uybet01

jumys

otbasy

otbasylink

dostar

ruhomir

omirmysal

 

ruhomirlink

omirmysallink

 

dostarlink

 

 

 

 

 

jumys1

jumys2

jumys3

jumys4

jumys5

 

 

ЖҰМЫС

 

Өзіндік қаржы

Адам өзінің кірісі туралы ойлаған кезде, онда мынадай орынды сұрақ пайда болады: ақшаның жеткілікті болуы үшін ол қанша болуы керек? Бұл сұраққа нақты жауап беру қиын. Түрлі адамдардың тұрмыс деңгейі, кірісі, қаржылық мақсаттары әртүрлі болады. Бұндағы басты сұрақ "Ақшам жалпы қанша болуы керек?" емес, "Менің жеке басыма керекті ақша мөлшері қанша?" "Мен қанша ақша жинауым қажет?" Әркім өзіне осы сұрақты қойып, оған жауап беруге дайын болуы керек.

 

Құдай сөзі Киелі кітаптан осы сұрақтың жауабын таба аламыз.

● Ер адам өз отбасын асырауға міндетті. Ол жалқау болмауға тиіс, керісінше ыждағаттылықпен жұмыс істеуі керек. Өмір сүруге қанша ақша жеткілікті деген сұраққа жауапты анықтаудың жолы осы ақша отбасын асырауға жеткілікті мөлшерден аз болмауы керек.

● Жұмысбастылыққа ұрынып, есінен танғанша жұмыс істеу де дұрыс емес. Отбасы, бала-шаға, жұмыс, демалу, т.б. сияқтылардың ешқайсысына нұқсан келтірмей уақыт бөлу керек.

● Отбасын асырау туралы айтқанда, оны асырау және қорғау сияқты екі нәрсені ажырата білу керек. Біз өз отбасыларымызды жай ақшамен қамтамасыз етіп қана қоймай, шын мәнінде асырауымыз керек, әйтпесе «ақша бар мәселені шешеді, тіпті қорғай да алады» деген түсінік туындайды.

● Отбасын асырауды дүниеқоңыздықпен шатастырмау керек. Адам баласы өзінің болашағын ойлап, қор жинауға тырысады. Бірақ адамның өмірі мен өлімі Құдайдың қолында екендігін естен шығармау керек. Сіздің өмір бойы жинап, жаратып үлгірмеген байлығыңыздан өзіңіізге не пайда? Құдай сізге қажеттіні беретін болады деп сеніңіз.

● Өз еңбегіңіздің жемісін пайдалана біліңіз. Ақшаны тек қажетті заттарды алу үшін ғана емес, демалу, сауық-сайран үшін де ақылмен жұмсай біліңіз.

(жалғасы "Қарыз")

 

 

 

 

 

 

 

 

ОТБАСЫ

Отбасы мен жұмысты үйлестіре білу

Отбасын асырау

Сүю және мойынсұну

Балалар

 

ДОСТАР

Екі досым

Достық жайлы нақыл сөздер

 

РУХАНИ ӨМІР

Сенім және ғылым

Сүлейменнің нақыл сөздері

Астарлы әңгімелер

 

Өмірден мысалдар

Жақында болады