uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

АДАМ НЕГІЗІНДЕ БІЛІМГЕ ҚАЛАЙ ИЕ БОЛАДЫ?

 Алдымен біздің кез келген білімге қалай ие бола­ты­ны­мызға көз жіберейік. Білімге ие болудың негізгі үш жолы бар: саналы ой, тәжірибе және беделді тәлім. Біз, сенушілер, бұған тағы төртінші әдісті қосамыз: Құдай­дың білдіруі. Шын мәнінде бұл үшінші жолдың бір түрі.

Нағыз саналы таным (мысалы, логика мен матема­ти­ка арқылы) зерттеген нәрсені толық дәлелдей алады. Ал тәжірибе мен беделге сүйенген таным толық күмән­сыз­дықты бере алмайтын «жуық» дәлел­дер­мен ғана қам­та­масыз ете алады. Дегенмен бұл олардың маңыз­дылы­ғын азайтпайды, толық дәлелдер бермей­тін­деріне қара­мас­тан, бәрібір оларға сенім артамыз.

Мысалы, жеке басыңның тәжірибесі саған қазір көше­ден өту қауіпсіз деп тұр. Бұл ойыңның дұрыстығына толық дәлелдерің болмаса да, көшеден сенімді түрде өте бересің. Мұнда өз тәжірибеңе толық сенесің, Мұрат. Біз күн сайын тәжірибемізге сеніп осы сияқты шешім­дерді қабылдауға мәжбүрміз. Мұндай мәселелерге кел­ген­де толықтай сенімділіктің болуы мүмкін емес.

Ол ол ма? Кейде біз үмітіміздің ақталуы екіталай бір нәрсеге сенім артамыз. Егер екі-ақ жол болып, біреуі біздің ойымызша сөзсіз апатқа ұшырататын, ал екіншісі құтылуға болар-болмас үміттендіретін болса, онда өзі­міз­ді толығымен екінші жолға сеніп тапсыра­мыз.

Мәселен, сен өртеніп жатқан ғимараттың төртінші қаба­тында тұрсың дейік. Сол жерде қалсаң, сөзсіз өр­те­ніп кететініңді білесің. Ал егер терезеден секірсең, он­да аяғыңды сындырып алуың шүбәсыз, тіпті құлап мерт болуың да мүмкін. Қалай болғанда да, өртеніп жатқан ғимарат қирай бастаса, өлімнен қашып құтылмайсың. Сонда не істейсің? Ең дұрысы, шығатын жері жоқ қауіп­тен гөрі, қауіпті болса да секіруді жөн көресің. Өрт ішіндегі анық өлімнен гөрі құтылуға деген қылдай үміт­­ті таңдап аласың.

Өрт сияқты ажал қаупі төнбесе, еш уақытта төмен секіруге бел бумас едің. Сонымен, сенің шешімің төн­ген қауіпке байланысты және бұл қауіп болар-болмас үмі­ті­ңе толық сенуге мәжбүр етеді. Қалыпты жағдайда мұн­дай үмітке сеніп қалмай, басқа бір сенімдірек амал іздер едің.

"Құдайдың бар екенін қалай дәлелдеуге болады?" деген сұраққа тек ақылға ғана жүгініп жауап беруге бол­май­ды, яғни тек логика және математика тілімен ғана жауап беру мүмкін емес. Бұл сұрақтың жауабын ақыл-санаға, тәжірибеге және беделді тәлімге сүйеніп табуға бола­ды. Келтірілген дәлелдер дормалды логика бойынша абсо­лот­тік (яки ешбір шартсыз) бола алмайды, бірақ Құдай­дың бар екеніне көз жеткізіп, Оған мойынсұнуымыз үшін сол дәлелдер жеткілікті. Осы сияқты басқа мәсе­ле­лерде де біздің шешіміміз ең алдымен әлдеқайда мүм­кін болатын нәрселерге негізделуге тиіс. Көбінесе біз барлық тұрғыдан қарағанда ешбір даусыз дәлел­дер­ді мәңгі күтіп отыра алмаймыз.

Ербол, бұл осылай болған күнде де сен Құдайдың бар екенін білдіретін көз жеткізерлік дәлелдер әлі де кел­тір­ген жоқсың. Тіпті солардың өзі бар ма екен?

 

 
 

Құдай шынымен бар ма?

Адам негізінде білімге қалай ие болады?

Тағы да — Құдай шынымен бар ма?

Құдай қандай?        

Құдай бар болса, неліктен жамандық та бар?

Сонда атеизм, агностицизм және гуманизм туралы не деуге болады?

Исаға деген сенімнің дәлелдемелері қандай?

Иса шынымен Кім еді?

Керемет, ғажап істердің болуы мүмкін бе?

Иса шынымен қайта тірілді ме?

Ал егер бұны шәкірттердің өздері ойлап тапса ше?

Деректерді басқаша да түсіндіруге болмай ма?

Иса Құдайға апаратын жалғыз жол ма?

Мәсіхке тиісті барлық пайғамбарлық сөздерді Иса орындай алды ма?

Діндердің барлығы да бір нәрсені үйретпей ме?

"Үшбірлік" деген сөз нені білдіредц?

Құтқарушы Иса туралы естімегендермен не болады?

Тозақ шынымен бар деп сенесің бе?

Ендеше сенушілер неге дүниенің көпшілігі емес?

Киелі кітаптың шынайы екенін қайдан білесің?

Киелі кітаптың шынайы екенін қайдан білесің?

Киелі кітап тарихқа сәйкес келе ме?

Исаның атымен аталғандардың жаман қылықтары жоқ па?

Исаға сенім артасың ба?

Құдай мені шынымен кешіре ме

Ал егер сенімім жетпесе ше?

Мен қалай рухани өсе аламын?

Рухани өсуде Киелі кітаптың алатын орны

Рухани өсуде мінажат етудің алатын орны

Рухани өсуде Құдайға мойынсұнудың алатын орны

Рухани өсуде қауымның алатын орны

Рухани өсуде Иса туралы басқалармен бөлісудің алатын орны

Исамен байланыста рухани өсу