uybet01 jumys otbasy dostar ruhomir omirmysal
jumislink

 

  ruhomirlink omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
otbasy1
otbasy2
otbasy3
otbasy4
 
 
 
bizbay4 ch4
ОТБАСЫ
 

Сүю және мойынсұну

Тағы бір отбасылық міндет ерлі-зайыптылардың арасындағы қарым-қатынастарға байланысты. Құдай ер адамдарға өз әйелін Мәсіх қауымды сүйгендей сүю міндетін тапсырды. Сол сияқты, қауым Мәсіхке қалай мойынсұнса, әйелдер де өз жұбайларына солай мойынсұнуға тиісті (Інжіл). Әйелі барлар, жұмыстарың әйелдеріңе тиісті сүйіспеншілік көрсетуге кедергі келтіріп жүрген жоқ па? Әйелдер, ал сендердің жұмыстарың ше, өз күйеулеріңе тиісінше мойынсұнуға мүмкіндік бере ме? Күйеулер, мүмкін сендердің үйде аз болатындарың сонша, әйелдеріңе қай жағынан көмек-қолдау керек болып жүргенін де білмейтін шығарсыңдар? Жұмыстың көп уақыт алатыны сонша, тіпті өз отбасыңдағы рухани жетекші болуға да уақытың қалмайтын шығар? Мүмкін вахта бойынша жұмыс істеп, бірнеше күнге басқа жаққа кетуге мәжбүр шығарсын? Бұндай жұмыс отбасыңға қалай әсер етіп жүр? Осындай жұмыстың қиындығына төтеп бере алатындай күшті отбасылар аз. Қаншама көп болса да, көп жалақының өзі де отбасында ұзақ уақыт болмаудың орнын толтыра алмайды.

Балалар

Жаратқан Ие ата-аналарға өз балаларына қатысты да белгілі бір міндеттерді жүктеген. Біз балаларымызға тәрбие беріп, оларды тәртіпке үйретуге және Жаратқан Иенің тәлімін беріп өсіруге тиіспіз. Ол үшін балаларға уақыт бөлу керек, сонда олар біздің өмірдегі үлгімізге еліктеп, ал біз олардың мұқтаждықтарын біліп жүретін боламыз. Балалар тез есейеді, сондықтан жұмыс деп жүріп осы уақытты босқа жіберіп алу өте өкінішті болар еді. Біздің көбіміз мүлтіксіз деп айтуға келмейтін отбасыларда өскенбіз, сондықтан көп жағдайда еліктеуге лайықты адамды көбінесе көріп өскен жоқпыз. Ал біз осы қалыптасқан жағдайды өзгертуіміз керек. Балаларды сенімде тәрбиелеп өсіру шын мәнінде өте жауапты іс, сондықтан біз соған керекті даналықты Жаратқан Иеден сұрауымыз керек. Егер сіз отбасыңызды шынымен бағалайтын болсаңыз, онда тіпті жұмыс орнында өзіңізге ұсынылған қызметіңіздің өсуімен де бас тарта аласыз.

C.Ф.

 

 

 

 
 
 
ЖҰМЫС

Қаржыны жұмсаудың табысты жолдары

Өзіндік қаржы

Стресіңді табысқа айналдыр!

Сәтсіздік

Уақыт туралы түсініктер

ДОСТАР

Екі досым

Достық жайлы нақыл сөздер

РУХАНИ ӨМІР

Сенім және ғылым

Сүлейменнің нақыл  сөздері

Астарлы әңгімелер

ӨМІРДЕН МЫСАЛДАР

Жақында болады