын­дай­­мыз. Оның жақсы қасиеттерінің тізімін әрі қарай жал­ғастыра беруге де болады.

 

 
 

Құдай шынымен бар ма?

Адам негізінде білімге қалай ие болады?

Тағы да — Құдай шынымен бар ма?

Құдай қандай?        

Құдай бар болса, неліктен жамандық та бар?

Сонда атеизм, агностицизм және гуманизм туралы не деуге болады?

Исаға деген сенімнің дәлелдемелері қандай?

Иса шынымен Кім еді?

Керемет, ғажап істердің болуы мүмкін бе?

Иса шынымен қайта тірілді ме?

Ал егер бұны шәкірттердің өздері ойлап тапса ше?

Деректерді басқаша да түсіндіруге болмай ма?

Иса Құдайға апаратын жалғыз жол ма?

Мәсіхке тиісті барлық пайғамбарлық сөздерді Иса орындай алды ма?

Діндердің барлығы да бір нәрсені үйретпей ме?

"Үшбірлік" деген сөз нені білдіреді?

Құтқарушы Иса туралы естімегендермен не болады?

Тозақ шынымен бар деп сенесің бе?

Ендеше сенушілер неге дүниенің көпшілігі емес?

Киелі кітаптың шынайы екенін қайдан білесің?

Киелі кітап пен ғылым өзара сыйыса ма?

Киелі кітап тарихқа сәйкес келе ме?

Исаның атымен аталғандардың жаман қылықтары жоқ па?

Исаға сенім артасың ба?

Құдай мені шынымен кешіре ме

Ал егер сенімім жетпесе ше?

Мен қалай рухани өсе аламын?

Рухани өсуде Киелі кітаптың алатын орны

Рухани өсуде мінажат етудің алатын орны

Рухани өсуде Құдайға мойынсұнудың алатын орны

Рухани өсуде қауымның алатын орны

Рухани өсуде Иса туралы басқалармен бөлісудің алатын орны

Исамен байланыста рухани өсу