uybet01

jumys

otbasy

otbasylink

dostar

ruhomir

omirmysal

jumislink

 

omirmysallink

 

dostarlink

 

 

 

 

 

senemfylym

suleymen

angyme

 

 

РУХАНИ ӨМІР

 

БІЛІМДІ АДАМ ҚҰДАЙҒА СЕНЕ АЛА МА?

 Алғы сөз

Құрметті оқырман! Құдайға сену дегеннің не екенін сіз сенушілердің өз аузынан естіп білуге қарсы емес шығарсыз. Құдайға сенбейтіндердің (атеистердің) дәлелдері көпшілік жағдайда сізді қанағаттандыра алмай жүр ме? Яки Құдайға деген сенімге ешқашан қызыққан жоқ­сыз ба? Әлде бір шешімге келмей тұрып кейбір қиын, түсініксіз мәселе туралы анық мәлімет алғыңыз келе ме?

Егер осы сауалдардың кез келген біреуіне ғана "иә, солай" деп жауап бере алсаңыз, қолыңызда ұстап тұрған кітаптың сізге арналғаны. Бұл еңбек сенім және ғылым жайлы сұрауға болатын сауалдардың бәріне де егжей-тегжейлі жауап бере алмағанымен, жиі кезде­се­тін сұрақтарға жауап берер. Ең болмағанда, сіздің сенім туралы ізденісіңізге ой салар деген үміттеміз.

Қолыңыздағы кітапты оқығаннан кейін сенімге соншалық қызығып, Киелі кітапты немесе "Құдай жолы құтты жол" деген шығарманы зейін қойып оқып шығарсыз. Сол топтамада Киелі кітаптан таңдап алынған бірқатар мәтіндер тарихта орын алған реттілікпен берілген. Мүмкін, Құдайға сенетін достарыңыздың бірі сізге сондай кітапты тауып берер. Оның ішінен тағы көбі­рек мәлімет табасыз.

Бұл кітаптың ішінде Інжілден үзінділер мен сілтемелер кездеседі. Олар мынадай түрде жазылған: Лұқа1:1-4. Мұндағы "Лұқа" — Лұқа жазған Ізгі хабарды, бірінші сан — оның тарауын, ал қос нүктеден кейінгі сандар — осы тараудағы аяттардың ретін көрсетеді. Осындай сілтемелер Киелі кітаптың қай жерінен екенін жылдам және оңай табу үшін ыңғайлы. Кітапты оқып шыққаннан кейін сенушілер туралы көбірек білгіңіз келсе, Құдайға сенетін кісілермен танысатын мүмкіндік табарсыз деп ойлаймыз.

Жалпы алғанда, сенімге апаратын жолыңызда кедергі болған кейбір теріс ұғымдарыңыздан арылуға бұл кітап көмектеседі және сенімге жақындау сіз ойлағаннан ана­ғұрлым жеңіл екеніне көзіңіз жетеді деген үмітпен осы еңбекті ұсынып отырмыз.

Құдай шынымен бар ма?>>>

 

 

 

 

 

Құдай шынымен бар ма?

Адам негізінде білімге қалай ие болады?

Тағы да — Құдай шынымен бар ма?

Құдай қандай?        

Құдай бар болса, неліктен жамандық та бар?

Сонда атеизм, агностицизм және гуманизм туралы не деуге болады?

Исаға деген сенімнің дәлелдемелері қандай?

Иса шынымен Кім еді?

Керемет, ғажап істердің болуы мүмкін бе?

Иса шынымен қайта тірілді ме?

Ал егер бұны шәкірттердің өздері ойлап тапса ше?

Деректерді басқаша да түсіндіруге болмай ма?

Иса Құдайға апаратын жалғыз жол ма?

Мәсіхке тиісті барлық пайғамбарлық сөздерді Иса орындай алды ма?

Діндердің барлығы да бір нәрсені үйретпей ме?

"Үшбірлік" деген сөз нені білдіреді?

Құтқарушы Иса туралы естімегендермен не болады?

Тозақ шынымен бар деп сенесің бе?

Ендеше сенушілер неге дүниенің көпшілігі емес?

Киелі кітаптың шынайы екенін қайдан білесің?

Киелі кітап пен ғылым өзара сыйыса ма?

Киелі кітап тарихқа сәйкес келе ме?

Исаның атымен аталғандардың жаман қылықтары жоқ па?

Исаға сенім артасың ба?

Құдай мені шынымен кешіре ме? 

Ал егер сенімім жетіспесе ше?

Мен қалай рухани өсе аламын?

Рухани өсуде Киелі кітаптың алатын орны

Рухани өсуде мінажат етудің алатын орны

Рухани өсуде Құдайға мойынсұнудың алатын орны

Рухани өсуде қауымның алатын орны

Рухани өсуде Иса туралы басқалармен бөлісудің алатын орны

Исамен байланыста рухани өсу