uybet01

jumys

otbasy

otbasylink

dostar

ruhomir

omirmysal

jumislink

 

ruhomirlink

omirmysallink

 

 

 

 

 

екі достар

button02

 

 

ДОСТАР

 

Екі досым

Мен бір қиын жағдайда болдым. Өзімнің бір курстасыммен тіл табыса алмай жүрген едім. Не істесем де осы жағдай маған маза бермеді. Ал оқуымды әрі жалғастыра беруім үшін маған жан дүниемнің тыныштығы өте қажет еді.

 

Сол кезде есіме Серік түсті. Мен оны сегіз жылдан бері орта мектепте оқып жүрген кезімнен жақсы білемін. Біз бірде футбол ойнап жүріп танысқан едік. Уақыт өте Серік бірге туған ағамдай жақын болып кетті. Ол маған қаладағы қызық жерлерді көрсетіп, ал мен оған дәмді тағамдар сатылатын орындарды табуға көмектесетінмін. Серік университетке оқуға түсіп, мені де сонда шақырды. Оқуын бітірген Серік бұл күнде бір ірі кәсіпорында жұмыс істейді. Енді сол жерден өтіп бара жатып, Серікке кіріп шығайын деп шештім. Мені көріп, ол қатты қуанды.  

 

Амандық сұрасқаннан кейін оған жүрегімді ауыртып, мазамды алып жүрген мәселе жайлы бүкпесіз ашық айтып бердім.

— Жағдайдың бұлай жалғаса беруін қаламаймын. Асқарды көрсем болды, бойымды ашу керней бастайды. Мен оны, ол мені түсінбей-ақ қойдық. Біздің мінезіміз бір-бірімізден сондай алшақ. Мен жаңа істерді істеп, жаңа жолдарды табуға құштармын, ал ол болса нақты ережелер мен қатаң тәртіпті ұнатады. Біз биология зертханасында бірігіп тәжірибе жасауға тиіс едік. Жағдай өте жаман болды. Түкке тұрғысыз нәрселер туралы айтысып-тартысуға тура келді. Барлығы да Асқардың айтуымен істелуге тиіс. Барлығы да қаққан қазықтай түп-түзу болуы керек. Мен бұған көнемін. Одан басқа шарам бар ма? Бізге тәжірибемізді бітіріп, нәтижесін шығаруымыз қажет қой. Әйтсе де іштей қатты ашулы болдым. Тіпті қазірдің өзінде де сондаймын!

 

Серік үн-түнсіз тыңдап отырды. Маған оның байсалдылығы қандай ұнайды десеңізші! Аздан кейін ол менен:

Енді сен не істемекшісің? — деп сұрады.  

Міне, соны өзім де білмеймін! Егер онымен бірге тағы басқа да тәжірибелер жасап,  нәтижелері туралы бірігіп баяндама жасайтын болсақ, маған өте қиын болмақ!

— Сен Асқар туралы не білесің?

— Ол төрт жасқа толғанда әке-шешесінен айырылып, балалар үйінде тәрбиеленіпті. Ондағы ережелер қатаң. Өз ойындағы нәрселерді істеуге еркіндігі болмапты.

— Онда ол содан құтылып, еркіндік алуды үйренбеген тәрізді. Мүмкін, оған көмектесе алатын біреу сен шығарсың, — дегенде Серіктің көз жанарынан алыстағы арманға нұсқағандай сәулені көрдім. — Көбіне біз жай ғана өзімізді қажетсіз бұғаулардан босата алатын досқа мұқтажбыз. Бар болғаны осы-ақ.

 

Мен оған: «Жоқ, бұл менің жұмысым емес!» — деп қарсылық білдірмек болған сәтте есіме  Серіктің мен үшін қаншалықты жақсылық жасағаны түсе кетті. Менің де «өзіндік» аумалы-төкпелі мінезім бар болатын. Ал Серік соның бәріне де төзді.

 

Сол түні мен Асқармен де сондай боламын деп шештім. Оған шыдамдылық көрсету оңайға түсті деп айта алмаймын. Әйтсе де Серіктің қолдауымен барынша тырысып бақтым.

 

Асқар мұныма риза болды. Сол қыңыр мінезіне оның өзі де наразыланып, түңіле бастаған екен. Ал мен Асқардан тәртіптің пайдасының қандай екенін ұғындым. Бұл маған жұмысты жүйелі істеуді үйренуіме көмектесті. Онсыз мен қазіргі істеп жүрген жұмысыма қол жеткізе алмаған болар едім.

Серік, Асқар, менің қымбат достарым, маған көмектескендерің үшін көп-көп рақмет!

Достық жайлы нақыл сөздер

Шынайы дос әрдайым жақсы көрер,

Қиыншылықта бауырыңдай көмектесер 17:17

 

Бірін-бірі күйреткен доссымақтар бар,

Шынайы дос ағайыннан жақын болар. 18:24

 

Мырзаға жағынуға көп жұрт әуес,

Сыйлық бергенмен барлығы да «дос».  19:6

 

Ызақормен дос болма,

Ашушаңмен байланыспа.

 Әйтпесе өзің соған еліктейсің,

Тұзаққа түсіп, күйреп кетесің.

 

 Қол алысып, бөтеннің қарызына

Кепіл болатындай ақылсыз болма!

 Болмағанда төлейтін ақшаң

Төсегіңді тартып алар астыңнан. 22:22-24

 

Досыңның сөгуі шынайы,

Дұшпаныңның сүюі алдамшы. 27:6

 

Жұпар мен иісмай жүректі қуантар,

Адал кеңесімен дос ұнамды болар. 27:9

 

Бұлар «Данышпан Сүлейменнің нақыл сөздерінен» алынған.

Осы ежелгі танымал шығармаған ізгі өмір жайлы бұдан да көбірек мәліметтер таба аласыз.

басына>>

 

 

 

 

ЖҰМЫС

Қаржыны жұмсаудың табысты жолдары

Өзіндік қаржы

Стресіңді табысқа айналдыр!

Сәтсіздік

Уақыт туралы түсініктер

 

ОТБАСЫ

Отбасы мен жұмысты  үйлестіре білу

Отбасын асырау

Сүю және мойынсұну

Балалар

 

РУХАНИ ӨМІР

Сенім және ғылым

Сүлейменнің нақыл  сөздері

Астарлы әңгімелер

 

ӨМІРДЕН МЫСАЛДАР

Жақында болады